Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 16/87-VI «Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы №16/87-VI шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №4140 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.
«Грамота Төлеби аудандық мәслихатының төрағасымен немесе соған уәкілдік берілген тұлғалармен Төлеби аудандық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Төлеби ауданының өткізілетін ресми салтанатты шараларда табыс етіледі.»
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы
Н. Койбагаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.