«Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 қаңтар 2025 ж.

    «Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11243 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    Аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, даярлау және тарту қағидаларында:

    2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Азаматтық қорғауды құралымдары – бейбіт және соғыс уақытында авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған азаматтық қорғау күштерінің ұйымдық-құрылымдық бірлігі (жасақтар, командалар, бригадалар, топтар, буындар, бекеттер).»;

    24-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

    «24. Азаматтық қорғау құралымдарын даярлау мыналарды қамтиды:

    1) үш жылда бір рет азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде құралымдардың (жасақтардың, командалардың, бригадалардың, топтардың, буындардың, бекеттердің) азаматтық қорғау құралымдарының командирлерін оқыту;

    2) «Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9509 болып тіркелген) бекітілген жұмыс орны бойынша азаматтық қорғау құралымдарының даярлаудың (қайта даярлаудың) оқу бағдарламасына сәйкес жеке құрамды оқыту;»;

    көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша алып тасталсын.

    2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    Ч. Аринов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.