Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы» 2022 жылғы 20 шілдедегі № 3/342 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 қаңтар 2025 ж.

    Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы» 2022 жылғы 20 шілдедегі № 3/342 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы» 2022 жылғы 20 шілдедегі № 3/342 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28868 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

    3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

    Алматы қаласының әкімі

    Е. Досаев

    Алматы қаласының

    әкімдігінің 2024 жылғы

    «__» ___________ №__

    қаулысына қосымша

    Алматы қаласының

    әкімдігінің 2022 жылғы

    «20» шілдедегі № 3/342

    қаулысына қосымша

    Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi

    р/с
    Мектепке дейінгі ұйымның түрі
    Тәрбиеленушілер саны
    айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)
    Айына бір балаға ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)
    1
    Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік)
    37 287
    55 659
    25 000
    2
    Бөбекжай-балабақша (жеке меншік)
    49 506
    55 659
    25 000
    3
    Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік бөбекжай-балабақшалардың жанындағы арнайы топтар)
    224
    100 163
    -
    4
    Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік бөбекжай-балабақшалардың жанындағы мектепалды топтар)
    40
    24 550
    -

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.