Қостанай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 қарашадағы «Қостанай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» № 732 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 желтоқсан 2024 ж.

    Қостанай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 қарашадағы «Қостанай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» № 732 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қостанай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 қарашадағы «Қостанай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» № 732 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10308-10 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының 4 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «4. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.».

    2. Қостанай ауданы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қантарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

    Қостанай ауданының әкімі

    О. НУРГАЛИЕВ

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.