Хромтау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 желтоқсан 2024 ж.

    Хромтау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Хромтау ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы

    Э. Б. Болатов

    Хромтау аудандақ мәслихатының

    2024 жылғы «24» желтоқсандағы № 271

    шешіміне қосымша

    Хромтау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

    Атауы
    Жинақталу нормасы
    Есептік бірлігі
    ҚТҚ бойынша қызметтердің құны (ҚҚС-сыз теңге)
    Барлығы (ҚҚС-сыз теңге)
    Жи­нау және та­сы­мал­дау
    Кө­му
    Сұ­рып­тау
    Абат­тан­ды­ры­л­ған үй ие­лі­гі
    1,71
    Айына 1 тұрғыннан
    258,61
    89,49
    50,08
    398,18
    Абат­тан­ды­рыл­ма­ған үй ие­лі­гі
    1,80
    272,22
    94,21
    52,71
    419,14
    Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар үшін бір­лі­гіне (кө­ле­міне) жыл­дық та­риф
    -
    1 м3
    1 814,86
    628,01
    351,41
    2 794,27

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.