Алматы қаласында 2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 желтоқсан 2024 ж.

    Алматы қаласында 2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1-тармғына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығымен бекітілген Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Алматы қаласында 2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері 1 шаршы метр үшін 40 теңге сомасында бекітілсін.

    2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Алматы қаласы мәслихатының төрағасы

    М. Отыншиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.