Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 маусымдағы № 59/362-VI «Қазығұрт ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазығұрт ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазығұрт ауданы мәслихатының 2020 жылғы 22 маусымдағы № 59/362-VI «Қазығұрт ауданыда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5723 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазығұрт аудандық мәслихат төрағасы
Т. Калымбетов
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 22/138-VIII шешіміне қосымша
Қазығұрт аудандық мәслихатының
2020 жылғы 22 маусымдағы
№ 59/362-VI шешіміне 2-қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге тиым салынады:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.