Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидаларын және ұсынылатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомстваның ӘМ-де мем. тіркелуге жатпайтын бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 желтоқсан 2024 ж.

    Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидаларын және ұсынылатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. Мыналар:

    1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидалары;

    2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынатын салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен

    1) осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

    4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.

    5. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органның соңғы басшылары қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

    ______________ А. Балаева

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    _______________ М. Такиев

    Қазақстан Республикасы

    Мәдениет және ақпарат министрінің

    2024 жылғы _______№__ және

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2024 жылғы_______№__

    бірлескен бұйрығына

    1-қосымша

    Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға беру тәртібін айқындайды.

    2. Мәліметтер Салық кодексінің 30-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацына сәйкес бекітілген лауазымды адамдардың тізбесіне (бұдан әрі – Лауазымды адамдардың тізбесі) енгізілген үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға лауазымды адамдарына ұсынылады.

    3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органы болып табылады.

    4. Министрлігі осы Тізбеге енгізілген лауазымды адамдар жұмыстан шығарылған не өзге де болмаған жағдайларда Тізбеге өзгерістердің уақтылы енгізілуін қамтамасыз етеді.

    2-тарау. Мәліметтер беру тәртібі

    5. Мәліметтерді беру мынадай тәсілдердің бірінде:

    1) қағаз жеткізгіштерде;

    2) электрондық жеткізгіштерде;

    3) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл, сондай-ақ электрондық құжат айналымы жүйесі болған кезде, Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы жүзеге асырылады.

    6. Мемлекеттік кірістер органдары сұрау салуын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде мәліметтерді Министрлікке ұсынады.

    7. Министрлік осы бірлескен бұйрық шеңберінде алынған мәліметтерді өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін ғана пайдаланады.

    3-тарау. Мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету

    8. Министрлік осы Қағидалардың шеңберінде алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

    9. Мұндай мәліметтерге рұқсаты бар адамдар өздерінің міндеттерін атқару кезеңінде де, оларды атқарып болғаннан кейін де мәліметтерді жария етпеуге тиіс.

    10. Алынған мәліметтер мақсаттарға қол жеткiзгеннен және практикалық қажеттiлiгiн жоғалтқаннан кейiн Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында айқындалған тәртіппен жойылуға жатады.

    Қазақстан Республикасы

    Мәдениет және ақпарат министрінің

    2024 жылғы_______№__ және

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2024 жылғы_______

    №__бірлескен бұйрығына

    2-қосымша

    Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынатын салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесі

    Атрибуты
    Түрі (өлшемі)
    Форматы
    ҮЕҰ*-ның есепті кезеңдегі кірістері (сомасы, теңге)
    1
    БСН
    Сандық (12)
    0,..,9цифрлар
    2
    Салық төлеушінің атауы
    Мәтіндік (40)
    3
    МКБ коды
    Сандық (4)
    0,..,9цифрлар
    4
    МКД коды
    Сандық (2)
    0,..,9цифрлар
    5
    Депозит бойынша сыйақылар
    Сандық (12)
    0,..,9цифрлар
    6
    Гранттар
    Сандық (12)
    0,..,9цифрлар
    7
    Кіру жарналары
    Сандық (12)
    0,..,9цифрлар
    8
    Мүшелік жарналар
    Сандық (12)
    0,..,9цифрлар
    9
    Қайырымдылық көмек
    Сандық (12)
    0,..,9цифрлар
    10
    Демеушілік көмек
    Сандық (12)
    0,..,9цифрлар
    11
    Өтеусіз негізде алынған ақша және басқа мүлік
    Сандық (12)
    0,..,9цифрлар
    12
    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шарты бойынша алынған кіріс
    Сандық (12)
    0,..,9цифрлар
    13
    Барлық кірістер
    Сандық (12)
    0,..,9цифрлар
    ҮЕҰ*-ның есепті кезеңдегі шығыстары (сомасы, теңге)
    14
    Коммерциялық емес ұйымдарды күтіп-ұстау
    Сандық (12)
    0,..,9цифрлар
    15
    Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
    Сандық (12)
    0,..,9цифрлар
    16
    Ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру
    Сандық (12)
    0,..,9цифрлар
    17
    Сыйақы
    Сандық (12)
    0,..,9цифрлар
    18
    Қайырымдылық көмек
    Сандық (12)
    0,..,9цифрлар
    19
    Демеушілік көмек
    Сандық (12)
    0,..,9цифрлар
    20
    Кіру жарналары
    Сандық (12)
    0,..,9цифрлар
    21
    Мүшелік жарналар
    Сандық (12)
    0,..,9цифрлар
    22
    Өтеусіз негізде берілген ақша және басқа мүлік
    Сандық (12)
    0,..,9цифрлар
    23
    Барлық шығыстар
    Сандық (12) 
    0,..,9цифрлар
    Ескерту: аббревиатуралардың анықтамасы:
    БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі
    МКБ – мемлекеттік кірістер басқармасы
    МКД – мемлекеттік кірістер департаменті
    ҮЕҰ – Үкіметтік емес ұйым

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.