Ордабасы аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысын 25 пайыздан аспайтын көлемде белгілеу туралы.

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 желтоқсан 2024 ж.

    Ордабасы аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысын 25 пайыздан аспайтын көлемде белгілеу туралы.

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

    1. Ордабасын ауданының әкімдігі айқындаған шарттарда және тәртіпте Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысы 25% аспайтын көлемде белгіленсін.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихат төрағасы

    Б.Джумабеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.