Ақтөбе облысы Шалқар ауданының 2025-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 желтоқсан 2024 ж.

    Ақтөбе облысы Шалқар ауданының 2025-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365 бабының 3 тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының 2025-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы

    Ж. Шамбалаев

    Шалқар аудандық мәслихатының

    2024 жылғы « 17» желтоқсандағы № 349

    шешіміне қосымша

    АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ШАЛҚАР АУДАНЫНЫҢ 2025-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ БАҒДАРЛАМАСЫ

    ӘЗІРЛЕУШІ

    «CSD Consulting» ЖШС

    ______________ Мельникова О.

    Шалкар қаласы

    2024 ж.

    МАЗМҰНЫ

    Терминдер және анықтамалар 3

    Бағдарлама паспорты 5

    КІРІСПЕ 6

    1. ШАЛҚАР АУДАНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ АУДАННЫҢ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАРЫ ...………......……………………………8

    2. ШАЛҚАР АУДАНЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРЫН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ АҒЫМДЫҚ ЖАЙ-КҮЙДІ ТАЛДАУ 9

    2.1 Коммуналдық қалдықтардың түзілуі және қайта өңдеудің сандық көрсеткіштері 9

    2.2 ТҚҚ сапалық құрамы 9

    2.3 Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары және тарифтер............................. 10

    2.4 Коммуналдық қалдықтарды басқаруың қолданыстағы жүйесін бағалау 12

    2.5 Қалдықтардың жеке түрлерін басқару жүйесін талдау 14

    2.6 Қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларға бөлінген қаржыларды талдау 15

    2.7 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін болжау.......15

    2.8 Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша ағымдық жағдайды талдау бойынша қорытындылар 16

    2.9 Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін талдау 17

    3. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҚСАТТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ 19

    3.1 Мақсаты және міндеттері 19

    3.2 Мақсаттық көрсеткіштер 19

    4. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ СӘЙКЕС ШАРАЛАР............................ ........20

    4.1 Барлық тұрғын пункттерден коммуналдық қалдықтарды үнемі шығарып отруды ұйымдастыру 20

    4.2 Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету ….…........…………….....24

    4.3 Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және оның жұмыс істеуі..……….............…………………………..23

    4.4 Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту.............28

    4.5 Қалдықтарды басқару бойынша, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинау саласындағы тұрғындардың қызығушылықтары мен мәдени деңгейін жоғарылату ..............…………....29

    5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР 32

    6. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ..33

    7. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МОНИТОРИНГІ 35

    1-Қосымша. Шалқар ауданында коммуналдық қалдықтарды жинаумен және шығарумен қамтуды жоғарылату үшін контейнерлер мен контейнерлік алаңдардың қажетті санын алдын-ала есептеу 37

    2-Қосымша. Шалқар ауданының 2025-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар ................................38

    ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР

    Биоыдырайтын қалдықтар - анаэробты немесе аэробты ыдырауға қабілетті қалдықтар, соның ішінде бау-бақша және саябақ қалдықтары, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінің қалдықтарымен салыстырылатын тамақ қалдықтары, макулатура.

    Қалдықтарды көму – қалдықтарды алу ниетінсіз, шектеусіз мерзім аралығында қауіпсіз сақтау үшін арнайы бекітілген орындарда жинау.

    Коммуналдық қалдықтар – тұтыну қалдықтары, құрамына кіретіндер:

    1) аралас қалдықтар және қағаз және картон, шыны, металл, пластмасса, органикалық қалдықтар, ағаш, тоқыма, қораптар, пайдаланылған электрлік және электрондық жабдықтар, батареялар мен аккумляторлар секілді үй шаруашылығында бөлек жиналған қалдықтар;

    2) аралас қалдықтар және өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылығындағы қалдықтарға ұқсас болып келетін басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар.

    Контейнерлік алаңдар – коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған арнайы алаңдар, мұнда коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын мамандандырылған көлікке арналған жүру жолдары бар коммуналдық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орнатылады;

    Ірі көлемді қалдықтар – шаруашылық әрекет барысында (тұрмыстық техника, жиһаз және басқалары) өзінің тұтынушылық қасиетін жойған және өзінің көлемі бойынша тек мамандандырылған көлік құралдарымен ғана тасымалдау мүмкіндігі бар тұтыну қалдықтары.

    Тұтыну қалдықтары – адамның тіршілігі барысында түзілген қалдықтар, толық немесе ішінара өзінің тұтынушылық қасиетін жойған өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қораптары және басқа заттар немесе олардың қалдықтары, агрегатты күйіне қарамастан, пайдалану мерзімі немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, сонымен қатар, меншік иесі өз бетінше немесе құжат арқылы тұтыну қалдығы разрядына өткен қалдықтар.

    Электрондық және электрлік жабдық қалдықтары – Жарамсыз немесе қолданыстан шыққан, қалдық қатарына жатқызылатын электрондық және электрлік жабдықтар, сонымен қатар, оның тораптары, бөліктері, бөлшектері.

    Тамақ қалдықтары - тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну нәтижесінде пайда болатын, тамақ өнеркәсібінде түзілетін қалдықтармен салыстырылатын қалдықтар.

    Қалдықтарды көму полигондары -. қалдықтарды алу ниетінсіз, арнайы жабдықталған, экологиялық, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін орынға тұрақты орналастыру.

    Қалдықтарды бөлек жинау - ары қарай мамандандырылған басқаруды жеңілдету мақсатында түрлері немесе топтары бойынша бөлек жиналған қалдықтар.

    Қалдықтарды жинау – жеке және заңды тұлғалардан мамандандырылған ұйымдарға ары қарай қайта қалпына келтіруге немесе жоюға бағыттау мақсатында қалдықтарды қабылдауды ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер.

    Мамандандырылған ұйымдар – коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою бойынша іс-әрекеттерді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар.

    Құрылыс қалдықтары - ғимараттарды, құрылыстарды, өнеркәсіптік нысандарды, жолдарды, инженерлік және басқа коммунакциялардың құрылысы немесе оларды бұзу, сұрыптау, қайта жабдықтау, жөндеу (соның ішінде капиталдық) барысында түзілетін қалдықтар.

    Тұрмыстық қатты қалдықтар - қатты күйдегі коммуналдық қалдықтар.

    Қалдықтарды тасымалдау – жинау, сұрыптау, қайта өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою барысында түзілген, жинақталған қалдықтарды мамандандырылған көлік құралдары көмегі арқылы тасымалдаумен байланысты іс-әрекеттер.

    Қалдықтар жою – термиялық, химиялық немесе биологиялық үдерістер нәтижесінде көлемі маңызды түрде төмендейтін және (немесе) қалдықтардың физикалық жай-күйі мен химиялық құрамы өзгеретін, бірақ өнім өндіру немесе энергия алу мақсатында қолданылмайтын қалдықтарды жою тәсілі.

    Қалдықтарды басқару - қалдықтар түзілгеннен бастап, соңғы жойғанға дейінгі жүзеге асырылатын опеарциялар.

    Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі – меншік нысаны және іс-әрекет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде және (немесе) жеке тұрған ғимараттарда (құрылыстарда) тұратын немесе өзінің іс-әрекетін жүзеге асыратын, сонымен қатар, меншік иелігінде контейнерлік алаңдары мен контейнерлері жоқ, немесе жалпы пайдаланылатын жерде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін контейнерлік алаңдары мен контейнерлері бар жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органмен ұйымдастырылатын жүйе.

    БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ

    Ата­уы
    Ақ­тө­бе об­лы­сы Шал­қар ауда­ны­ның ком­му­нал­дық қал­дық­та­рын бас­қа­ру жө­нін­де­гі бағ­дар­ла­ма­сы
    Әзір­ле­у­ге ар­нал­ған негіз­де­ме
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Эко­ло­гия Ко­дек­сі. 2021 жыл­дың 2-қаң­та­рын­да­ғы № 400-VI ҚРЗ
    Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­ға ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды бас­қа­ру жө­нін­де­гі Бағ­дар­ла­ма­ны әзір­леу бой­ын­ша әді­сте­ме­лік ұсы­ным­дар, ҚР Эко­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің 18.05.2023 ж. № 154б бұй­ры­ғы.
    Бағ­дар­ла­ма­ны әзір­ле­у­ге жа­у­ап­ты мем­ле­кет­тік ор­ган
    «Ақ­тө­бе об­лы­сы Шал­қар ауда­ны әкім­ді­гі­нің тұр­ғын-үй ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лы­ғы, жо­ла­у­шы­лар кө­лі­гі, ав­то­мо­биль жол­да­ры бө­лі­мі» ММ
    Бағ­дар­ла­ма мақ­са­ты
    Эко­ло­ги­я­лық заң­на­ма та­лап­та­ры­на сәй­кес, Шал­қар ауда­ны­ның ау­ма­ғын­да­ғы ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды бас­қа­ру­дың ти­ім­ді жүй­е­сін құ­ру
    Бағ­дар­ла­ма мін­дет­те­рі
    1. Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды үне­мі шы­ға­рып оты­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру
    2. Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды қа­уіп­сіз кө­му­ді қам­та­ма­сыз ету.
    3. Қал­дық­тар­ды бө­лек жи­на­уды ал­дын-ала қа­рас­ты­ра­тын қа­жет­ті ин­фра­құ­ры­лым­ды құ­ру және оның жұ­мыс іс­те­уі.
    4. ТҚҚ қай­та өң­деу және кә­де­ге жа­ра­ту жүй­е­сін да­мы­ту.
    5. Қал­дық­тар­ды бас­қа­ру жө­нін­де­гі, со­ның ішін­де қал­дық­тар­ды бө­лек жи­нау, ұтым­ды жүй­е­де жи­нау, кә­де­ге жа­ра­ту және қай­та өң­деу са­ла­сын­да­ғы тұр­ғын­дар­дың қызығ­у­шы­лы­ғын және мә­де­ни дең­гей­ін жо­ға­ры­ла­ту.
    Қар­жы­лан­ды­ру кө­ле­мі
    Қар­жы­лан­ды­ру кө­ле­мі жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­мен Шал­қар ауда­ны­ның 2025-2029 жыл­дар­да­ғы ком­му­нал­дық қал­дық­тар­мен жұ­мыс іс­теу са­ла­сын­да­ғы іс-ша­ра­лар­ды қар­жы­лан­ды­ру­ға бө­лін­ген бюд­жет­тік қар­жы­ның са­ны­на сәй­кес есеп­те­ле­ді.
    Бағ­дар­ла­ма­ны орын­да­у­шы­лар
    Жа­ңа­қо­ныс ауыл­дық окру­гі­нің әкім­дік ап­па­ра­ты, Ше­тыр­ғыз а/о әкім­дік ап­па­ра­ты, Шал­қар қа­ла­сы әкім­ді­гі­нің ап­па­ра­ты, Ай­шу­ақ а/о әкім­дік ап­па­ра­ты, Ақ­то­ғай а/о әкім­дік ап­па­ра­ты, Бо­зой а/о әкім­дік ап­па­ра­ты, Бер­шү­гір а/о әкім­дік ап­па­ра­ты, Есет Кө­ті­ба­рұ­лы а/о әкім­дік ап­па­ра­ты, Қа­уы­л­жыр а/о әкім­дік ап­па­ра­ты, Кі­ші­құм а/о әкім­дік ап­па­ра­ты, Мөң­ке­би а/о әкім­дік ап­па­ра­ты, То­ғыз а/о әкім­дік ап­па­ра­ты, Шал­қар а/о әкім­дік ап­па­ра­ты,   ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды жи­на­у­мен, шы­ға­ру­мен, қал­пы­на кел­ті­ру­мен және кө­му­мен ай­на­лы­са­тын субъ­ек­ті­лер, мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер, әле­умет­тік ны­сан­дар, заң­ды тұ­лға­лар, же­ке кә­сіп­кер­лер, ҮЕҰ, тұр­ғын­дар және бас­қа да мүд­де­лі та­рап­тар.
    Ке­зең
    5 жыл: 2025 – 2029 жж.
    КІРІСПЕ
    Коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы ағымдық жағдайды талдау бойынша стратегиялық құжат болып табылады және қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру бойынша бекітілген мақсат пен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған кешенді шаралар тізбегінен тұрады.
    Коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі осы бағдарлама (ары қарай – Бағдарлама) ұлттық стратегиялық, бағдарламалық және концептуалдық құжаттардың басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабына сәйкес (ары қарай - ҚР ЭК) және ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігінің коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстарын (18.05.2023 № 154 бұйрығы) негізге алып әзірленді.
    Бағдарламаны әзірлеу барысында Шалқар ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқарудың ағымдық жай-күйіне талдау жүргізілді, мәселелер анықталып, экологиялық заңнама талаптарына сәйкес, аудан аумағында коммуналдық қалдықтарды басқарудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді жүйесін құруға бағытталған шаралар кешені әзірленді.
    Бағдарламаның негізгі бағыттарын жүзеге асыру үдерісі Шалқар ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді: қалдықтарды басқару бойынша қажетті инфрақұрылымды жаңғыртуға, ТҚҚ жинау, тасымалдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін жетілдіруге, қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыруға, көмуге бағытталған қалдықтардың көлемін азайтуға, ТҚҚ жаңа полигондарының құрылысына, қалдықтарды бөлек жинау бойынша тұрғындардың хабардарлығын жоғарылатуға.
    Бағдарламаның жүзеге асырудың негізгі мақсаты Шалқар ауданында, жалпы Ақтөбе облысында қоршаған ортаға қалдықтардың теріс әсерін төмендетуге, жалпы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы Қазақстан Республикасының стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізуге жағдай жасайды.
    1.ШАЛҚАР АУДАНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ АУДАННЫҢ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАРЫ
    Шалқар ауданы Ақтөбе облысының орталық және оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ақтөбе облысындағы жер ауданы мен халық саны жағынан ең үлкен аудан. Аудан Ақтөбе облысы аумағының 20,6% алып жатыр - 61,9 мың кв км.
    Шалқар ауданы Ақтөбе губерниясының құрамында 1921 жылдың 21 қазанында құрылды. 1922 жылы 5 шілдеде Шалқар уезді болып қайта құрылды. 1928 жылы аудан Ақтөбе округының құрамына енгізілді. 1930 жылы Қазақ АССР тікелей бағынуына өтті. 1932 жылы Ақтөбе облысына қарады.
    2000 жылы 10 наурызда Қазақстан Президентінің Жарлығымен орыс тіліндегі Челкар атауының транскрипциясы Шалқар ауданы болып өзгертілді.
    Шалқар ауданының аудан орталығы – Шалқар қаласы – жергілікті транспорттық торап, осы торап арқылы ауданның басты автокөлік жолдары және Қандыағаш-Шымкент темір жол тармағы өтеді.
    2024 жылдың 1-қаңтарындағы мәлімет бойынша аудан халқы 42 351 адамды (Шалқар ауданы әкімдігінің мәліметтері бойынша) құрайды. Қала халқы 27 971 адам, ауылдық тұрғындар – 14 380 адам.
    Шалқар ауданының экономикалық негізін темір жол транспортының кәсіпорны құрайды, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы соның ішінде мал шаруашылығы құрайды. Өнеркәсіп дамымаған және тағам салаларының кәсіпорындары бар.
    Шалқар ауданы 12 ауылдық округтен тұрады, оның ішінде 30 ауылдық тұрғын пункттер мен 1 қалалық әкімшілік бар (1-кесте). Шалқар ауданының тұрғын пункттері басты транспорттық желілердің жанында орналасқан.
    1-кесте - Шалқар ауданының әкімшіліктік-аумақтық бөлінісі
    Ауыл­дық округ
    Тұр­ғын пункт
    Хал­қы, тұр­ғын­дар
    Шал­кар қа­ла­сы
    Шал­кар қ
    27979
    Ай­шу­ақ а/о
    1576
    Бе­гім­бет а.
    1439
    Есе­та­та а.
    137
    Ақ­то­ғай а/о
    743
    Ко­тыр­тас а.
    588
    Ақ­тан ба­тыр атын­да­ғы а.
    63
    Қор­ған­жар а.
    92
    Бо­зой а/о
    2760
    Бо­зой а.
    2626
    Каң­бақ­ты а.
    134
    Бір­шо­ғыр а/о
    1578
    Бір­шо­ғыр а.
    1175
    Ала­бас а.
    155
    Сар­сай а.
    248
    Е. Кө­ті­ба­рұ­лы а/о
    636
    Бай­қа­дам а.
    636
    Жа­ңа­қо­ныс а/о
    618
    Ақ­қай­тым а.
    509
    Қо­па­сор а.
    109
    Кі­ші­құм а/о
    1776
    Ші­лік­ті а.
    992
    с. Акес­пе а.
    30
    с. Ка­ра­шо­кат а,
    398
    с. Шо­кы­су а.
    356
    Қа­уы­л­жыр а/о
    1484
    с. Ка­уы­л­жыр а.
    925
    с. Кай­да­уыл а.
    506
    с. Ул­пан а.
    53
    Мөң­ке би
    1085
    Мөң­ке би а.
    1085
    То­ғыз а/о
    935
    То­ғыз а.
    427
    Жы­лан а.
    149
    Кө­п­мо­ла а.
    189
    Кең­да­ла а.
    102
    Тас­бұ­лақ а.
    68
    Шал­кар а/о
    541
    Жы­л­тыр а.
    495
    Тал­ды­құм а.
    46
    Ше­тыр­ғыз а/о
    648
    Қа­ра­то­ғай а.
    462
    Ту­ма­лы­көл а.
    186
    Аудан дамуының негізгі құжаттары болып мыналар табылады:
    Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары (Облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген, 14 желтоқсан, 2022 жыл № 161);
    Ақтөбе облысының 2022-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары (Ақтөбе облысының 2022-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 38 Қаулысы);
    Ақтөбе облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы;
    Ақтөбе облысының 2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ТҚҚ апатты үйінділерінің алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізу жоспарлануда (облыс мәслихатының 2022 жылғы 17 тамыздағы № 150 шешімімен бекітілген).
    2. ШАЛҚАР АУДАНЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРЫН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ АҒЫМДЫҚ ЖАЙ-КҮЙДІ ТАЛДАУ
    2.1 Коммуналдық қалдықтардың түзілуі және қайта өңдеудің сандық көрсеткіштері
    ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасында жыл сайын 4 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар (ары қарай - ТҚҚ) түзіледі.
    Ақтөбе облысында шамамен 300 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар түзіледі, оның тек 18,7% қайта өңделеді (облыстық әкімдіктің мәліметтері бойынша).
    Шалқар ауданында жылына 2-3 мың тонна коммуналдық қалдықтар түзіледі («Шалқар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі» ММ мәліметтері бойынша).
    2-кестеде Шалқар ауданындағы 2021-2023 жж. ТҚҚ түзілу және қайта өңдеу көлемі туралы мәліметтер ұсынылған.
    2-кесте. ҚР, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы бойынша 2020-2022 жылдардағы ТҚҚ түзілу және қайта өңдеу көлемі
