Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 28 қыркүйек № 237 «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4546 санымен тіркелген, «Шежірелі өлке» газетінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 44 (709) санымен жарияланған.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы
Ж. Утегенов
Аудандық мәслихаттың хатшысы
М. Жиенғазина
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.