Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай:
1) қандастарды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасының саны 2 309 адам;
2) қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасының саны 7 344 адам болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.