Бәйдібек ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына және «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184104 тіркелген), Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бәйдібек ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
И. Туймебаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.