Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ «Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне енгізу критерийлерін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 желтоқсан 2024 ж.

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ «Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне енгізу критерийлерін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ «Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне енгізу критерийлерін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16750 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне енгізу критерийлері, аталған бұйрықпен бекітілген, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

    Ж. Мадиев

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрі

    2024 жылғы 20 желтоқсандағы

    № 829/НҚ Бұйрыққа

    қосымша

    Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерін енгізу жөніндегі өлшемшарттар (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыру, жүргізу тәртібін, сондай-ақ бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарды айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

    1) интернет-ресурс – бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік аты бар және интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған (мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге де түрдегі) ақпарат;

    2) квазимемлекеттік сектор субъектілері-мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;

    3) комиссия – өтінім берушілердің бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) туралы, сондай-ақ сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы өтінімдерін қарау кезіндегі ұсыныстар әзірлеу бойынша консультативтік-кеңесші орган;

    4) қызмет алушы – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, шетелдік мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін, квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында электрондық өнеркәсіп өнімдерін немесе бағдарламалық қамтылымды өндіретін жеке және заңды тұлғалар;

    5) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары үшін құрылған тізбесі;

    6) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы (бұдан әрі - ТЖҚ БНА) - сатып алу процестерін жоспарлау, есепке алу және талдау үшін Қазақстан Республикасының барлық реттеліп сатып алуларында қолданылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сыныптауышы;

    7) электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – электрондық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

    8) «электрондық үкімет» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

    9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

    Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

    3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 135 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13349 болып тіркелген) бекітілген ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларына сәйкес тізілімге енгізу түрі және мақсаты бойынша жіктеледі (бұдан әрі – сыныптау қағидалары).

    2-тарау. Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

    4. Тізілімді қалыптастыру «бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімінің Тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау), сондай-ақ олар туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

    5. Бағдарламалық қамтылым, егер ол мынадай өлшемшарттарға сәйкес келсе, Тізілімге енгізілуге тиіс:

    1) бағдарламалық қамтылымның ақпараттық қауіпсіздіктің белгіленген талаптарына сәйкестігі;

    2) бағдарламалық қамтылымға айрықша мүліктік құқықтар көрсетілетін қызметті алушыға тиесілі, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және айрықша құқықтың қолданылу мерзіміне қолданылады;

    3) оқшаулау үлесінің кемінде 80% көрсетілген индустриялық сертификаттың болуы;

    4) бағдарламалық қамтылымды Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан техникалық қолдау қызметімен қамтамасыз ету;

    5) Бағдарламалық қамтылымның мәлімделген функционалдық және пайдалану сипаттамаларына сәйкестігі;

    6) бағдарламалық қамтылымның ТЖҚ БНА мәлімделген кодтарына және сыныптау қағидаларының санаттарына сәйкестігі;

    7) мәлімделген бағдарламалық қамтылым дербес болып табылады.

    Егер Тізілімге енгізуге өтінім берілген бағдарламалық қамтылым дербес бағдарлама болып табылмаған жағдайда, оны Тізілімге енгізуге өтінім берушінің жұмыс істеуі үшін қажетті бағдарламалық қамтылым Тізілімде болған жағдайда жол беріледі.

    6. Электрондық өнеркәсіп өнім, егер ол мынадай өлшемшарттарға сәйкес келсе, Тізілімге енгізілуге тиіс:

    1) электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымның ақпараттық қауіпсіздіктің белгіленген талаптарына сәйкестігі не бағдарламалық қамтылымды сынауды жүргізу мүмкін еместігі туралы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органнан шешімнің болуы.

    2) электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымға құқықтың бүкіл қолданылу мерзіміне пайдалану құқығының болуы;

    3) электрондық өнеркәсіп өнімін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сервистік орталықпен қамтамасыз ету;

    4) оқшаулау үлесінің кемінде 30% көрсетілген индустриялық сертификаттың болуы;

    5) электрондық өнеркәсіп өнімінің мәлімделген техникалық және пайдалану сипаттамаларына сәйкестігі;

    6) электрондық өнеркәсіп өнімінің мәлімделген санатқа және ТЖҚ БНА кодына және сыныптау қағидаларының санаттарына сәйкестігі.

