Текелі қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 тамыздағы «Текелі қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» № 202 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Текелі қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Текелі қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 тамыздағы №202 «Текелі қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №171252 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Текелі қаласының әкімі
А. Әділ
2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 329 қаулысына қосымша
Текелі қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
|
№
|
Стационарлық емес сауда объектілерінің
орналасқан орны
|
Алатын алаңы (шаршы метр)
|
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сонымен қатар қоғамдық тамақтану объектілері
|
Қызмет саласы
|
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі,
(жыл)
|
|
1
|
Текелі қаласы, Әуезов көшесі, № 27 ғимаратының сол жағы
|
255
|
«Лесная сказка» кафесі
|
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары
|
5
|
|
2
|
Текелі қаласы, Рудничный ауылдық округі, Бейбітшілік көшесі № 38 ғимараттың оң жағында
|
162
|
«Рудничный» шағын маркеті
|
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары
|
5
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.