Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 желтоқсан 2024 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69-баптары, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 37-бабына және бекітілген жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларына сәйкес, Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Кентау қаласы аумағында орналасқан «Су жүйелерінің құрылысы үшін» осы қаулының қосымшада көрсетілген жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін;

    2. «Кентау қаласының әкімдігінің «Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Көкеновке жүктелсін.

    Қала әкімі

    Ж.Тасов

    Кентау қаласы әкімдігінің

    2024 жылғы 20 желтоқсандағы

    №575 қаулысына қосымша

    Нысан атауы (қазақша)
    Өлшем бірлігі
     
     
    м
    м2
    1
    .Кентау қаласы, 68 мөлтек ауданы, Қаратау тәжі көшесі бойынан «Су жүйелерінің құрылысы үшін» (14 нысан)
    660
    1320
    2
    Кентау қаласы, Жұлдыз мөлтек ауданы, №5 көшесі бойынан «Су жүйелерінің құрылысы үшін» (17 нысан) жалпы алаңы
    730
    1460
    3
    Кентау қаласы, 67 мөлтек ауданынан «Су жүйелерінің құрылысы үшін» (15 нысан)
    792
    1584
    4
    Кентау қаласы, 68 мөлтек ауданы, Ордабасы көшесі бойынан «Су жүйелерінің құрылысы үшін» (14 нысан)
    415
    830
    5
    Кентау қаласы, 68 мөлтек ауданы, Жеңіс көшесі бойынан «Су жүйелерінің құрылысы үшін» (14 нысан)
    410
    820
    6
    Кентау қаласы, Б.Майлин көшесі бойынан «Су жүйелерінің құрылысы үшін» (18 нысан)
    975
    1950
    7
    Кентау қаласы, Жұлдыз мөлтек ауданы, №1 көшесі бойынан «Су жүйелерінің құрылысы үшін» (4 нысан)
    170
    340
    8
    Кентау қаласы, Болашақ мөлтек ауданы, Қ.Қайсенов, Мойынқұм көшелері бойынан «Су жүйелерінің құрылысы үшін» (14 нысан)
    551
    1102
    9
    Кентау қаласы, Болашақ мөлтек ауданы, Якубов, Фазылов көшелері бойынан «Су жүйелерінің құрылысы үшін» (15 нысан
    640
    1280
    10
    Кентау қаласы, 65 мөлтек ауданы, Мырза шөл, Қызыл құм көшелері бойынан «Су жүйелерінің құрылысы үшін»
    535
    1070
    11
    Кентау қаласы, Шұғыла мөлтек ауданы, №5-6 көшелері (Жұлдыз 1 жалғасы) бойынан «Су жүйелерінің құрылысы үшін» (4 нысан)
    220
    440
    12
    Кентау қаласы, Болашақ мөлтек ауданы, Фазылов көшесі (2 кезек) бойынан «Су жүйелерінің құрылысы үшін» (16 нысан)
    462
    924
    13
    Кентау қаласы, Болашақ мөлтек ауданы, Сейтметов көшесі бойынан «Су жүйелерінің құрылысы үшін» (18 нысан)
    380
    760
    14
    Кентау қаласы, Жұлдыз мөлтек ауданы, №1 көшесі (2 кезек) бойынан «Су жүйелерінің құрылысы үшін» (8 нысан)
    595
    1190

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.