    7. Тізілімді жүргізу осы Қағидалардың 1-қосымшасы на сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

    8. Тізілім, сондай-ақ тізілімге өзгерістер мен толықтырулар электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінің операторына 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде жіберіледі және тиісті шешім қабылданғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында жариялануға тиіс.

    9. Өтініш беруші осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында, сондай-ақ 2-қосымшада көзделген құжаттардың қолданылу мерзімдері аяқталатын күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей уәкілетті органға құжаттардың өзектендірілген нұсқаларын ұсына отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша cенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш береді.

    Тізілімде қамтылған мәліметтердің өзектілігін тексеру мақсатында уәкілетті орган Тізілімде қамтылған мәліметтердің, құжаттардың дұрыстығына мониторинг жүргізеді.

    10. Уәкілетті орган Тізілімнің мониторингі шеңберінде дұрыс емес мәліметтерді, дұрыс емес құжаттарды, қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну және (немесе) осы Қағидаларда белгіленген бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімін Тізілімге енгізу жөніндегі өлшемшарттарға сәйкестігін жоғалту фактілерін анықтаған кезде уәкілетті орган бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімін Тізілімнен шығаруды жүзеге асырады.

    11. Бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) туралы, сондай-ақ сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешімдерді қабылдауды уәкілетті орган Комиссияның осы Қағидалардың 5 тармағының және 6 тармағының өлшемшарттарына сәйкестігі туралы ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырады.

    Комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібі уәкілетті орган бекітетін Ережемен айқындалады.

    3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

    12. «Бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) туралы, сондай-ақ сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсетілетін қызметті беруші көрсетеді.

    13. Уәкілетті орган көрсетілетін қызметті беруші болып табылады.

    14. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.

    15. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3, 4, 5-қосымша ларына сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш) Тізбеде айқындалған құжаттарды қоса бере отырып www.egov.kz немесе www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталдары арқылы жібереді (бұдан әрі – портал).

    16. Құжаттарды портал арқылы берген кезде «жеке кабинетке» мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама мәртебесі жіберіледі.

    17. Құжаттарды қабылдауға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі өтініш пен құжаттар келіп түскеннен кейін 3 (үш) күн ішінде оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.

    18. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

    19. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидалардың 2-қосымшасы нда көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

    20. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші оны бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімінің Тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) туралы не тізілімде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы ұсынымдар беру үшін Комиссияның қарауына жібереді.

    21. Бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімдерін Тізілімге енгізу, сондай-ақ Тізілімдегі мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу өлшемшарттарына сәйкестікті қызмет көрсетуші қызмет алушы ұсынған құжаттарды зерттеу арқылы, осы Қағидалардың 5 және 6-тармағында көрсетілген өлшемшарттар бойынша комиссияның ұсыныстарын ескере отырып анықтайды.

    Осы Қағидаларда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмейтін өтініштерді көрсетілетін қызметті беруші қабылдамауға тиіс.

    22. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың ережелерін нақтылау қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны тыңдауға бастамашылық жасай алады.

    Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 2 жұмыс күні бұрын жіберіледі.

    23. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға 6,7,8, 9-қосымша ларға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде «жеке кабинетке» порталға жіберіледі.

    24. Құжаттарды қараудың және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін берудің жалпы мерзімі Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап 14 жұмыс күнін құрайды.

    25. Бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімдері туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері бойынша Тізілімге енгізіледі.

    26. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген).

    27. Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.

    4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    28. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

    29. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

    30. Көрсетілетін қызметті беруші, шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    31. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

    32. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    33. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    34. Егер «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну сотқа дейінгі шағымданудан кейін мүмкін болады. Заңда жоғары тұрған органға шағымданбай-ақ сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, даулы болып табылатын әкімшілік орган, лауазымды тұлға, әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) тиісті жауаппен бірге жоғары тұрған әкімшілік органның немесе лауазымды тұлғаның уәжді ұстанымын Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа ұсынады.

