Ұйғыр аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қазандағы «Ұйғыр ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» № 6-70-399 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 желтоқсан 2024 ж.

    Ұйғыр аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қазандағы «Ұйғыр ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» № 6-70-399 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қазандағы «Ұйғыр ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» № 6-70-399 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5719 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

    1) көрсетілген шешімнің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

    «2. Заңның 9-бабы 5-тармағына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары кемінде 800 метр арақашықтықта айқындалсын.»;

    2) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, жергілікті өзін-өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

    3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ұйғыр аудандық мәслихатының төрағасы

    Н. Есжан

    2024 жылғы 26 желтоқсандағы Ұйғыр аудандық мәслихатының № 8-34-173 шешіміне қосымша

    Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

    Елді мекен
    Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
    Шекті толу нормалары
    Материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
    1
    Шонжы ауылы
    Хитбакиев көшесіндегі Орталық саябақтың алаңы
    500 адам
    - жарықтандыру;
    - электр қуат көзіне қосылу нүктесімен қамтамасыз ету;
    - бейнебақылау
    және бейнетүсірілім камерасымен қамтамасыз ету.
    2
    Шонжы ауылы
    Шеру мен демонстрация маршруты – Орталық саябақ алаңынан Хитбакиев көшесінің бойымен Алахунов көшесіне дейін, Алахунов көшесі бойымен Абай көшесінің қиылысына дейін және Абай көшесімен Әл-Фараби көшесіне дейін, Әл-Фараби көшесімен Хитбакиев көшесінің қиылысынан оң бағытта орталық саябақ алдына дейін
    500 адам
    - маршрут
    бойындағы көшенің жарығы бар;
    - бейнебақылау
    және бейнетүсірілім камерасымен қамтамасыз ету

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.