    Атауы
    Өлшем бірлігі
    жылдар
    2020
    2021
    2022
    1
    ТҚҚ түзілу көлемі
    1.1
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы*
    тон­на
    4 214 056
    4 340 630
    4 100 000
    1.2
    Ақ­тө­бе об­лы­сы**
    тон­на
    299 764
    300 886
    303 741
    1.3
    Шал­қар ауда­ны ***
    тон­на
    1977
    2560
    3200
    2
    Түзілген ТҚҚ жалпы көлемінен қайта өңдеу үлесі
    2.1
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы*
    %
    21,1
    25,4
    24
    2.2
    Ақ­тө­бе об­лы­сы**
    %
    10,7
    15,0
    18,7
    2.3
    Шал­қар ауда­ны***
    %
    0
    0
    0
    *ҚР ЭТРМ мәліметтері
    ** Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметтері
    *** Шалқар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мәліметтері.
    2-кестеде көрсетілгендей, Шалқар ауданындағы ТҚҚ түзілуінің орташа жылдық көлемі 2565 тоннаны немесе Ақтөбе облысы бойынша ТҚҚ түзілуінің жалпы көлемінен 1,7% құрады.
    Шалқар ауданында ТҚҚ қайта өңдеу жоқ.
    2.2 ТҚҚ сапалық құрамы
    Қалдықтардың сапалық құрамы оның морфологиялық құрамы бойынша анықталады, себебі қалдықтардың морфологиялық құрамы ТҚҚ жұмыс істеу бойынша оңтайлы шешімдермен қатар, жинау, жою жүйесіне де талаптарды анықтайды.
    Қалдықтардың морфологиялық құрамы – қасиетімен, пайда болуымен, жалпы массадағы пайызбен көрсетілетін, химиялық құрамымен бір-бірінен ерекшеленетін жеке құрамдас (компонент) өндіріс және тұтыну қалдықтарының қатынасы. Шығарылатын және\немесе қайта өңдеуге жатқызылатын қалдықтардың көлемін нақты бағалау үшін ТҚҚ талдау барысында қолданылады.
    Морфологиялық құрамы бойынша ТҚҚ тағам қалдықтары; қағаз және картон; полимерлер (пластик, пластмасса), шыны; қара металл; түсті металл; мата; ағаш; қауіпті қалдықтар (батарейкалар, құрғақ және электролитті аккумляторлар, еріткіш, бояу ыдыстары; сынапты шамдар; телевизиялық кинескоп және т.б.) сүйек, тері, компоненттері алынғаннан кейінгі коммуналық қалдықтардың қоқыстары, құрылыс қоқыстары, тас, көше қалдықтары және т.б. секілді компоненттерден тұратын күрделі қоспа (Тұрмыстық қатты қалдықтардың морфологиялық құрамын анықтау әдістемесі, Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылығы істері бойынша ҚР агенттігінің төрағасының 2012 жылғы 10 ақпандағы № 4 бұйрығы).
    Қазақстанда ТҚҚ морфологиялық құрамының орташа көрсеткіштері келесідей: тағам қалдықтары (37,2), пластик (16,2%), макулатура (11,1%). Қалдықтардың (11%) компоненттері және басқалары алынғаннан кейінгі бөліктері коммуналдық қалдықтарға жатқызылады («Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ 2020 жылы Қазақстан қалаларында жүргізген зерттеу мәліметтері бойынша анықталды).
    Ауылдық жерлердегі қалдықтардың морфологиялық құрамы қаладағы қалдық құрамынан өзгешеленеді. Мұнда органикалық қалдықтар басым және пластмассаның, қораптық материалдардың, қағаз және картонның аз бөлігі кездеседі. Қалдықтардың органикалық бөлігі шындығында үйінділерге немесе полигондарға тасталынбайды, жануарларға жем-қор ретінде беріледі немесе үй жағдайында қордаланады. Ағаш, қағаз және картондар үй пештерінде жағылады. Полигонға келіп түсетін қалдықтардың басым бөлігі қождар, құрылыс материалдары және сынған шынылар.
    Шалқар полигонындағы ТҚҚ морфологиялық құрамына зерттеуді «ГидроЭкоРесурс-L» ЖШС атмосфераға мүмкін шығарындылардың нормативтері жобасын әзірлеу барысында жүргізген. Қалдықтардың морфологиялық құрамы: органика-28%, қағаз, картон-19,7%, ағаш -3,4%, металлолом-7,5%, тоқыма -3,1%, резеңке-5,4%, шыны - 4,5%, құрылыс қалдықтары (тас, кірпіш, сынған бетон) – 10,1%, пластмасса-8,3%, басқалары-10%.
    Қалдықтардың морфологиялық құрамы туралы ақпараттар қалдықтармен жұмыс жасауды тиімді жоспарлау мен басқаруды қамтамасыз етеді: қауіпсіз жинау мен тасымалдау жүйесін ұйымдастыру; пайдалануға немесе зарарсыздандыруға осы немесе басқа технологияларды қолдану негіздемесі; екінші реттік қайта өңдеуге жарамды пайдалы компоненттердің нақты құрамы; кәдеге жаратудың тиімді технологиясын таңдау.
    2.3 Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары және тарифтер
    Болашақта коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін жоспарлау үшін, коммуналдық қалдықтарды басқарудың барлық үдерісін ескере отырып, ауданда бір есептік бірлікке жинақталатын коммуналдық қалдықтардың саны туралы ақпараттар қажет.
    Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу үшін негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі № 347 Бұйрығымен бекітілген коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын есептеу ережелері, Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен бекітілген Халыққа тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдауғ сұрыптау және көму тарифтерін есептеу әдістемесі болып табылады.
    Ақтөбе облысы Шалқар ауданы мәслихатының 2022 жылғы 14-қыркүйектегі № 300 шешімімен коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормалары бекітілген (3-кесте).
    Аудандағы 1 тұрғынға коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары 1,6 м3, құрайды, яғни жайлы жабдықталған үйлер үшін 320 кг және жайлы жабдықталмаған үйлер үшін 1,96 м3, яғни 392 кг.
    3-кесте – Шалқар ауданындағы коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
    Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­дың жи­нақ­та­лу ны­сан­да­ры­ның түр­ле­рі
    Есеп­тік бір­лік
    1 есеп­тік бір­лік­ке жыл­дық нор­ма, м3
    1
    Жай­лы жаб­дық­тал­ған үй­лер
    1 тұр­ғын
    1,6
    2
    Жай­лы жаб­дық­тал­ма­ған үй­лер
    1 тұр­ғын
    1,96
    3
    Жа­тақ­ха­на, ин­тер­нат­тар, ба­ла­лар үйі, қарт­тар үйі және осы­ған ұқсас үй­лер және т.б.
    1 орын
    0,37
    4
    Қо­нақ үй, ши­па­жай, де­ма­лу орын­да­ры
    1 орын
    0,40
    5
    Ба­ла­лар бақ­ша­сы, яс­ли және бас­қа да мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар.
    1 орын
    0,27
    6
    Ме­ке­ме­лер, ұй­ым­дар, офи­стер, кон­то­ра­лар, бай­ла­ныс ор­та­лық­та­ры
    1 қыз­мет­кер
    0,32
    7
    Ем­ха­на­лар, ме­ди­ци­на­лық ор­та­лық­тар
    1 рет­тік ем­де­лу
    0,07
    8
    Ау­ру­ха­на, бас­қа да ем­деу-са­уық­ты­ру ме­ке­ме­ле­рі
    1 кой­ко-орын
    0,91
    9
    Мек­теп және бас­қа да бі­лім бе­ру ор­та­лық­та­ры
    1 уча­щий­ся
    0,08
    10
    Мей­рам­ха­на, ка­фе, бас­қа да кө­ңіл кө­те­ре­тін орын­дар және қо­ғам­дық та­мақ­тан­ды­ру орын­да­ры.
    1 оты­ра­тын орын
    1,40
    11
    Те­атр­лар, ки­но­те­атр­лар, кон­церт­тік зал­дар, түн­гі клуб­тар, ой­ын ав­то­мат­та­ры, ком­пью­тер­лік клуб­тар
    1 оты­ра­тын орын
    0,06
    12
    Му­зей, көр­ме
    Жал­пы ауда­ны­нан1 м2
    0,04
    13
    Ста­ди­он­дар, спорт­тық алаң­дар
    Жо­ба бой­ын­ша 1 орын
    0,12
    14
    Спорт­тық, би және ой­ын зал­да­ры
    Жал­пы аудан­нан 1 м2
    0,06
    15
    Азық-тү­лік және өнер­к­ә­сіп­тік та­у­ар­лы дү­кен­дер мен ара­лас дү­кен­дер
    Са­уда ала­ңы­нан 1 м2
    0,40
    16
    Ма­ши­на­мен са­уда
    Са­уда оры­нан 1 м2
    0,59
    17
    Ба­зар, са­уда па­ви­льон­да­ры, дүң­гір­шек­тер, на­у­а­лар
    са­уда алаң­да­ры­нан 1 м2
    0,48
    18
    Кө­тер­ме са­ту орын­да­ры, өнер­к­ә­сіп­тік және азық тү­лік­тік та­у­ар­лар қой­ма­сы
    жал­пы аудан­нан 1 м2
    0,48
    19
    Тұр­мыстық үй­лер: ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту
    жал­пы аудан­нан 1 м2
    0,10
    20
    Те­мір­жол вок­за­лы, ав­то­бе­кет­тер, аэро­порт­тар
    жал­пы аудан­нан 1 м2
    1,23
    21
    Жа­ға­жай, кө­ше қал­дық­та­ры
    жал­пы аудан­нан 1 м2
    0,05
    22
    Дә­рі­ха­на­лар
    Са­уда ала­ңы­нан 1 м2
    0,19
    23
    Ав­то­тұ­рақ­тар, ав­то­жу­ғы­штар, АЗЭ
    1 кө­лік оры­ны
    0,62
    24
    Ав­то ше­бер­ха­на­лар
    1 қыз­мет­кер
    1,27
    25
    Га­раж ко­опе­ра­тив­те­рі, га­раж, пар­кинг­тер
    на 1 га­раж-га­раж­ға
    0,81
    26
    Ша­шта­раз­дар, кос­ме­ти­ка­лық са­лон­дар
    1 жұ­мыс оры­ны
    0,74
    27
    Кір жуу, хим­чист­ка­лық та­за­лау, тұр­мыстық тех­ни­ка­ны жөн­деу, тігін ате­лье­сі
    жал­пы аудан­нан 1 м2
    0,55
    28
    Зер­гер­лік бұй­ым, аяқ ки­ім­ді са­ғат­ты жөн­деу
    жал­пы аудан­нан 1 м2
    0,45
    29
    Ша­ғын жөн­деу жұ­мыста­ры және қыз­мет көр­се­ту (кі­лт дай­ын­дау және т.б.).
    1 жұ­мыс оры­ны
    0,94
    30
    Мон­ша, сау­на
    жал­пы аудан­нан 1 м2
    0,23
    31
    Қа­ла ау­ма­ғын­да заң­ды түр­де іс-ша­ра­лар­ды жап­пай ұй­ым­да­сты­ру, са­ябақ қал­дық­та­ры
    1000 қа­ты­су­шы
    0,07
    32
    Бау-бақ­ша ко­опе­ра­тив­те­рі
    1 жер те­лі­мі
    0,47
    Экологиялық заңдылық бойынша (ҚР ЭК 367 бап, 3-тармақ) тұрғындар жариялық келісім-шарт негізінде ТҚҚ орталықтандырылған жүйесін пайдалануға және мәслихатпен бекітілген тарифке сәйкес қалдықтарды тасымалдау қызметіне ақы төлеуге міндетті. Шалқар ауданы бойынша тұрғындарға арналған тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтер «2022 жылдың 17 қарашасындағы № 323 «Шалқар ауданының тұрғындары үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді бекіту туралы» Шалқар аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылдың 27-қазанында № 111 шешімімен бекітілген (4-кесте).
    4-кесте - Шалқар ауданының тұрғындары үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға сұрыптауға және көмуге тарифтер
    ата­уы
    Есеп­тік бір­лік
    Тең­ге (қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын­сыз)
    Жай­лы жаб­дық­тал­ған үй­лер
    1 тұр­ғын­ға ай­ы­на
    105,00
    Жай­лы жаб­дық­тал­ма­ған үй­лер
    1 тұр­ғын­ға ай­ы­на
