«Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 қаңтар 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасының музей қорын қалыпатастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13815 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 329) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Қазақстан Республикасының музей қорын қалыпатастыру және күтіп ұстау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 329) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау тәртібін айқындайды.»;

    3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Музей-қорық комиссиясы төрағадан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссия хатшысы музейдің-қорықтың құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері арасынан тағайындалып, комиссияның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.»;

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-не дейін тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар жөніндегі мәліметтерді осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдайды.».

    2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

    А. Балаева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.