Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 1215 «Инватакси қызметін алушылардың санаттарын кеңейту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 желтоқсан 2024 ж.

    Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 1215 «Инватакси қызметін алушылардың санаттарын кеңейту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Рудный қаласы әкімдігінің «Инватакси қызметін алушылардың санаттарын кеңейту туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 1215 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10120-10 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

    2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Рудный қаласы әкімі

    В. Ионенко

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.