2025 жылға арналған балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 желтоқсан 2024 ж.

    2025 жылға арналған балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Білім туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» №381 бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қарағанды облысының әкімі

    Е. Бөлекпаев

    Қарағанды облысы әкімдігінің

    2024 жылғы 26 желтоқсандағы

    № 72/03 қаулысына қосымша

    2025 жылға арналған балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

    р/н
    Қосымша білім беру үйірмелерінің бағыттары мен атаулары
    2025 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны)
    Шығын құны
    бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге (теңге)
    ерекше білім беру қажеттіліктері бар бір балаға (теңге)
    Ғылыми-техникалық
    790
    1
    робототехника, физика және робототехника
    365
    20137
    35068
    2
    3Д модельдеу, компьютерлік графика, құрастыру, бағдарламалау
    370
    20137
    35068
    3
    лего - құрастыру
    55
    20137
    35068
    Көркемдік - эстетикалық
    605
    1
    арт - терапия
    260
    20137
    35068
    2
    қыш бұйымдары ісі, керамика, жапсырма, мүсін, керамикалық мүсін
    155
    20137
    35068
    3
    оригами, қағаздан жасалған қол өнер
    50
    20137
    35068
    4
    ағаштан көркем кескіндеме
    20
    20137
    35068
    5
    зергерлік өнер
    50
    20137
    35068
    6
    кесте тігу, тоқыма тоқу, тігу, макраме
    70
    20137
    35068
    Әлеуметтік-педагогикалық
    320
    1
    кәсіпкерлік негіздері
    100
    17423
    29641
    2
    журналистика, медиа орталықтар
    25
    17423
    29641
    3
    интеллектуалды ойындар клубы
    115
    17423
    29641
    4
    пікірсайыс қозғалысы, шешендік өнер
    80
    17423
    29641
    Гуманитарлық
    895
    1
    тіл курстары
    895
    17423
    29641
    Экологиялық - биологиялық
    290
    1
    флористика
    80
    20137
    35068
    2
    экожурналистика
    110
    20137
    35068
    3
    иппотерапия
    30
    20137
    35068
    4
    STEM зертханасы
    35
    20137
    35068
    5
    қоршаған ортаны зерттеуші
    35
    20137
    35068
    Жаратылыстану-математикалық
    400
    1
    математикалық курстар
    400
    17423
    29641
    Барлығы
    3300
    558 620 910

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.