Қарақия ауданының Құрық ауылының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 желтоқсан 2024 ж.

    Қарақия ауданының Құрық ауылының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы бірлескен қаулы және шешімге қосымшаға сәйкес, Қарақия ауданының Құрық ауылының шекарасы өзгертілсін және белгіленсін.

    2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қарақия ауданының әкімі

    С. Төретаев

    Қарақия аудандық мәслихатының төрағасы

    Ж. Қалаубай

    Қарақия ауданының әкімдігі

    2024 жылғы 31 желтоқсандағы

    № 23/196 мен Қарақия аудандық

    мәслихатының 2024 жылғы 27

    желтоқсандағы № 23/196

    бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша

    Қарақия ауданының Құрық ауылының шекарасының схемалық картасы

    Шартты белгілер:

    Құрық ауылының жерлері, жалпы ауданы 179283,5924 гектар

    Каспий теңізі

    Қарақия ауданының Құрық ауылының жерлерінің экспликациясы

    Атауы
    Ауданы, гектар
    Жерлерді қосқанға дейінгі Құрық ауылының шекарасындағы жерлердің ауданы
    166298,4
    Құрық ауылының шекарасына қосылатын жерлердің ауданы
    12985,1924
    Жерлерді қосқаннан кейінгі Құрық ауылының шекарасындағы жерлердің ауданы
    179283,5924

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.