Түлкібас аудандық маслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 56/1-06 «Түлкібас ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Түлкібас аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түлкібас аудандық маслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы №56/1-06 «Түлкібас ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін.
Көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы
Х. Байысбаев
Түлкібас аудандық мәслихатының
2024 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 28/3-08 шешіміне 2 қосымша
Пикеттерді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттерді өткізуге тыйым салынады:
1)жаппай жерлеу орындарында;
2)теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі обьектілерінде және 1000 метрден кем емес оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3)мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға 1000 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда;
4)қауіпті өндірістік обьектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де обьектілерге 1000 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда;
5)магистралдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілеріне және оларға 1000 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.