Ауданішілік қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 желтоқсан 2024 ж.

    Ауданішілік қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу туралы

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабының 5- тармағына сәйкес Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ертіс ауданы аумағында ауданішілік қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға келесі мөлшерде сараланатын тариф келісілсін:

    1) Ертіс ауылы жол ақысы –100 (жүз) теңге;

    2) Майқоныр - Ертіс маршруты бойымен жол жүру ақысы – 800 (сегіз жүз) теңге;

    3) Қызылқақ - Ертіс маршруты бойымен жол жүру ақысы – 1100 (бір мың жүз) теңге;

    4) Қызылағаш - Ертіс маршруты бойымен жол жүру ақысы – 1100 (бір мың жүз) теңге.

    Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы

    Б. Шингисов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.