    5-тарау. Өтпелі ережелер

    35. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін, Тізілімге енгізілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдері бойынша, көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 45 күнтізбелік күн ішінде сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдер Тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге бастамашылық жасау жолымен бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің осы Қағидаларда белгіленген өлшемдерге сәйкестігін растайтын мәліметтер мен құжаттар топтамасын өзектендіруді қамтамасыз етеді.

    36. Егер көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген мерзім ішінде бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің осы Қағидаларда белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды өзектендіруді жүзеге асырмаса, онда бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдері Тізілімге енгізу өлшемшарттарына сәйкестігін жоғалтты деп танылады.

    Қосымша 1

    Сенім білдірілген бағдарламалық

    қамтылым мен электрондық өнеркәсіп

    өнімдерінің тізілімін қалыптастыру

    және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ

    бағдарламалық қамтылым және

    электрондық өнеркәсіп өнімдерін

    сенім білдірілген бағдарламалық

    қамтылым мен электрондық өнеркәсіп

    өнімдерінің тізіліміне енгізу жөніндегі

    өлшемшарттарға

    Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін жүргізу нысаны

    Ті­зі­лім жа­з­ба­сы­ның рет­тік нө­мі­рі
    Ті­зі­лім жа­з­ба­сын қа­лып­та­сты­ру кү­ні
    Бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­дің (сон­дай-ақ жұ­мыс іс­те­уі үшін қа­жет­ті бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым), элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өнім­де­рі­нің (элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі­нің құ­ра­мы­на кі­ре­тін бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ды, мар­ка­сы мен мо­де­лін көр­се­те оты­рып)ата­уы
    Ин­фор­ма­ция о за­яви­те­ле
    ТЖҚ БНА ко­ды (код­та­ры)
    Бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма са­на­ты­ның ко­ды (код­та­ры)
    Ес­кер­ту
    Өті­ніш бе­ру­ші­нің ЖСН/БСН
    Заң­ды тұл­ға­ның ТАӘ/ ата­уы
    Өті­ніш бе­ру­ші­нің бай­ла­ныс де­ректе­рі
    Тех­ни­ка­лық қол­дау/сер­вис ор­та­лы­ғы­ның ме­кен­жайы және бай­ла­ныс де­ректе­рі (жөн­деу бой­ын­ша)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7

