Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 410 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаражал қалалық мәслихатының «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» 2020 жылғы 24 маусымдағы №410 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5917 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың төрағасы
З. Оспанова
Қаражал қалалық мәслихатының
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 224
шешіміне қосымша
Қаражал қалалық мәслихатының
2020 жылғы 24 маусымдағы №410
шешіміне 2-қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
|
№
|
Атауы
|
|
1
|
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар
|
|
2
|
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар
|
|
3
|
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар
|
|
4
|
Толық емес отбасылар
|
|
5
|
Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есепке алумен, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы және өзге де салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының қажетті мамандары
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.