Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қарашадағы «Бейімбет Майлин ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» № 282 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 желтоқсан 2024 ж.

    Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қарашадағы «Бейімбет Майлин ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» № 282 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қарашадағы «Бейімбет Майлин ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» № 282 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10312-10 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының 4 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «4. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.»

    2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

    Бейімбет Майлин ауданының әкімі

    К. Муржакупов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.