Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының Жезқазған кентін тарату туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 желтоқсан 2024 ж.

    Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының Жезқазған кентін тарату туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Сәтбаев қаласы әкімдігінің және Сәтбаев қалалық мәслихатының пікірін ескере отырып, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Есепті деректерден шығарылып, Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының Жезқазған кенті таратылсын.

    2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

    Әкім

    Д.Рыспеков

    Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы

    Б.Шингисов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.