Ақсуат ауданы әкімдігінің «Ақсуат ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2024 жылғы 14 ақпандағы № 60 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 желтоқсан 2024 ж.

    Ақсуат ауданы әкімдігінің «Ақсуат ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2024 жылғы 14 ақпандағы № 60 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Ақсуат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақсуат ауданы әкімдігінің «Ақсуат ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2024 жылғы 14 ақпандағы № 60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 257-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулының кіріспе бөлігі (кіріспесі) келесі редакцияда жазылсын.

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ақсуат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсуат ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақсуат ауданы әкімінің м.а

    Е. Ескендиров

    Ақсуат ауданы әкімдігінің

    2024 жылғы 27 желтоқсандағы

    № 503 қаулысына

    қосымша

    Ақсуат ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

    Нақты орналасқан жері
    Алып отырған алаңы, шаршы метр
    Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл
    Қызмет
    саласы
    Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
    1.
    Ақсуат ауылы, Байыс баба көшесі № 7 орналасқан «Сұлтан» қоғамдық тамақтану орынына қарама-қарсы
    100
    5
    Азық-түлік және
    азық-түлік емес тауарлары
    «Қарақат», «Динара», Дамир», «Ақерке» сауда дүкендері
    2.
    Ақсуат ауылы, Сейфуллин көшесінде орналасқан «Ырғызбай Досханаұлы» атындағы орталық стадионның сол жағында
    80
    5
    Азық-түлік және
    азық-түлік емес тауарлары
    «Әсел» сауда дүкені
    3.
    Құмкөл ауылы, Қабанбай көшесі №17 орналасқан «Айтолқын» сауда дүкеніне қарама-қарсы
    100
    5
    Азық-түлік және
    азық-түлік емес тауарлары
    «Айтолқын», «Ерасыл» сауда дүкендері
    4.
    Ойшілік ауылы, Қабанбай көшесінде орналасқан №39 ғиамаратқа қарама-қарсы
    100
    5
    Азық-түлік және
    азық-түлік емес тауарлары
    «Инабат» сауда дүкені

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.