Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің аумағында ауылдық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің аумағында ауылдық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 4 шілдесіндегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылдық округінің аумағында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф барлық маршруттар үшін 150 (жүз елу) теңге мөлшерінде белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Тулақбаевқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Е. Ахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.