Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 748 және Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 30/349 «Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ақтау қаласының азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік белгілеу туралы» бірлескен қаулысы және шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ақтау қаласының азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік белгілеу туралы» Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі №748 және Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 наурыздағы №30/349 бірлескен қаулысы және шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4186 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) адамдардың жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік белгілеу туралы»;
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік, жеңілдікке құқығын растайтын құжаты болған кезде (айына алпыс реттен аспайтын), келесідей адамдардың жекелеген санаттарына белгіленсін:
төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар аналарға;
Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматтарына;
бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналарға;
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан тұлғаларға.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қаласының әкімі
А. Байпаков
Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы
С. Закенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.