    128,62
    Бір­лік­ке жыл­дық та­риф (кө­ле­мі)
    1 м3
    787,48
    2.4 Коммуналдық қалдықтарды басқаруың қолданыстағы жүйесін бағалау
    Қалдықтарды жинау, жинақтау және бөлек жинау
    Шалқар ауданы негізінен жеке үй иеліктері бар ауылдық тұрғын пункттерден тұрады. Жайлы жабдықталған үйлер тек аудан орталығында – Шалқар қаласында ғана бар. Мұнда аудан халқының басым бөлігі тұрады. Тек Шалқар қаласында ғана ТҚҚ жергілікті полигондарына коммуналдық қалдықтарды орталықтан жинау және шығару жүзеге асырылады.
    Шалқар қаласында 23 контейнерлік алаңдарда қалдықтарды араластырып жинауға арналған 109 контейнер орнатылған. Бұл контейнерлер саны қала халқы үшін жеткіліксіз, себебі, мұнда 155 көше орналасқан (кей көшелерде бірде-бір контейнер жоқ). Көптеген контейнерлер қанағаттанарлықсыз техникалық күйде, ескірген, мыжылған, аз сыйымдылықты. Контейнерлік алаңдар санитарлық және экологиялық талаптарға жауап бермейді. ТҚҚ бөліп жинауға арналған контейнерлер жоқ.
    Қалдықтарды жинау және шығарумен «Көшетов ММ» ЖК айналысады. Қалдықтар Шалқар полигонына жіберіледі, мұнда қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат етілген. Қалдықтарды жинаумен 42 351 аудан тұрғындарының 27 971 тұрғыны (Шалқар қаласының тұрғындары) қамтылған, яғни 66%-ды құрайды.
    Шалқар ауданының қалған тұрғын пункттерінің барлығында қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі жоқ. Ауылдық тұрғын пункттердің барлығы да жеке секторлар. Әрбір үй шаруашылығы ауласынан қалдықтарды шығару үшін шығару қызметіне тапсырыс береді немесе жеке автокөлігімен шығарады. ТҚҚ-ды өз аулаларында жинақтайды, тағамдық қалдықтарды үй жануарларына береді, қағаз, картон, ағаш секілді қалдықтарды үй пештеріне жағады. Әр үйдің аулаларында апатты үйінділер бар. Қалдықтарды жергілікті үйінділерге шығару жеке өз бетінше жүзеге асырылады, мұндай үйінділер әрбір ауылдық округтерде бар. Жергілікті үйінділер қоршалмаған, экологиялық және санитарлық талаптарға жауап бермейді, адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті.
    ТҚҚ жинауды талдау нәтижелері бойынша айқындалды:
    - коммуналдық қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі тек аудан орталығы Шалқар қаласында ғана;
    - контейнерлер сыйымдылығы бойынша шағын, басым көпшілігі ескірген, қанағаттанарлықсыз жай-күйде;
    - қалдықтарды жинау үшін контейнерлер саны жетпейді;
    - контейнерлер қалдықтарды араластырып жинауға арналған;
    - контейнерлік алаңдар бекітілген санитарлық және экологиялық талаптарға жауап бермейді.
    Қалдықтарды бөлек жинау
    Қалдықтарды бөлек жинау ұйымдастырылмаған. Қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер жоқ.
    Қалдықтарды тасымалдау
    ТҚҚ шығару тек Шалқар қаласында ғана жүзеге асырылады. Шығару қызметімен «Көшетов М.М.» ЖК айналысады.
    Қалған тұрғын пункттерде қалдықтарды шығарудың орталықтандырылған жүйесі жоқ. Жергілікті тұрғындар ауылдық үйінділерге ТҚҚ өз бетінше шығарумен айналысады.
    ҚР Экологиялық Кодексіне сәйкес (ҚР Экологиялық Кодексі) (337 бап) қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау бойынша, қауіпсіз қалдықтарды қалпына келтіру және жою бойынша іс-әрекеттерді жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері ҚР ЭТРМ іс-әрекеттің басталғандығы туралы хабарлау керек.
    Шалқар ауданында қалдықтарды басқарумен үш компания жүзеге асырады. Шалқар ауданындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізімі іс-әрекетті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізімі 5-кестеде көрсетілген.
    5-кесте – Шалқар ауданындағы іс-әрекетті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізімі
    Ата­уы
    Ме­кен-жайы
    1
    ТОО "Nur Taza Qala" ЖШС
    Ақ­тө­бе об­лы­сы, Шал­қар қа­ла­сы, Әй­те­ке би 63
    2
    «ЕРА­СЫЛ" ЖК
    Ақ­тө­бе об­лы­сы, Шал­қар қа­ла­сы Тұң­ға­та­ров кө­ше­сі, 26
    3
    «Кө­ше­тов М. М.» ЖК
    Ақ­тө­бе об­лы­сы, Шал­қар қа­ла­сы, Га­га­рин кө­ше­сі, 2Б
    ҚР ЭК 367 бабына сәйкес, ТҚҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесі ТҚҚ нарығына қатысушыларды анықтау бойынша конкурс (тендер) жүргізу көмегімен ұйымдастырылады.
    Шалқар ауданында ТҚҚ жинауды және шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін анықтау конкурсы бойынша «Көшетов М.М.» ЖК жеңіп алды.
    Қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу
    Ауданда екінші шикізатты (пластик, шыны, қағаз және картон қалдықтары) және т.б., қабылдайтын пункттер жоқ.
    Қалдықтарды көму
    Шалқар қаласында коммуналдық қалдықтар полигоны жұмыс істеп тұр. Полигон Шалқар қаласынан 4 км қашықтықта орналасқан. Полигон иесі – «Көшетов М. М.». Қалдықтарды жинақтау әдістері – карталардағы ашық әдіс. Полигон қызметінің негізгі түрлері Шалқар қаласы мен Шалқар ауданының тұрғын пункттерінен өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау, қоймалау, көму болып табылады. Полигон аумағы 7,97 га, сыйымдылығы нығыздалған күйінде 142150 м³. Полигон 2011 жылы пайдалануға берілді. Пайдаланудың есептік мерзімі – 15 жыл.
    Жаңақоныс, Есет Көтібарұлы, Ақтоғай, Мөңкеби, Кішіқұм, Тоғыз, Бозой, Қауылжар, Шалқар, Айшуақ, Бершүгір ауылдық округтерінде ТҚҚ арнайы алаңдарға орналастыруға және пайдалануға актілері бар. Бірақ, коммуналдық қалдықтар көрсетілген алаңдарда ғана емес, ауданның әрбір тұрғын пункттерінде санитарлық және экологиялық таалптарға жауап бермейтін түзілген қоқыс үйінділеріне төгіледі.
    Апатты үйінділер
    Ауданда әрбір тұрғын пункттерде апатты үйінділер түзілген, оның басты себебі, қалдықтарды жинаумен шығарудың орталықтандырылған жүйесінің және қажетті инфрақұрылымның болмауымен сипатталады.
    2.5 Қалдықтардың жеке түрлерін басқару жүйесін талдау
    Құрамында сынабы бар қалдықтар
    Құрамында сынабы бар қалдықтарға (ары қарай ҚСБҚ) тұтынушылық қасиетін жойған құрамында сынабы бар шамдар мен приборлар жатады. ҚР ЭК 351 бабына сәйкес, құрамында сынабы бар шамдар мен приборлар қалдық ретінде танылады және полигондарға көмуге жарамсыз, сондықтан олар қалдықтарды кәдеге жарататын мамандандырылған ұйымдарға берілуі керек. Осыған байланысты ҚСБҚ жинау ұйымдастырылған.
    Республикалық мәндегі қала, астана және аудандық жергілікті атқарушы органдар (облыстық маңызы бар қалалар) тұрғындарда бұрын қолданылған құрамында сынабы бар энергияны үнемдейтін шамдарды кәдеге жаратуды ұйымдастыруға жауапты (ҚР «Энергия үнемдеу және энерготиімділікті арттыру туралы» 13.01.2012 жылдың № 541-IV Заңы).
    Шалқар ауданында ҚСБҚ тұрғындардан жинайтын контейнерлер жоқ. Тұрғындардан түзілетін қоректік көздер мен ҚСБҚ, ТҚҚ араласып контейнерлерге жинақталады және жалпы ағынмен бірге қоршаған ортаға зиян келтіре отырып, үйінділерге тасталынады.
    Электрлік және электрондық жабдық қалдықтары (ЭЭЖҚ)
    Электрондық және электрлік жабдық қалдықтарға барлық пайдаланылған батареялар немесе электрлік желі арқылы жұмыс істеген заттар (теледидар, компьютер, тоңазытқыш, радиоқабылдағыш, электрлік балалар ойыншықтары, компакт-диск және т.б.) және олардың элементтері (мысалы, батарея) жатады.
    ЭЭЖҚ полигондарға көму үшін қабылдауға тиым салынады. Жеке тұлғалардан электрлік және электрондық жабдық қалдықтарын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды мердігерлік ұйымдар жүзеге асырады (ҚР ЭК 351 б).
    Шалқар ауданының тұрғындарынан ЭЭЖҚ бөлек жинау ұйымдастырылмаған, сондықтан олар жалпы ағынмен бірге үйінділерге түседі.
    Ауданда ЭЭЖҚ кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жүйесі жоқ.
    ҚР Экологиялық Кодексінің (365 б) талаптарына сәйкес, ЭЭЖ қалдықтарының қауіпті құрамдары бөлек жиналып, мамандандырылған кәсіпорындарға қайта қалпына келтіру үшін өткізілмейді.
    Ірі көлемді және құрылыс қалдықтары
    Экологиялық заңнамаға сәйкес, жеке тұлғалар өз бетінше ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын шығаруға мүмкіндігі бар арнайы ұйымдастырылған алаңдарға жинақталуы керек. Мұндай алаңдар Шалқар ауданында жоқ. Ірі көлемді және құрылыс қалдықтары басқа қалдықтармен бірге полигондарға шығарылады.
    Жергілікті әкімдіктің маңызды міндеті ірі көлемді және құрылыс қалдықтарына арналған арнайы ұйымдастырылған алаңдарды құру және оларды тасымалдау бойынша мамандандырылған компанияларды анықтау болып табылады.
    Тағам қалдықтары
    Ауданда тағам қалдықтарын бөлек жинау ұйымдастырылмаған. Аудан негізінен жеке үй құрылысы бар ауылдық тұрғын пункттерден тұрады, мұнда тағам қалдықтары үй жануарлары мен төрт түлікке жем-қор ретінде пайдаланылады. Шалқар ауданында контейнерлік алаңдардағы тағам қалдықтары басқа қалдықтармен бірге контейнерлерге төгіледі, кейіннен полигонға жіберіледі.
    2.6 Қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларға бөлінген қаржыларды талдау
    Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына бөлінген қаржы көлемі 6-кестеде көрсетілген (Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша).
    6-кесте – Шалқар ауданы бойынша 2020-2022 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғауға бөлінген ағымдық шығындардың көлемі
    жыл­дар
    2020
    2021
    2022
    Шы­ғын кө­ле­мі (мың тең­ге)
    219 000
    90 625
    112 678
    Шалқар ауданында контейнерлерді сатып алу, контейнерлік алаңдарды жөндеу, апатты үйінділерді жою, қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлерді сатып алу мен жөндеу және тағы басқа шығындары туралы мәліметтер жоқ.
