«Квазимемлекеттік сектордың 2024 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 188 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 желтоқсан 2024 ж.

    «Квазимемлекеттік сектордың 2024 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 188 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Квазимемлекеттік сектордың 2024 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33859 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың 2024 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы

    Б. Омарбеков

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    міндетін атқарушы

    2024 жылғы 30 желтоқсандағы

    № 119 Бұйрыққа

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2023 жылғы 29 желтоқсандағы

    № 188 бұйрығымен

    бекітілген

    Квазимемлекеттік сектордың 2024 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі

    Р/с №
    Ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі
    Сырт­қы бо­ры­штың шек­ті кө­ле­мі,
    мил­ли­он тең­ге
    Сырт­қы бо­ры­штың шек­ті кө­ле­мі,
    мил­ли­он Аме­ри­ка Құ­ра­ма Штат­та­ры­ның дол­ла­ры*
    1
    2
    3
    4
    1
    «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ұлт­тық әл-ауқат қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
    5 741 720
    12 482
    2
    «Бәй­те­рек» ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
    2 319 780
    5 043
    3
    «Қа­зАв­то­Жол» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
    92 000
    200
    *Ескертпе: 1 Америка Құрама Штаттарының доллары үшін 460 теңге бағамы бойынша

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.