Тасқала ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 желтоқсан 2024 ж.

    Тасқала ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда Тасқала ауданы аумағындағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, оларды орналастыру орындарында тәулігіне болу құнының - 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    Ж. Бисенгалиева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.