Сәтбаев қаласы әкімнің «Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Сәтбаев қаласы әкімінің 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №4 «Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сәтбаев қаласының Ұлытау көшесі бойындағы № 52 тұрғын үй ғимаратының өртенуі нәтижесінде техногендік авариялық жағдайдың туындауына байланысты, жазатайым оқиғалар мен адамдардың қаза болуына әкеп соғуы мүмкін, объектіде: Сәтбаев қаласы, Ұлытау көшесі № 52 үй мекенжайы бойынша объектілік ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қаласының әкімі
М. Бурибаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.