Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 желтоқсан 2024 ж.

    Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақкөл ауданының әкімдігі айқындаған тәртібі мен шарттарында «Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» және Ақкөл аудандық ішкі саясат бөлімінің «Ақкөл ауданы жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына 30 пайыз мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

    Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы

    С.Абаханов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.