    Қосымша 2

    Сенім білдірілген бағдарламалық

    қамтылым мен электрондық өнеркәсіп

    өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және

    жүргізу қағидаларына, сондай-ақ

    бағдарламалық қамтылым және

    электрондық өнеркәсіп өнімдерін

    сенім білдірілген бағдарламалық

    қамтылым мен электрондық

    өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне

    енгізу жөніндегі өлшемшарттарға

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің ата­уы
    «Бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ды және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мін се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі ті­зі­лі­міне (ті­зі­лім­нен) қо­су (алып та­стау) неме­се се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі ті­зі­лі­мін­де қам­ты­л­ған мә­лі­мет­тер­ге өзге­рі­стер (то­лық­ты­ру­лар) ен­гі­зу»
    2
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі-пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды: www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі ар­қы­лы.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ды/элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мін се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі ті­зі­лі­міне ен­гі­зу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма бе­ру ке­зін­де-14 (он төрт) жұ­мыс кү­ні;
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
    1.бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ды/элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мін се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі ті­зі­лі­міне ен­гі­зу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма;
    2.бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ды/элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мін се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі ті­зі­лі­мі­нен алып та­стау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма;
    3.се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өнім­де­рі ті­зі­лі­міне өзге­рі­стер және (неме­се) то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма;
    4.Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді
    8
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі
    1)көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес Жыл­дың де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9:00-ден 18:30-ға дей­ін;
    2)пор­тал-жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1) бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ды/элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мін се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі ті­зі­лі­міне ен­гі­зу үшін Қа­ғи­да­лар­дың 5 неме­се 6-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген өл­шем­дер­ге бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ның/ элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі­нің сәй­кест­і­гін рас­тай­тын мы­на­дай құ­жат­тар­ды қо­са бе­ре оты­рып, осы Қа­ғи­да­лар­дың 4-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш бе­рі­ле­ді:
    Бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым үшін:
    ҚР СТ ISO/IEC 15408-3-2017 «Ақ­па­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар. Қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету әді­сте­рі мен құ­рал­да­ры. Ақ­па­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар­дың қа­уіп­сіз­ді­гін ба­ға­лау өл­шем­шар­тта­ры. 3-бө­лім. Қор­ғауды қам­та­ма­сыз ету­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар» (бұ­дан әрі – ҚР СТ ISO/IEC 15408-3) сәй­кес бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым үшін 4-ін­ші се­нім дең­гей­і­нен тө­мен емес орын­дау неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Цифр­лық да­му, қор­ға­ныс және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 3 мау­сым­да­ғы № 111/НҚ бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 18795 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­ріне және ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық ин­фра­құ­ры­лым­ның аса ма­ңы­зды объ­ек­ті­ле­ріне жат­қы­зы­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ге олар­дың ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне сы­нақ­тар жүр­гі­зу әді­сте­ме­сі мен қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес ак­кре­дит­тел­ген сы­нау зерт­ха­на­ла­ры бер­ген ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне оң нәти­же­ле­рі бар сы­нау хат­та­ма­ла­ры­ның бо­луы (бұ­дан әрі – сы­нау хат­та­ма­ла­ры);
    бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ға ай­рық­ша мү­лік­тік құқық­тар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ти­е­сі­лі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бү­кіл ау­ма­ғын­да және ай­рық­ша құқық­тар­дың қол­да­ны­лу мер­зі­міне қол­да­ны­ла­ды;
    оқ­ша­у­лау үле­сін рас­тай­тын ин­ду­стри­я­лық сер­ти­фи­кат ке­мін­де 80%;
    осы Қа­ғи­да­лар­дың 10-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да тех­ни­ка­лық қол­дау қыз­ме­ті­мен бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ды қам­та­ма­сыз ету ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
    Элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өнім­де­рі үшін:
    ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 сәй­кес бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым үшін 4-ін­ші се­нім дең­гей­і­нен тө­мен емес орын­дау неме­се сы­нау хат­та­ма­ла­ры­ның бо­луы неме­се ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­нан бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ды сы­нақ­тан өт­кі­зу­дің мүм­кін еме­сті­гі ту­ра­лы рас­та­удың бо­луы;
    элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мін өн­ді­ру­ші­де құқық­тың бү­кіл қол­да­ны­лу мер­зі­міне элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі­нің құ­ра­мын­да бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ды пай­да­ла­ну құқы­ғы­ның туын­дау негіз­де­рін рас­тай­тын құ­жат­тар;
    осы Қа­ғи­да­лар­дың 10 қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мін сер­ви­стік ор­та­лық­пен қам­та­ма­сыз ету ту­ра­лы мә­лі­мет­тер;
    оқ­ша­у­лау үле­сін ке­мін­де 30% рас­тай­тын ин­ду­стри­я­лық сер­ти­фи­кат;
    осы Қа­ғи­да­лар­дың 11-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі­нің тех­ни­ка­лық және пай­да­ла­ну си­патта­ма­ла­ры­ның си­патта­ма­сын қам­ти­тын құ­жат.
    2) се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым мен элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мін ті­зі­лім­нен шы­ға­ру үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ба­ста­ма­сы бой­ын­ша осы Қа­ғи­да­лар­дың 5-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш бе­рі­ле­ді.
    3) се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым мен элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өнім­де­рі­нің ті­зі­лі­міне өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу үшін осы Қа­ғи­да­лар­дың 3-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш бе­рі­ле­ді.
    10
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1)көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2)көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бар болған жағ­дай­да;
    3)«Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы;
    4)көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін өзге де та­лап­тар
    1)көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    2)көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бо­ла­ды.
    3)мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі­нің Ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген moap@​mdai.​gov.​kz.
    4)мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры­ның ин­тер­нет-ре­сур­ста­ры­ның бі­рың­ғай плат­фор­ма­сын­да көр­се­ті­л­ген www.​gov.​kz «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі» бө­лі­мін­де. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

