Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 221 «Қостанай облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 221 «Қостанай облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» 2021 жылғы 4 мамырдағы № 221 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9897 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесінде:

    мынадай мазмұндағы реттік нөмірлер 36-1, 36-2-жолдармен толықтырылсын:

    «

    36-1
    «Қалам-Қарасу» оқшау су құбыры
    36-2
    «Сарысу» оқшау су құбыры

    ».

    2. «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулының Қазақстан Республикасының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қостанай облысының әкімі

    К. Аксакалов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.