Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылының шекарасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3)-тармақшасына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулы және шешімге қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 9 516,9501 гектар Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылының шекарасы белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түпқараған ауданының әкімі
Р. Елтизаров
Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы
А. Нугманов
Түпқараған ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 257 мен Түпқараған аудандық
мәслихатының 2024 жылғы 26
желтоқсандағы № 22/116
бірлескен қаулы және шешімге қосымша
Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылының шекарасының схемалық картасы
Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылының жерлерінің экспликациясы
|
Атауы
|
Ауданы, гектар
|
|
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер
|
6752,0
|
|
Елді мекен жерлері
|
2633,9501
|
|
Босалқы жерлер
|
131,0
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.