    Қосымша 3

    Сенім білдірілген бағдарламалық

    қамтылым мен электрондық өнеркәсіп

    өнімдерінің тізілімін қалыптастыру

    және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ

    бағдарламалық қамтылым және

    электрондық өнеркәсіп өнімдерін

    сенім білдірілген бағдарламалық

    қамтылым мен электрондық

    өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне

    енгізу жөніндегі өлшемшарттарға

    Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш

    ______________________________________________________________ (енгізілетін тізілімдік жазбаның атауы және мазмұны өзгерістер және (немесе) толықтырулар)

    * Ескертпе: әрбір бағдарламалық қамтылым (электрондық өнеркәсіп өнімі) бойынша жеке өтініш беріледі ____________________________________________________________ жаңа редакциядағы тізілім жазбасының атауы мен мазмұны:

    мәлімделген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың себебі

    ______________________________________________________________ байланыс телефон нөмірлері

    Қосымша 4

    Сенім білдірілген бағдарламалық

    қамтылым мен электрондық өнеркәсіп

    өнімдерінің тізілімін қалыптастыру

    және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ

    бағдарламалық қамтылым және

    электрондық өнеркәсіп өнімдерін

    сенім білдірілген бағдарламалық

    қамтылым мен электрондық өнеркәсіп

    өнімдерінің тізіліміне енгізу

    жөніндегі өлшемшарттарға

    Жеке кәсіпкердің деректемелері/

    заңды тұлғаның

    (мекен-жайы, жеке сәйкестендіру нөмірі

    немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі,

    телефон, электрондық пошта)

    Басшысына

    (Мемлекеттік органның атауы)

    Өтініш нөмірі: (нөмірі)

    Өтініш күні: (күні)

    Өтініш бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне енгізу туралы

    1.

    ____________________________________________________________________ (компанияның атауы)

    2. байланыс телефон нөмірі: _____________________________________

    3. ______________________________________________________________

    басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    4. бизнес сәйкестендіру нөмірі / жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________

    5. электрондық пошта: ______________________________________________

    Бағдарламалық қамтылым/электрондық өнеркәсіп өнімдері туралы мәліметтер:

    6. ___________________________________________________________

    бағдарламалық қамтылымның/электрондық өнеркәсіп өнімдерінің атауы

    8. ___________________________________________________________

    Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 135 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13349 болып тіркелген) бекітілген ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларына (бұдан әрі – сыныптау қағидалары) сәйкес бағдарламалық қамтылым/ электрондық өнеркәсіп өнімі үшін Санат коды (кодтары).

    9. ___________________________________________________________

    бағдарламалық қамтылымның ТЖҚ БНА коды (кодтары) (бағдарламалық қамтылымды жеткізу нұсқаларын көрсете отырып: тауар түрінде және/немесе ақпараттық-коммуникациялық қызмет түрінде)/ электрондық өнеркәсіп өнімі

    10. ___________________________________________________________

    бағдарламалық өнім әзірленген платформаның сипаттамасы (егер бағдарламалық қамтылым тәуелсіз болмаса).

