«Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санатының жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы» бірлескен Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № A-8/1531 қаулысына және Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № С-36/4 шешіміне толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 желтоқсан 2024 ж.

    «Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санатының жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы» бірлескен Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № A-8/1531 қаулысына және Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № С-36/4 шешіміне толықтыру енгізу туралы

    Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санатының жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы» бірлескен Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № A-8/1531 қаулысына және Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № С-36/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7350 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:

    1 - тармақ келесі мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

    «16) жасына байланысты зейнеткерлерге - тегін жол жүру.».

    2. Осы бірлескен Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысы және Көкшетау қаласы мәслихатының шешімі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Көкшетау қаласының әкімі

    А.Кумпекеев

    Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы

    Д.Акимов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.