Түпқараған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 7 қазандағы №162 және Түпқараған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 қазандағы №33/269 «Баутин ауылының шекарасын белгілеу туралы» бірлескен қаулысы және шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Баутин ауылының шекарасын белгілеу туралы» Түпқараған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 7 қазандағы №162 және Түпқараған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 қазандағы №33/269 бірлескен қаулысы және шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4006 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Түпқараған ауданының Баутин ауылының шекарасын белгілеу және өзгерту туралы»;
кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы бірлескен қаулы және шешімге қосымшаға сәйкес Түпқараған ауданының Баутин ауылының шекарасы белгіленсін және өзгертілсін.»;
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімге қосымша осы бірлескен қаулы және шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түпқараған ауданының әкімі
Р. Елтизаров
Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы
А. Нугманов
Түпқараған ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 256 мен Түпқараған аудандық
мәслихатының 2024 жылғы 26
желтоқсандағы № 22/115
бірлескен қаулы және шешімге қосымша
Түпқараған ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 7 қазандағы № 162 және
Түпқараған аудандық мәслихатының
2019 жылғы 7 қазандағы № 33/269
бірлескен қаулысы және шешіміне
қосымша
Түпқараған ауданының Баутин ауылының шекарасының схематикалық картасы
Түпқараған ауданының Баутин ауылының жерлерінің экспликациясы
|
Атауы
|
Ауданы, гектар
|
|
Жерлерді қосқанға дейінгі Баутин ауылының шекарасындағы жерлердің ауданы
|
1270,8775
|
|
Баутин ауылының шекарасына қосылатын жерлердің ауданы
|
943,2178
|
|
Жерлерді қосқаннан кейінгі Баутин ауылының шекарасындағы жерлердің ауданы
|
2214,0953, елді мекеннің жерлері
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.