    11.____________________________________________________________

    (электрондық қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаның атауы және сенімхат негізінде әрекет ететін заңды тұлға басшысының немесе өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (сенімхаттың нөмірі және берілген күні)

    Қосымша 5

    Сенім білдірілген бағдарламалық

    қамтылым мен электрондық өнеркәсіп

    өнімдерінің тізілімін қалыптастыру

    және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ

    бағдарламалық қамтылым және

    электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім

    білдірілген бағдарламалық қамтылым

    мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің

    тізіліміне енгізу жөніндегі

    өлшемшарттарға

    Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінен алып тастау туралы өтініш

    ______________________________________________________________ (тізілімнен шығарылатын тізілімдік жазбаның атауы мен мазмұны)

    * Ескертпе: әрбір бағдарламалық қамтылым (электрондық өнеркәсіп өнімі) бойынша жеке өтініш беріледі______________________________________________________________

    Тізілімнен шығару себебі

    ______________________________________________________________

    байланыс телефон нөмірлері

    Қосымша 6

    Сенім білдірілген бағдарламалық

    қамтылым мен электрондық өнеркәсіп

    өнімдерінің тізілімін қалыптастыру

    және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ

    бағдарламалық қамтылым және

    электрондық өнеркәсіп өнімдерін

    сенім білдірілген бағдарламалық

    қамтылым мен электрондық

    өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне

    енгізу жөніндегі өлшемшарттарға

    Нысан
    [[Мемлекеттік тілдегі уәкілетті
    органның (бұдан әрі – УО)
    атауы]
    УО-ның мемлекеттік тілдегі
    деректемелері
    [УО атауы (орыс тілінде)] УО
    деректемелері орыс тілінде
    [Ұйымның атауы, заңды
    мекенжайы, БСН/ЖСН]
    Нөмірі: [құжат нөмірі] [Берілген күні]
    Көрсетілетін қызметті берушінің бланкі
    Дәлелді бас тарту
    [Көрсетілетін қызметті берушінің атауы] Сіздің өтінішіңізді [өтінім күні] жылғы
    № [кіріс құжаттың нөмірі] қарағаннан кейін мынаны хабарлайды.
    [Бас тарту себебі]
    [Қол қоюшы лауазымы]
    [Қол қоюшының тегі, аты,
    әкесінің аты (бар болса)]

    Қосымша 7

    Сенім білдірілген бағдарламалық

    қамтылым мен электрондық өнеркәсіп

    өнімдерінің тізілімін қалыптастыру

    және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ

    бағдарламалық қамтылым және

    электрондық өнеркәсіп өнімдерін

    сенім білдірілген бағдарламалық

    қамтылым мен электрондық

    өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне

    енгізу жөніндегі өлшемшарттарға

    Форма
    [Мемлекеттік тілдегі уәкілетті
    органның (бұдан әрі – УО)
    атауы]
    УО-ның мемлекеттік тілдегі
    деректемелері
    [ББ атауы (орыс тілінде)]
    [Ұйымның атауы, заңды
    мекенжайы, БСН/ЖСН]
    Нөмірі: [құжат нөмірі] [Берілген күні]
    Көрсетілетін қызметті берушінің бланкі
    Хабарлама
    бағдарламалық қамтамасыз етуді (электрондық өнеркәсіп өнімін) сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімі тізіліміне енгізу туралы
    № ____________ күні "___" __________ 20___жыл
    Осы хабарлама берілді __________________________________________
    __________________________________________
    (Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (бағдарламалық қамтамасыз етудің немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің толық атауы)
    ___________________________________________
    (хабарлама берген мемлекеттік органның атауы)
    БСН _____________________________________
    ТЖҚ БНА _________________________________
    [Қол қоюшы лауазымы]
    [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]
    [Должность
    подписывающего]
    [Фамилия, имя, отчество (при его наличии) подписывающего]
    Ескерту:
    БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
    ТЖҚ БНА– тауар, жұмыс және қызмет көрсетудің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы.