    Ауданның барлық өңірінде қалдықтарды басқарудың орталықтандырылған жүйесін құру үшін жаңа контейнерлерді, қоқыс таситын көліктерді сатып алу, контейнерлік алаңдарды құру, ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған арнайы орындарды құру, экологиялық, құрылыс және санитарлық талаптарға сәйкес келетін полигондарды құру, қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру, ауылдық округтерден қалдықтарды жинау және шығару бойынша компанияларды анықтау, құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтарды қабылдау пункттерін ашу және т.б. керек.
    Мұның барлығы да қосымша шығындарды талап етеді, сол себепті, жергілікті бюджетте қарастырылуы керек.
    2.7 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін болжау
    Ақтөбе облысының даму жоспарына сәйкес, Шалқар ауданында тұрғындар санының артуы, жаңа кәсіпорындардың ашылуы, экономикалық көрсеткіштердің өсуі, өмір сапасының жақсаруы, халық табысының артуы, коммуналдық қалдықтарды орталықтан жинау және шығару жүйесімен қамтылатын тұрғындар санының артуы байқалады деп жоспарлануда. Нәтижесінде кәсіпорындар мен тұрғындардан ТҚҚ түзілген және жиналған санының артуы болжамдануда.
    ЭТРМ ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасында коммуналдық қалдықтардың жыл сайынғы өсімі 5% құрайды. 7-кестеде 2028 жылға дейінгі Шалқар ауданында қалдықтарды түзілу болжамы келтірілген.
    7-кесте – 2028 жылға дейін Шалқар ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілуін болжау
    Ата­уы
    Түзілген қалдықтардың нақты саны
    ТҚҚ жоспарланған түзілу көлемі
    Жыл­дар
    2021
    2022
    2023
    2024
    2025
    2026
    2027
    2028
    ТҚҚ тү­зі­луі, тон­на
    1977
    2560
    3200
    3360
    3528
    3704
    3889
    4083
    Есептеулер 2022 жылдан кейінгі әр жыл сайын және 2023 жылдан кейін әр 2 жыл сайын қалдықтар санын 5%-ға арттырылып көрсетілген.
    Түзілген қалдықтар санының өсуі болжамданып жатқандықтан, «жасыл экономиканың» мақсаттық индикаторларына қол жеткізу мақсатымен Шалқар ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру қажет (Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өтуі жөніндегі тұжырымдама туралы» ҚР Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 10 маусымдағы № 568 Жарлығы (8-кесте).
    8-кесте – Қалдықтарды басқару жөніндегі «жасыл экономиканың» мақсаттық индикаторлары
    2022 ж.
    2030 ж.
    2040 ж.
    2050 ж.
    Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды жи­нау және шы­ға­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­мен тұр­ғын­дар­ды қам­та­ма­сыз ету (%)
    82
    90
    100
    100
    Жал­пы тү­зі­лу кө­ле­мі­нен ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды қай­та өң­деу және кә­де­ге жа­ра­ту үле­сі (%)
    25-,4
    40
    50
    60
    2.8 Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша ағымдық жағдайды талдау бойынша қорытындылар
    Шалқар ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша ағымдық жағдайды талдау көрсеткендей, қалдықтарды жинау мен шығарудың орталықтандырылған жүйесі тек Шалқар қаласында құрылған. Ауданның барлық ауыл тұрғындары жергілікті үйінділерге немесе полигондарға ТҚҚ өз бетінше шығарумен айналысады.
    Шалқар ауданында экологиялық заңнама талаптарына сәйкес келетін коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру және келесі өзекті мәселелерді шешу қажеттілігі туындайды:
    • ауылдық округтерде қалдықтарды орталықтан жинау мен шығарумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындардың болмауы;
    • Шалқар қаласында орнатылған контейнерлердің тозуы;
    • Ауылдық округтерде контейнерлік алаңдармен контейнерлердің болмауы;
    • Шалқара қаласындағы контейнерлік алаңдардың бекітілген экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келмеуі;
    • Тұрғындардан құрамында қауіпті заттары бар қалдықтарды (ҚҚЗҚ, ЭЭЖҚ, медициналық) жинаудың ұйымдастырылмауы;
    • Апатты үйінділердің үлкен саны;
    • ТҚҚ бөлек жинауға арналған қоқыс сұрыптайтын желінің болмауы;
    • ТҚҚ жинауға және тасымалдауға арналған (қоқыс таситын машина) инфрақұрылымның ауылдық тұрғын пункттерде болмауы;
    • Қалдықтарды бөлек жинау және қалдықтарды басқару мәселесі бойынша тұрғындардың экологиялық мәдениетінің төменгі деңгейі.
    2.9 Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін талдау
    Шалқар ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін талдау үшін SWOT- талдау жүргізілді, бұл талдау арқылы қалдықтарды басқарудың күшті және әлсіз жақтары, маңызды мүмкіндіктері мен қауіптері анықталды (9-кесте).
    9-кесте – Күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін талдау
    Кү­ш­ті жақ­та­ры
    Әл­сіз жақ­та­ры
    1. Аудан ор­та­лы­ғын­да ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды жи­на­у­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер ор­на­ты­л­ған кон­тей­нер­лік алаң­дар бар.
    2. Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды бас­қа­ру ин­фра­құ­ры­лы­мын жақ­сар­ту­ды жос­пар­лан­ған.
    3. Қар­жы­лан­ды­ру­дың же­ке көз­де­рі­мен по­тен­ци­ал­ды ин­ве­стор­лар­ды тар­ту­ды жос­пар­ла­ну­да.
    1. Ауыл­дық округ­тер­де ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды жи­нау және шы­ға­ру­дың ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­сі­нің бол­мауы.
    2. Қал­дық­тар­ды бө­лек жи­на­удың бол­мауы
    3.3. Қал­дық­тар­ды қай­та өң­деу мен кә­де­ге жа­ра­ту­дың бол­мауы.
    4. Қал­дық­тар­ды бас­қа­ру мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша тұр­ғын­дар­дың эко­ло­ги­я­лық мә­де­ни­е­ті­нің тө­мен­гі дең­гейі.
    Мүм­кін­дік­тер
    Қа­уіп-қа­тер­лер
    1. Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды бас­қа­ру­дың ти­ім­ді жүй­е­сін құ­ру. 2. Қал­дық­тар­ды қай­та өң­деу және кә­де­ге жа­ра­ту жүй­е­сін құ­ру.
    3. Қал­дық­тар­ды бө­лек жи­нау және қал­дық­тар­ды бас­қа­ру мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша тұр­ғын­дар­дың эко­ло­ги­я­лық мә­де­ни­е­тін жо­ға­ры­ла­ту.
    4. Қал­дық­тар­ды бас­қа­ру бой­ын­ша ин­фра­құ­ры­лым­ды да­мы­ту үшін ин­ве­стор­лар­ды тар­ту.
    5. Қай­та­ла­ма ши­кі­заттың әр­түр­лі түр­ле­рі­мен жұ­мыс жа­са­у­ға ар­нал­ған за­ма­на­уи ЕҚ­ЖТ бар бо­луы.
    1. Тү­зі­ле­тін қал­дық­тар­дың кө­ле­мі­нің ар­туы.
    2. Қал­дық­тар жи­нақ­тал­ған зо­на­лар­да­ғы сы­ни эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­лар­дың пай­да бо­луы. 3. Үй­ін­ді ор­на­лас­қан зо­на­лар­да­ғы ат­мо­сфе­ра, то­пы­рақ, су ре­сур­ста­ры­ның ла­ста­нуы.
    4. Рұқ­сат етіл­ме­ген үй­ін­ді­лер са­ны­ның ар­туы.
    Қалдықтарды басқару жүйесінің жай-күйінің күшті және әлсіз жақтарын талдау көрсеткендей, Шалқар ауданында күшті жақтарына қарағанда әлсіз тұстары басымдау, сол себепті, жақын арада коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру үшін міндеттердің толық кешенін шешу керек.
    3. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҚСАТТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
    3.1 Мақсаты және міндеттері
    Бағдарлама мақсаты: Ақтөбе облысы Шалқар ауданының аумағында заңнама талаптарына сәйкес келетін коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру.
    Бағдарлама міндеттері:
    1. Коммуналдық қалдықтарды үнемі шығаруды ұйымдастыру.
    2. Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету.
    3. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және қалыптастыру.
    4. ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту.
    5. Қалдықтарды бөлек жинау саласындағы, сонымен қатар, қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы тұрғындардың мәдениеті мен қызығушылықтарын жоғарылату.
    3.2 Мақсаттық көрсеткіштер
    Бағдарламаның мақсаттық көрсеткіштері Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға (ҚР стратегиялық құжаты) өту тұжырымдамасының талаптарына, сонымен қатар, Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес айқындалған.
    Мақсаттық көрсеткіштер Шалқар ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған (10-кесте).
    10-кесте – 2025-2029 жылдарға арналған Шалқар ауданындағы қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған мақсаттық көрсеткіштер
    р/н
    Мақсаттық көрсеткіштер атауы
    Мақсаттық көрсеткіш мәндері
    Ағым­дық жағ­дай (2022-2024)
    2025
    2027
    2029
    1.
    ТҚҚ жи­нау және шы­ға­ру­дың ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­сі­мен тұр­ғын­дар­дың қам­ты­луы %
    66
    80
    90
    100
    2.
    Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды бө­лек жи­на­уды ен­ді­ру:
    - фрак­ци­я­лар бой­ын­ша, %
    - қал­дық­тар­дың же­ке қа­уіп­ті түр­ле­рі бой­ын­ша (ме­ди­ци­на­лық және сы­на­бы бар, элек­трон­дық және тұр­мыстық) %
    0
    25
    50
    75
    3.
    ТҚҚ кә­де­ге жа­ра­ту және қай­та өң­деу үле­сі (тү­зі­лу кө­ле­мі­нен),
    0
    25
    30
    38
    4.
    Эко­ло­ги­я­лық және са­ни­тар­лық нор­ма­лар­ға сәй­кес ке­ле­тін жа­ңа по­ли­гон құ­ры­лы­сы, бір­лік­пен
    0
    0
    0
    0
    5.
    Тұр­мыстық қат­ты қал­дық­тар­ды жи­нау, кә­де­ге жа­ра­ту және қай­та өң­де­удің, со­ның ішін­де бө­лек жи­на­уды қо­са ал­ған­да ұтым­ды жүй­е­сі ту­ра­лы тұр­ғын­дар­дың ха­бар­дар­лы­ғын жо­ға­ры­ла­ту %
    20
    80
    100
    100
    Орталықтандырылған жүйе шеңберінде тұрғындарды ТҚҚ жинау және шығарумен қамту бойынша мақсаттық көрсеткіштер Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарына сәйкес бекітілген.
    4. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ СӘЙКЕС ШАРАЛАР
    4.1 Барлық тұрғын пункттерден коммуналдық қалдықтарды үнемі шығарып отруды ұйымдастыру
    Барлық тұрғын пункттерден коммуналдық қалдықтар үнемі шығарып отыруды ұйымдастыру үшін қажет:
    - ТҚҚ жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын тұрмыстық қатты қалдықтар нарығына қатысушыларды анықтау;
