«Лисаков қаласының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қарашадағы № 503 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Лисаков қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Лисаков қаласының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қарашадағы № 503 қаулысына» Лисаков қаласы әкімдігінің қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10314-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 4 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.».
2. «Лисаков қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Лисаков қаласының әкімі
А. Ибраев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.