Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 87 «Ырғыз ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 421-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 87 «Ырғыз ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі
М. ДУАНБЕКОВ
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.