    - қалдықтарды тасымалдау бойынша қызметтерге төлем жинау және заңды тұлғалармен жариялық ұсыныс келісіміне отыру;
    - ТҚҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді уақытылы және экономикалық негізделген түрде қайта қарастыру.
    ТҚҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын тұрмыстық қатты қалдықтар нарығына қатысушыларды анықтау
    ТҚҚ жинау және тасымалдаумен айналысатын компанияны жергілікті атқарушы органдар конкурс (тендер) жүргізу арқылы анықтайды. ЖАО осы компаниялармен біріге отырып, ТҚҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге бекітілген тарифтерге сәйкес, қалдықтарды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге төлем жинауды ендіру қажет. Тарифті уақытылы қайта қарастырып отыру ұсынылады.
    Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес (367б) ТҚҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесі жергілікті атқарушы органмен ТҚҚ нарығына қатысушыларды анықтау мақсатында конкурс (тендер) жүргізу арқылы ұйымдастырылады. Конкурс тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алулар «Мемлекеттік сатып алулар» туралы ҚР Заңының 4 бөліміне сәйкес жүзеге асырылады, мұнда ТҚҚ жинау және тасымалдау конкурсына қатысушыларға төменгі талаптар бекітілген:
    - қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркеуде бар болуы (ҚР ЭК 337 бабының талаптарына сәйкес);
    - жеке меншігінде спутниктік навигация жүйелерімен жабдықталған көлік құралдарының бар болуы және /немесе жалға алынуы;
    - жеке меншігінде көліктерді қоюға, сақтауға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған жылытылатын өндірістік орындарының бар болуы және немесе жалға алынуы;
    - коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсететін білікті басқарушы және техникалық мамандардың бар болуы;
    - ТҚҚ жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері сұрыптау кешеніне сұрыпталған қалдықтарды жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шартқа отыруы керек немесе өз бетінше сұрыптауды жүзеге асыру керек;
    - ТҚҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және жоюды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шарты болуы керек; сонымен қатар, құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтарды сұрыптау кешеніне жеткізу де келісім-шарт негізінде жүзеге асырылуы керек;
    - ТҚҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері көмуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қалдықтарды жеткізу кезінде полигон операторымен «қалдықтарды қабылдауға» арналған шарты болуы тиіс.
    Шалқар ауданының әкімдігі конкурстық (тендерлік) негізде ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша компанияларды анықтап, олармен келісім-шартқа отыруы керек, ол келісім-шартта ауданның тұрғын пункттерінен және ауылдық округтерінен коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызмет көрсету тәртібін, кестесін және шартын бекітуі керек.
    Коммуналдық қалдықтарды басқаруға келісім-шарт ұзақ мерзімді болуы (кемі 5-10 жыл) керек, бұл ТҚҚ жинау және шығарумен айналысатын субъектілерге өз қаржыларын компанияны дамытуға салуға мүмкіндік береді, бұл компания іс-әрекетінің нәтижелеріне мониторинг жүргізу арқылы орындалған жұмыстардың нәтижелерін көріп, бағалауға мүмкіндік береді.
    Конкурстық (тендермен) негізде таңдалған ТҚҚ жинау және шығарумен айналысатын компания тұрғын пункттерден полигонға жеткізгенге дейінгі қалдықтарды тасымалдаудың оңтайлы желісін әзірлеу керек.
    Заңды тұлғалармен жариялық ұсыныс келісіміне отыру және қалдықтарды тасымалдау қызметтеріне төлем жинау
    ҚР ЭК 367 бабына сәйкес, тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғалар жариялық ұсыныс келісім негізінде орталықтандырылған жүйені пайдалануға және жергілікті атқарушы органмен бекітілген тарифке сәйкес қалдықтарды тасымалдау қызметтеріне төлем төлеуге міндетті.
    Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарудың орталықтандырылған жүйесін дұрыс ұйымдастыру (орнатылған контейнерлердің қажетті санының бар болуы, тендерді ұтып алған мамандандырылған компаниялармен қалдықтарды уақытылы шығару) қалдықтарды тасымалдау қызметіне төлем жинау жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді.
    Аудан тұрғындары қалдықтарды жинау және шығарумен айналысатын мамандандырылған компаниялардың қызметіне уақытылы ақы төлеу қажеттілігі туралы ақпараттануы қажет.
    Шалқар ауданында ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша субъектілерді анықтағаннан кейін жеке тұлғалармен жариялық ұсыныс келісіміне отыру тәжірибесін ендіру қажет. Жариялық ұсыныс нысанындағы келісім мамандандырылған компаниялардың веб-сайтында, аудан әкімдігінің ресми сайтында және БАҚ құралдарында танысу үшін қолжетімді. Жариялық ұсыныс келісімін пайдалану ТҚҚ шығару бойынша қызметтерге ақы төлеу мен жинау көлемін арттырады және тұрғындар үшін қолайлы болып табылады. Осындай келісімдер негізінде төлем жинау жүзеге асырылады.
    Жеке және заңды тұлғаларға мамандандырылған компаниялар қызмет көрсету үшін абоненттік бөліммен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызмет көрсетудегі жедел сұрақтармен тұтынушыларға қызмет көрсету үшін диспетчерлік қызмет жұмысымен қамтамасыз етіледі.
    ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін экономикалық тұрғыдан жүйелі қайта қарау
    Тарифтерді есептеуге негіз болатын «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» құжаты. (Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығы).
    Әдістемеге сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді есептеу өзіндік құн арқылы жүргізіледі, мұнда, калькуляция баптары бойынша топтастырылған ТҚҚ жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды және көмуді жүзеге асыратын нарық қатысушыларының нақты және/немесе нормативті шығындары көрсетіледі.
    Қызметтердің толық өзіндік құны ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша жұмыстарды орындау шығындарының қосындысы, сонымен қатар, жалпы пайдалану және пайдаланудан тыс шығындардың қосындысы ретінде анықталады.
    Калькуляциялық бірліктің өзіндік құны ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша толық өзіндік құнды жиналған және шығарылған ТҚҚ көлеміне бөлу арқылы, ТҚҚ сұрыптау бойынша толық өзіндік құнды сұрыпталған ТҚҚ көлеміне бөлу арқылы, ТҚҚ көму бойынша толық өзіндік құнды көмілген ТҚҚ көлеміне бөлу арқылы анықталады.
    Калькуляция баптарынан көріп отырғанымыздай, тариф шамасы жылдан жылға өзгеріп отырады, себебі, жиналған, шығарылған, сұрыпталған, көмілген қалдықтардың көлемдік шамасы да өзгеріп отырады. Сол себепті, уақытылы индексация жүргізіп, тарифтерді қайта есептеу тұру қажет, бұл мамандандырылған компаниялардың экономикалық жай-күйінің төмендеп кетуінің алдын-алады.
    ҚР Экологиялық Кодексінде тарифтерді қайта қарастырудың нақты мерзімі көрсетілмеген, бірақ 2023 жылдың маусым айында ҚР бәсекені қорғау және дамыту Агенттігі мен ҚР ЭГТРМ бірлесе отырып, ТҚҚ басқару саласындағы бәсекені дамыту жөніндегі жол картасын қабылдады. Жол картасында 2 жылда 1 рет ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін қайта қарау қажеттілігі көрсетілген.
    4.2 Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету
    Жақын арада шешілуі қажет міндеттердің бірі – қоқыс үйінділері болып саналатын ауылдық жерлердегі қалдықтарды орналастыру орындарын жабу және рекультивациялау және ТҚҚ полигондарын жаңғырту.
    Бүгінде Жаңақоныс, Көтібарұлы, Ақтоғай, Мөңке би, Кішіқұм, Тоғыз, Бозой, Қауылжар, Шалқар, Айшуақ, Бершүгір ауылдық округтерінде және Шалқар қаласында полигонды ТҚҚ алаңы ретінде пайдалану және қалдықтарды төгу актісі бар.
    Қалдықтарды көмуге арналған осы орындардың барлығы да экологиялық, құрылыстық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейді. Үйінділер ауылдық округ әкімдігі аппаратының қарамағында.
    Қазақстан Республикасының маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі полигон санын азайту және қолданыстағы полигондардың немесе құрылысы жаңадан жоспарланып жатқан полигондардың экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкестігін қамтамасыз ету.
    Аудандағы үйінділердің көптеген саны адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіреді, сондықтан жақын арадағы міндеттердің бірі үйінділердің бір бөлігін жабу және рекультивациялау, қалдықтарды көметін бірқатар орындарды жаңғырту.
    Бағдарлама шеңберінде Шалқар ауданында қалдықтарды көметін тек 5 орынды ғана қалдыру керек: Шалқар қаласындағы, Мөңке би, Айшуақ, Тоғыз, Бозой ауылдарындағы полигондар және оларды экологиялық заңнама талаптарына сәйкес келтіру.
    ТҚҚ қолданыстағы полигондарына/қалдықтарды көму орындарына (ауылдық тұрғын пункттерде) талаптарды біржолғы/бірреттік оңайлату тетігі бойынша қалдықтарды көметін осы орындардың аумақтарын полигон ретінде рәсімдеу керек. Ауылдық полигондарды заңдастыру және жеңілдету бойынша критерийлер ҚР экология және табиғи ресурстар Министрлігінде қарастырылуда. Қалған ауылдардағы қалдықтарды көму орындарының аумағын рекультивациялау қажет.
    ТҚҚ полигонына арналған талаптар келесі қосымша құжаттарда көрсетілген: ҚР ЭК (25 бөлім), "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығы), ҚР СТ 3696-2020. Тұрмыстық-қатты қалдықтарға арналған аз
    қуатты полигондар. Талаптар. ҚР СН 1.04-15-2013 Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигондар.
    Шалқар а/о, Қауылжар а/о, Кішіқұм а/о полигондарды жабу және рекультивациялау.
    Шалқар қаласындағы полигонға шығарылады: Шалқар қаласы, Шалқар а/о., Шетырғыз а/о., Жаңақоныс а/о.
