«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 желтоқсан 2024 ж.

    «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:

    14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

    «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде өз құзыреті шегінде жеке тұлғалардың петицияларын қарау;»;

    15-тармақ:

    мынадай мазмұндағы 21-1), 21-2), 21-3), 21-4), 21-5), 21-6), 21-7) және 21-8) тармақшалармен толықтырылсын:

    «21-1) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

    21-2) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;

    21-3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тануға сұранысын қалыптастырады;

    21-4) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;

    21-5) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптік стандарттарды, салалық біліктілік шеңберлерді әзірлейді және (немесе) жаңартады;

    21-6) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекітеді;

    21-7) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;

    21-8) ғылыми-техникалық кеңесті құрады және оның ережесін бекітеді;»;

    мынадай мазмұндағы 156-1), 156-2), 156-3 және 156-4) тармақшалармен толықтырылсын:

    «156-1) жетекшілік ететін салалардың Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес іс-шараларды орындауға тікелей дайындығын ұйымдастырады, саланың соғыс уақытында орнықты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

    156-2) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібі мен нысандарын айқындайды;

    156-3) өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатына растама береді;

    156-4) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.