«Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 желтоқсан 2024 ж.

    «Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1.«Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялардың тізбесін бекіту туралы»;

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Қоса беріліп отырған Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялардың тізбесі бекітілсін.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2024 жылғы 24 желтоқсандағы

    № 866

    бұйрыққа қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2015 жылғы 19 наурыздағы

    № 194 бұйрығымен

    бекітілген

    Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялардың тізбесі

    Р/с №
    Ха­лы­қа­ра­лық іс­кер­лік опе­ра­ци­я­лар
    I
    Мы­на­лар­ға бай­ла­ны­сты опе­ра­ци­я­лар:
    ЕА­ЭО СЭҚ ТН ко­ды
    1.
    Мұ­най және мұ­най өнім­де­рі:
    1.1.
    Ши­кі мұ­най
    2709 00 900
    1.2.
    Газ кон­ден­са­ты
    2709 00 100
    1.3.
    Же­ңіл ди­стил­лят­тар (бен­зин)
    2710 12, 2710 12 110 - 2710 12 900, 2710 20 900 0
    1.4.
    Ауыр ди­стил­лят­тар (га­зойл­дер)
    2710 19 310 0, 2710 19 350 0, 2710 19 42 - 2710 19 480 0, 2710 20 110 0 - 2710 20 190 0
    1.5.
    Ауыр ди­стил­лят­тар (ма­зут)
    2710 19 620 1 - 2710 19 680 9, 2710 20 310 1 - 2710 20 390 9
    2.
    Мұ­най га­з­да­ры:
    2.1.
    Сұй­ы­ты­л­ған газ
    2711 11 000 0 — 2711 19 000 0
    2.2.
    Та­би­ғи газ
    2711 21 000 0
    3.
    Тас кө­мір; тас кө­мір­ден алын­ған бри­кет­тер­ді, ше­кем та­стар­ды және қат­ты отын­ның ұқсас түр­ле­рі
    2701
    4.
    Га­гат­тан бас­қа, аг­ло­ме­ра­ци­я­лан­ған неме­се аг­ло­ме­ра­ци­я­лан­ба­ған лиг­нит неме­се қо­ңыр кө­мір
    2702
    5.
    Су­тек, инерт­ті га­з­дар және бас­қа ме­талл еме­стер
    2804
    6.
    Цик­л­дік кө­мір­су­тек­тер
    2902
    7.
    Ба­стап­қы ны­сан­дар­да­ғы эти­лен­нiң по­ли­мер­лерi
    3901
    8.
    Ба­стап­қы ны­сан­дар­да­ғы про­пи­лен неме­се өзге де оле­фин­дер­дiң по­ли­мер­лерi
    3902
    9.
    Мұз­да­ты­л­ған кеп­ті­рі­л­ген, тұн­ды­ры­л­ған және кол­ло­ид­ты кү­кірт­тен бас­қа бар­лық түр­де­гі кү­кірт
    2503 00
    10.
    Тү­сті ме­тал­дар:
    10.1.
    Мыс
    7402 00 000 0, 7403 11 000 0 - 7403 29 000 0
    10.2.
    Қор­ға­сын
    7801 10 000 0 - 7801 99 900 0
    10.3.
    Мы­рыш
    7901 11 000 0 - 7901 20 000 0
    10.4.
    Өң­дел­ме­ген алю­ми­ний
    7601
    10.5.
    Алю­ми­ний сым
    7605
    10.6.
    Тан­тал және қал­дық­та­ры мен сы­нық­та­рын қо­са ал­ған­да, одан жа­са­ла­тын бұй­ым­дар
    8103
    10.7.
    Маг­ний және қал­дық­та­ры мен сы­нық­та­рын қо­са ал­ған­да, одан жа­са­ла­тын бұй­ым­дар
    8104
    10.8.
    Ти­тан және қал­дық­та­ры мен сы­нық­та­рын қо­са ал­ған­да, одан жа­са­ла­тын бұй­ым­дар
    8108
    11.
    Өзге де ба­ға­лы емес ме­тал­дар:
    11.1.
    Бе­рил­лий, хром, гаф­ний, ре­ний, тал­лий, кад­мий, гер­ма­ний, ва­на­дий, гал­лий, ин­дий және ни­о­бий (ко­лум­бий) және қал­дық­та­ры мен сы­нық­та­рын қо­са ал­ған­да, олар­дан жа­са­ла­тын бұй­ым­дар
    8112
    12.
    Қа­ра ме­тал­дар:
    12.1.
    Қа­ра ме­тал­дар
    7204, 7205, 7214 — 7217
    12.2.
    Фер­ро­қо­рыт­па­лар
