Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 90 «Ойыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 желтоқсан 2024 ж.

    Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 90 «Ойыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 90 «Ойыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28211 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ойыл ауданының әкімі

    А. Казыбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.