Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 желтоқсан 2024 ж.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2024 жылғы 24 желтоқсандағы

    № 869 бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

    1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16448 болып тіркелген).

    2. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 1095 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17983 болып тіркелген).

    3. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 505 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18748 болып тіркелген).

    4. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 1255 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19600 болып тіркелген).

    5. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 234 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32022 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.