    7202
    12.3.
    Те­мір неме­се ле­гир­лен­бе­ген бо­лат­тан жа­сал­ған жар­ты­лай фаб­ри­кат­тар
    7207
    12.4.
    Те­мір неме­се ле­гир­лен­бе­ген бо­лат­тан жа­сал­ған те­гіс илек
    7208-7212
    12.5.
    Кор­ро­зи­я­ға тө­зім­ді бо­лат­тан жа­сал­ған те­гіс илек
    7219-7220
    13.
    Ба­ға­лы ме­тал­дар:
    13.1.
    Ал­тын
    7108 11 000 0, 7108 12 000, 7108 13 100 0 - 7108 20 000
    13.2.
    Кү­міс
    7106 10 000 0, 7106 91 000, 7106 91 000 9, 7106 92 000 0
    14.
    Ру­да­лар мен кон­цен­трат­тар:
    14.1.
    Те­мір
    2601
    14.2.
    Мар­га­нец
    2602 00 000 0
    14.3.
    Хром
    2610 00 000 0
    14.4.
    Қор­ға­сын
    2607 00 000
    14.5.
    Мы­рыш
    2608 00 000 0
    14.6.
    Мыс
    2603 00 000 0
    14.7.
    Ба­ға­лы ме­тал­дар­дың кен­де­рі мен кон­цен­трат­та­ры
    2616
    15.
    Си­рек жер ме­тал­да­ры
    -
    16.
    Ор­га­ни­ка­лық емес хи­мия өнім­де­рі:
    16.1.
    Бел­гi­лен­ген неме­се бел­гi­лен­бе­ген хи­ми­я­лық құ­рам­ның жа­сан­ды ко­рун­ды; алю­ми­ний ок­сидi; алю­ми­ний гид­рок­сидi
    2818
    16.2.
    Хром ок­сид­те­рі мен гид­рок­сид­те­рі
    2819
    16.3.
    Хи­ми­я­лық ра­дио­ак­тив­ті эле­мент­тер және ра­дио­ак­тив­ті изо­топ­тар (бө­лі­не­тін және хи­ми­я­лық эле­мент­тер­ді және изо­топ­тар­ды шы­ға­ра­тын қо­са ал­ған­да) және олар­дың қо­сын­ды­ла­ры; осы өнім­дер бар қо­сын­ды­лар мен қал­дық­тар
    2844
    17.
    Би­дай және меслин
    1001
    18.
    Мақ­та:
    18.1.
    Мақ­та тал­шы­ғы
    5201 00 100 0, 5201 00 900 0, 5203 00 000 0
    19.
    Қант
    1701
    20.
    Кү­ріш
    1006
    21.
    Ар­па
    1003
    22.
    Би­дай неме­се би­дай-қа­ра би­дай ұны
    1101 00
    23.
    Тұқым­дар:
    23.1.
    Ұн­тақ­тал­ған неме­се ұн­тақ­тал­ма­ған зығ­ыр тұқым­да­ры
    1204 00
    23.2.
    Ұн­тақ­тал­ған неме­се ұн­тақ­тал­ма­ған күн­ба­ғыс тұқым­да­ры
    1206 00
    24.
    Та­зар­тыл­ма­ған неме­се та­зар­ты­л­ған, бі­рақ хи­ми­я­лық құ­ра­мы өзгер­ме­ген күн­ба­ғыс, мақ­са­ры неме­се мақ­та майы және олар­дың фрак­ци­я­ла­ры
    1512
    25.
    Та­би­ғи каль­ций фос­фа­ты, та­би­ғи алю­ми­ний-каль­ций фос­фа­ты және фос­фат­ты бор
    2510
    26.
    Екi неме­се үш қо­рек­тi эле­мент­тер­ден: азот­тан, фос­фор­дан және ка­лий­ден тұ­ра­тын ми­не­рал­дық неме­се хи­ми­я­лық ты­ңайт­қы­штар; өзге де ты­ңайт­қы­штар; брут­то-мас­са­сы 10 кг-нан ас­пай­тын осы топ­тың таб­лет­ка­да­ғы неме­се ұқсас ны­сан­да­ғы неме­се орам­дар­да­ғы та­у­ар­ла­ры
    3105
    27.
    Би­ту­ми­ноз­ды жы­ны­стар­дан алын­ған мұ­най кок­сы, мұ­най би­ту­мы және мұ­най және мұ­най өнім­де­рін өң­де­уден қал­ған өзге де қал­дық­тар
    2713
    28.
    Скан­дий қо­сы­лы­ста­ры
    2846 90 300 0
    II
    Өзге де ха­лы­қа­ра­лық іс­кер­лік опе­ра­ци­я­лар
    29.
    Қары­здар (бе­рі­л­ген/алын­ған)
    30.
    Құ­ры­лыс жұ­мыста­ры
    31.
    Жаб­дық­тар­ды мон­таж­дау
    32.
    Мар­ке­тинг­тік қыз­мет­тер
    33.
    Экс­пе­ди­тор­лық қыз­мет­тер
    Аббревиатуралардың ашып жазылуы:
    Р/с - Рет санының нөмірі;
    ЕАЭО СЭҚ ТН коды – Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.