    Қосымша 8

    Сенім білдірілген бағдарламалық

    қамтылым мен электрондық өнеркәсіп

    өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және

    жүргізу қағидаларына, сондай-ақ

    бағдарламалық қамтылым және

    электрондық өнеркәсіп өнімдерін

    сенім білдірілген бағдарламалық

    қамтылым мен электрондық өнеркәсіп

    өнімдерінің тізіліміне енгізу

    жөніндегі өлшемшарттарға

    Форма
    [Мемлекеттік тілдегі уәкілетті
    органның (бұдан әрі – УО)
    атауы] УО-ның мемлекеттік
    тілдегі деректемелері
    [УО атауы (орыс тілінде)] УО
    деректемелері орыс тілінде
    [Ұйымның атауы, заңды
    мекенжайы, БСН/ЖСН]
    Нөмірі: [құжат нөмірі] [Берілген күні]
    Хабарлама
    Бағдарламалық қамтылымды (электрондық өнеркәсіп өнімін) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімі тізілімінен алып тастау туралы
    № ____________ күні "___" _________ 20___жыл
    ____________________________________________
    (Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (бағдарламалық қамтамасыз етудің немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің толық атауы)
    Бағдарламалық қамтылымды (электрондық өнеркәсіп өнімін) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімі тізілімінен алып тастау себебін көрсету
    __________________________________________
    (хабарлама берген мемлекеттік органның атауы)
    [Қол қоюшы лауазымы]
    [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]
    ___________________________________________________________________

    Қосымша 9

    Сенім білдірілген бағдарламалық

    қамтылым мен электрондық өнеркәсіп

    өнімдерінің тізілімін қалыптастыру

    және жүргізу қағидаларына,

    сондай-ақ бағдарламалық қамтылым

    және электрондық өнеркәсіп

    өнімдерін сенім білдірілген

    бағдарламалық қамтылым мен

    электрондық өнеркәсіп өнімдерінің

    тізіліміне енгізу жөніндегі

    өлшемшарттарға

    Форма
    [УО мемлекеттік тілдегі
    атауы] УО мемлекеттік тілдегі
    деректемелері
    [УО мемлекеттік тілдегі
    атауы] УО мемлекеттік
    тілдегі деректемелері
    [Ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН]
    Нөмірі: [құжат нөмірі] [Берілген күні]
    Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым (электрондық өнеркәсіп өнімдері) тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы
    Хабарлама

    № _______________ күні «___» ___________ 20___ж.

    Осы хабарлама

    ________________________________________________________________

    (Заңды тұлғаның атауы / жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің толық атауы)

    __________________________________________________________________

    (хабарламаны берген мемлекеттік органның атауы) берілді

    [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының (Т. А. Ә. (бар болса)]

    Қосымша 10

    Сенім білдірілген бағдарламалық

    қамтылым мен электрондық өнеркәсіп

    өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және

    жүргізу қағидаларына, сондай-ақ

    бағдарламалық қамтылым және

    электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім

    білдірілген бағдарламалық қамтылым

    мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің

    тізіліміне енгізу жөніндегі

    өлшемшарттарға

    Нысан

    Электрондық өнеркәсіп өнімдері үшін-бағдарламалық қамтылым / сервистік орталық үшін-техникалық қолдау қызметінің болуы туралы мәліметтер

    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ор­на­ла­сты­ру­дың нақ­ты ме­кен­жайы
    Бай­ла­ныс де­ректе­рі
    (те­ле­фон нө­мі­рі және элек­трон­дық по­шта)

    Қосымша 11

    Сенім білдірілген бағдарламалық

    қамтылым мен электрондық өнеркәсіп

    өнімдерінің тізілімін қалыптастыру

    және жүргізу қағидаларына, сондай-ақ

    бағдарламалық қамтылым және

    электрондық өнеркәсіп өнімдерін

    сенім білдірілген бағдарламалық

    қамтылым мен электрондық

    өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне

    енгізу жөніндегі өлшемшарттарға

    Нысан

    Электрондық өнеркәсіп өнімінің техникалық және пайдалану сипаттамаларының сипаттамасы (ақпарат форматтағы файлдар түрінде қоса беріледі.pdf)

    Элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі­нің ата­уы
    Мар­ка­сы мен мо­де­лі
    Қы­сқа­ша си­патта­ма
    Тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры
    Пай­да­ла­ну си­патта­ма­ла­ры
    Ескертпе: электрондық өнеркәсіп өнімдерінің үлгілері болған жағдайда, әрбір модель үшін кестені жеке толтыру қажет.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.