    Мөңкеби полигонына шығарылады: Мөңке би а/о., Қауылжар а/о., Бершүгір а/о., Ақтоғай а/о.
    Бегімбет ауылындағы полигонға шығарылады: Айшуақ а/о. Е. Көтібарұлы а/о.
    Бозой ауылындағы полигонға шығарылады: Бозой а/о
    Тоғыз ауылындағы полигонға шығарылады: Тоғыз а/о., Кішіқұм а/о.
    Қоқыстарды шығарудың ұсынылатын кестесі 2-қосымшада берілген.
    Шалғай орналасқан және тұрғындары аз ауылдық округтерге арналған қоқыс тиейтін пункттерді құру
    Шалқар ауданында тұрғындары аз және алыс орналасқан ауылдар бар:
    Қорғанжар, Қаңбақты, Алабас, Сарсай, Қопасор, Ақеспе, Шоқысу, Каратоғай, Тумалыкөл, Талдықұм, Тасбұлақ.
    Коммуналдық қалдықтарды басқаруды және қажетті полигон санын азайтуды оңтайландыру үшін, сонымен қатар, қалдықтарды кәдеге жаратудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету мақсатында Шалқар ауданының алыс орналасқан ауылдық округтерінде қоқыс тиеу пункттерін құру мүмкіндігін қарастыру керек. Қалдықтарды уақытша сақтауға арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін алаңдарды құру қажет.
    Бұл қоқыс тиеу пункттері келесі қызметтерді орындайтын болады:
    Қалдықтарды уақытша сақтау: алты айға дейін мерзімде коммуналдық қалдықтарды ары қарай қайта өңдеу немесе көму үшін уақытша сақтау мүмкіндігін ұсынады.
    Қалдықтарды сұрыптау: бұл пункттерде қалдықтарды сұрыптау жүзеге асырылады, яғни қайта өңдеуге жатқызылатын материалдар көмуге жіберілетіндерден бөлініп алынады.
    Тасымалдауды оңтайландыру: Қоқыс тиеу пункттері алыс ауылдық округтерден аудандық орталыққа немесе соңғы көму орындарына қалдықтарды тасымалдау үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
    Мұндай шаралар қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетіп, қалдықтарды тиімді басқаруға жағдай жасайды.
    Рекультивациялау жоспарын әзірлеу, кезеңдік рекультивациялау және ауылдық үйінділердің жерлерін қалпына келтіру
    Жер телімдері рәсімделмеген ауылдық үйінділер аумақтарын кезеңмен рекультивациялау керек.
    Рұқсат етілмеген үйінділерді рекультивациялау бойынша техникалық шешімдер рекультивациядан кейінгі аумақты құрылымдық белгілеуден және пайдаланудан тыс қабылданады.
    Апатты үйінділерді жою
    «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» геопорталы – космостық мониторинг бойынша Ақтөбе облысында 250 рұқсат етілмеген қалдық үйінділері анықталған. Олардың бір бөлігі жойылды, бірақ облыста, соның ішінде Шалқар ауданында апатты үйінділер қайтадан пайда болуда.
    Апатты үйінділердің түзілуі, оларды жою және болдырмау мәселелерін шешуге жергілікті мемлекеттік органдарды қоса алғанда, барлық мүдделі тараптарды тарту арқылы түбегейлі және шешуші әрекеттерді талап етеді. Шалқар ауданының әкімдігі экобелсенділермен және қоғамдық ұйымдармен апатты үйінділерді жедел айқындау және сауатты шешімдер қабылдау үшін тығыз өзара байланысты орнататын болады.
    Үйінділерді зарарсыздандырудың қолданыстағы жалпы қабылданған әдістемесі келесі кезеңдерді іске қосады: үйінділердің қауіптілік деңгейін анықтау; баламалы нұсқаларды таңдау; зарарсыздандыру және рекультивациялау технологияларын әзірлеу.
    Жаңа үйінділердің түзілуінің алдын-алу бойынша негізгі шаралар Шалқар ауданының тұрғындарын қалдықтарды жинау мен тасымалдау бойынша қызметтермен қамту және қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу бойынша шағын және орта бизнес субъектілерімен сауықтыру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
    4.3 Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және оның жұмыс істеуі
    Коммуналдық қалдықтарды жинау және ұнемі шығарып отыру қызметіне ауылдық тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету керек:
    -Коммуналдық қалдықтарды жинау және үнемі шығарып отыру үшін мамандандырылған көлікті сатып алу;
    -ТҚҚ бөлек жинауды (құрғақ және ылғалды фракциялар үшін) ендіру үшін контейнерлер сатып алу;
    -ТҚҚ санитарлық-эпидемологиялық талаптарға сәйкес жинау үшін контейнерлік алаңдардың орнын анықтау және сәйкестендіру;
    -Ірікөлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған алаңдарды ұйымдастыру үшін орындарды анықтау;
    -Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау.
    Коммуналдық қалдықтарды шығару үшін мамандандырылған көліктерді сатып алу
    Коммуналдық қалдықтарды шығаруға арналған мамандандырылған көліктерді сатып алу қалдықтарды басқару жүйесін табысты қалыптастыруға бағытталған негіз болып табылады.
    365 бапқа сәйкес (5т) ЖАО коммуналдық қалдықтарды үнемі шығаруды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. ТҚҚ уақытылы шығаруды ұйымдастыру үшін ТҚҚ тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған көлік құралдары – қоқыс таситын көліктерді сатып алу қажет.
    Бір күнде ауданда 8,7 тонна немесе 43,5м3 қалдық жинақталады. 1 қоқыс шығаратын көліктің сыйымдылығы 20-22 м3. Шалқар қаласындағы полигонға ТҚҚ жинау және шығару үшін 3 қоқыс таситын көлік сатып алу қажет.
    Ауылдық округтерден апта сайын коммуналдық қалдықтарды шығаруды жүзеге асыру жоспарлануда. Мамандандырылған көліктің қажетті санының болмауы қалдықтарды шығару кестесінің орындалуына кедергі келтіруі мүмкін және тұрғындар үшін қолайсыз жағдай туғызуы мүмкін. Нәтижесінде рұқсат етілмеген үйінділердің пайда болуына әкеліп соқтырады. Сатып алынған көлік құралдары ТҚҚ жинау және тасымалдаумен айналысатын және конкурс (тендер) жүргізу арқылы таңдалған компанияға сенімді басқаруға берілетін болады.
    Шалқар ауданындағы коммуналдық қалдықтарды шығарудың ұсынылатын кестесі:
    1. Күн сайынғы шығару: Шалқар қаласы, Жылтыр, Бегімбет, Бозой, Мөңке би, Тоғыз ауылдары.
    2. Апта сайынғы шығару: Ұлпан, Есетата, Қотыртас, Актан батыр атындағы, Біршоғыр, Байқадам, Аққайтым, Қарашоқат, Қауылжыр, Қайдауыл, Жылан, Көпмола, Кеңдала ауылдары.
    3. Шалғай және тұрғыны аз ауылдардағы қоқыс тиеу пункттерінен айына бір рет шығару: Қорғанжар, Қаңбақты, Алабас, Сарсай, Қопасор, Ақеспе, Шоқысу, Қаратоғай, Тұмалыкөл, Талдықұм, Тасбұлақ ауылдары.
    Мұнда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретін, қалдықтарды уақытша сақтауға арналған алаңдарды және қоқыс тиеу орындарын құру қажет.
    Коммуналдық қалдықтарды тасымалдау шығындарын төмендету үшін бекітілген санитарлық және табиғатты қорғау талаптарына сәйкес қалдықтарды шығарудың төменгі жиілігі қабылданады.
    Бастапқы кезеңдерде ауылдық округтердегі коммуналдық қалдықтарды бекітілген кесте бойынша үйлерді, көшелерді аралау жолымен шығарылатын болады. Контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді орнатқаннан кейін шығару контейнерлік алаңдардан жүзеге асырылады.
    Коммуналдық қалдықтарды тасымалдау барысында ыдыссыз әдісті қолдану: мамандандырылған көлік келгенге дейін, жергілікті әкімдікпен бекітілген кестеге сәйкес қоқыстарды жинайтын және тасымалдайтын (шығаратын) күндері ғана көше бойына санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес коммуналдық қалдықтарды шығару.
    Қоқыстарды шығару кестесі тұрғындардың көзқарастарын ескере отырып, жергілікті атқарушы органмен бекітілген коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша мамандандырылған ұйымдарды анықтағаннан кейін ғана құрылатын болады.
    Жылына жинақталатын қалдық санын анықтау үшін жиналған және шығарылған қалдық санына (күнсайын) есеп жүргізу керек.
    ТҚҚ бөлек жинауға (құрғақ және ылғалды фракциялар үшін) арналған контейнерлерді сатып алу
    Қалдықтарды бөлек жинау халықаралық тәжірибеде қалдықтарды басқару жүйесін табысты қалыптастырудың негізі және Қазақстанның экологиялық заңнамасының міндетті талабы болып табылады.
    Қалдықтарды бөлек жинау үдерісі «Қалдықтарды бөлек жинауға, оның ішінде техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығы ескеріле отырып, міндетті бөлек жинауға жататын қалдықтардың түрлеріне немесе топтарына (түрлерінің жиынтығына) қойылатын талаптарды» бекіту туралы құжатында (техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығын ескере отырып, міндетті бөлек жинауға жатқызылатын қалдықтардың топтарына (түрлер жиынтығы) немесе түрлерін, қалдықтарды бөлек жинауға талаптар. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м. а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 482 бұйрығы) нақтыланған.
    СТ 3780-2022 Қалдықтар. Алаңдарда қалдықтарды бөлек жинау үшін контейнер құрамын және коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру үшін контейнерлерді орнату алаңдарына жалпы талаптар бойынша:
    -Электрондық қалдықтарға арналған контейнерлер;
    -ҚСБ қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер;
    -Қағаз және картон қалдықтарына арналған контейнерлер;
    -Батарея қалдықтарына арналған контейнерлер;
    -Тағам қалдықтарына арналған контейнерлер;
    -Шыныға арналған контейнерлер;
    -Пластик қалдықтарына арналған контейнерлер.
    Дегенмен, барлық түрлерге арналған контейнерлерді орнату мүмкіндігі болмаған жағдайда, қауіпті қалдықтарға соның ішінде ҚСБҚ арналған контейнерлерді алып тастағандағы, «құрғақ» және «ылғалды» фракциялар үшін контейнерлер орнатылады.
    Шалқар ауданында қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру үшін әрбір контейнерлік алаңдарда қалдықтарды бөлек жинауға арналған (құрғақ және ылғалды фракция үшін) 2 контейнерден (кем дегенде) алып орнату керек.
    «Ылғалды» фракция құрамы мен сипаты бойынша үй шаруашылығы қалдықтарына ұқсас араласқан, органикалық, тағамдық қалдықтардан тұрады.
    «Құрғақ» фракция қағаз, картон, металл, пластика және шыныдан тұрады.
    Контейнерлер саны тұрғындар санына, қалдықтардың жинақталу нормасына, сақтау мерзіміне және басқа да қажетті факторларға сәйкес анықталады.
    Қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер заңнама талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілінде таңбалануы (жазба) керек, онда мыналар көрсетілуі керек:
    -Жиналатын қалдық түрі (фракциясы) туралы ақпараттық жапсырма/жазба;
    -Контейнердің меншік иесі туралы мәліметтер (атауы, телефоны);
    -Контейнер қызмет көрсететін ұйым атауы.
    Егер де таңбалау түрлі-түсті контейнерге жапсырылатын болса, онда контрасты түспен орындалуы керек.
    Сатып алуға қажетті контейнер санын есептеу қалдықтардың түзілу нормасына (1,6 м3 в жылына 1 тұрғынға және 1,96 м3 – жайлы жабдықталмаған үйлер үшін) және Шалқар ауданының (әр тұрғын пункттер үшін) тұрғындар санына 1,1 м3-ден 1 контейнер көлемінде есептелуі керек. 1-қосымша.
    Жоспарда барлығы 772 контейнер орнату көзделген, оның ішінде 308 контейнер қалдықтарды күн сайын жинау үшін және 464 контейнер – апта сайынғы немесе ай сайынғы шығару үшін орнату қажет. Шалқар қаласында 109 контейнер орнатылғанын ескере отырып, тағы 663 контейнер сатып алу көзделуде (332-құрғақ фракция үшін және 331 «ылғалды» фракциялар үшін).
    Шалқар қаласына жақын арада контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді орнату қажет. Контейнерлердің есептік саны – 248. Орнатылғаны – 109. Тағы да 139 контейнер сатып алу қажет (70 «құрғақ» фракция үшін, 69 – «ылғалды» фракция үшін).
    ТҚҚ жинауға арналған контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру
    Контейнерлік алаңдардың есептік саны – 386 бірлік. Шалқар қаласында 23 КА бар екенін ескерсек, жақын болашақта 363 КА орнату қажет етіледі. Шалқар қаласында контейнерлік алаңдарды жақын арада орнату керек. Есептік саны 124 КА. Орнатылғаны – 23 КА. 101 КА орнату қажет.
    Контейнерлерді орнатқаннан кейін және қалдықтарды шығару кестесін бекіткеннен соң қоқыс шығаратын компания контейнерлердің толуы бойынша бақылау жүргізеді, қажет жағдайда контейнер санын толықтырып немесе шығару санын арттырып отыру керек. Шалқар ауданының контейнерлік алаңдарын «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық талабына (ары қарай -ережелер) сәйкестендіру керек:
    - тұрғын пункттерде контейнерлік алаңдарды тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар нысандарынан, спорттық алаңдардан және уақытша орналасуды қоспағанда (вахталық кенттер, тұрақты емес нысандар мен құрылыстар) тұрғындардың демалатын орындарынан 25 м кем емес қашықтыққа орналастырады
    - алаң аумағы алаңға еркін кіретін жағына қарай қалыңдығы 100 м кем емес температуралық өзгеріске тұрақты қатты асфальтталған немесе бетондалған жабыны болуы керек;
    - периметр бойынша алаң үш жағынан жедел климаттық өзгерістерге және коррозияға тұрақты тұтас материалмен қоршалуы керек;
    - алаңның төртінші жағы басқарушы, қызмет көрсетуші ұйымдар мен тұрғындардың контейнерлермен жұмыс істеуге, қалдықтарды жинауға еркін енуіне мүмкіндік береді;
    - шатыр жедел климаттық өзгерістер мен коррозияға тұрақты тұтас материалдан дайындалады.
    Контейнерлердің меншік иесі ары қарай пайдалануға жарамсыз контейнерлерді жөндеп, алмастыруды ұйымдастырады, қоқыс қабылдайтын камераны, алаңдарды және қоқысқа арналған қоймаларды (контейнерлерді), сонымен қатар қалдықтарды жинауыштарды үнемі жуып, залалсыздандырып және дезинсекциялап (шыбын және басқаларға қарсы) отыруды қамтамасыз ететін шараларды қабылдайды.
    Ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған алаңдарды ұйымдастыру үшін орындарды анықтау
    Ірі көлемді қалдықтарды және құрылыс қалдықтарын шығаруды Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес мамандандырылған ұйымдар тұтынушының тапсырысы бойынша немесе тұтынушымен ірі көлемді қалдықтарды жинау алаңдарына өз бетінше жеткізуін қамтамасыз етеді.
    Қалдықтарды бөлек жинау талаптарына сәйкес (ЭТРМ м.а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 482 Бұйрығы, 19-тармақ ), ЖАО жеке тұлғалардан (тұрғындардан) түзілетін құрылыс және ірі көлемді қалдықтар үшін 12м2 кем емес аумақта арнайы жабындысымен қоршауы бар орынды ұйымдастыруы керек деп айтылған.
    3780-2022 – «Қалдықтар. Контейнерлерді орнату алаңдарына жалпы талаптар» стандартына сәйкес, коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдар тұрғын пункттерде (үй жайларының, мекемелердің, мәдени-жалпы мекемелердің, демалыс орындарының және т.б. аумақтарында) жеке тұлғалардан (тұрғындардан) түзілген құрылыс және ірікөлемді қалдықтарды жинайтын 12 м2 кем емес аумақ орындарып анықтап, қоршауды ұйымдастыруы керек.
    Жылжымайтын нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғалар құрылыс және ірікөлемді қалдықтарды арнайы орындарға өз бетінше шығаруы керек немесе қоқыс шығаратын ұйымдармен келісім шартқа отыруы керек.
    Ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын қалдық түзушілермен келісімге отырған мамандандырылған компаниялар оларды әкелгеннен кейінгі үш тәуліктен артық емес мерзімде шығару керек.
    Заңнамаға сәйкес ірі көлемді қалдықтарды жинауға арналған арнайы алаңдарда коммуналдық қалдықтардың құрамына кіретін, өзінің тұтынушылық қасиетін жойған, пайдаланылған тұтынушылық тауарлар мен қораптардың қалдықтарын жинау орындарын ұйымдастыруға тиым салынады.
    Шалқар ауданының жергілікті атқарушы органдары мұндай қалдықтардың полигонға түсуінің алдын-алу мақсатында тұрғындардан ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған арнайы орындарды ұйымдастыруы керек.
    Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау және кәдеге жарату
    Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтар (электрондық және электрлік жабдықтар, құрамында сынабы бар қалдықтар, батарейкалар, аккумляторлар және басқа да қауіпті компоненттер) бөлек жинақталып, қайта қалпына келтірілуі үшін мамандандырылған кәсіпорындарға берілуі керек (ҚР ЭК 365 бабы).
    ҚР ЭК талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар қауіпті қалдықтардың басқа категорияларымен қауіпті қалдықтардың немесе басқа қалдықтармен, заттармен, материалдармен араласуының алдын-алу үшін қажетті шараларды қабылдауы керек және коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасау бойынша инфрақұрылымды дамытуға жауапты болады.
    Құрамында сынабы бар қалдықтар (ҚСБҚ)
    Жергілікті атқарушы билік органдары аудан тұрғындардан ҚСБҚ жинау жүйесін ұйымдастыруы және мыналарды қамтамасыз етуі қажет:
    –тұрғындарда пайда болатын құрамында сынабы бар қалдықтарды жинау үшін орнатылатын арнайы әмбебап контейнерлерді орнатуды және оларға қызмет көрсетуді бақылау;
    – –кондоминиум нысандарын басқару органдарының қызметін бақылау және ұйымдастыру, олар арнайы әмбебап контейнерлерді сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге, контейнерге қызмет көрсететін мамандандырылған кәсіпорынмен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға, оларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, контейнерге бөгде заттарды сақтауға, контейнерге бөгде жарнамаларды, хабарландыруларды және т. б. жапсыруға жол бермеуге міндетті;
    – тұрғындар үшін үшін демеркуризациялау жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға және құрамында сынабы бар қалдықтарға арналған контейнерлерді жөндеуге (ауыстыруға) мамандандырылған кәсіпорындардың жұмыстарын сатып алу үшін қаражат бөлу жолымен халық арасында пайдалануда болған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін шамдарды қайта өңдеуді ұйымдастыру.
    ҚСБҚ үшін контейнерлерді жөндеу (алмастыру) және тұрғындар үшін демеркуризация бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруға мамандандырылған кәсіпорындардың жұмыстарын (қызметтерін) тарту үшін жергілікті атқарушы органдар конкурс (тендер) жүргізу керек (ҚР ЭК, «Мемлекеттік сатып алудар» туралы ҚР Заңы (4 бөлім), (коммуналдық қалдықтарды басқару ережелері. ҚР ЭГТРМ м. к. 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 Бұйрығы)).
    Қазіргі таңда, Шалқар ауданында ҚСБҚ жинауға арналған арнайы әмбебап контейнерлер жоқ. Әрбір контейнерлік алаңдарға ҚСБҚ арналған контейнерлерді орнату қажет. Одан басқа, жергілікті атқарушы органдар қалдықтарды бөлек жинаудың қажеттілігі мен артықшылығы туралы және осы мақсатта контейнерлердің орнатылғандығы туралы ақпараттық- түсіндірмелік жұмыстарды жүргізуі шарт.
    Электрондық және электрлік жабдық қалдықтары (ЭЭЖҚ)
    ЭЭЖҚ қауіпті қалдықтарға жатқызылады. Олардың құрамында кадмий, қорғасын, сурьма, сынап секілді уытты заттармен қосылыстар бар, олар адам денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс ықпал етеді.
    Тұрғындардан қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды жинау жүйесін ұйымдастыру келесідей шараларды қамтиды:
    - Батареялар, электронды және электр жабдықтары сияқты қауіпті тұрмыстық қалдықтарды жинайтын стационарлық немесе жылжымалы пункттер/пункттер құру. Қабылдау пункті көрсетілген тауарларды таратуды жүзеге асыратын сауда нүктелерінде құрылуы мүмкін..Қалдық ретінде қабылданатындар: тұрмыстық техника (теледидар, магнитофоны, электрлік ойыншықтар, үтіктер, батарейкалар, фен, тоңазытқышты қоса алғанда, асүй жабдықтары); офистік техника (компьютерлер және жабдықтауыштар, ұялы телефон, планшет, көшірме аппараттары, сканер, тонер).
    - қалдықтарды қабылдаудың ұйымдастырылған пункттері туралы халықты хабардар етуді және олармен қауіпсіз жұмыс істеуді насихаттауды қамтамасыз ету.
    - қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға арналған шығыстардың бір бөлігін жабу мақсатында, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілік операторының функцияларын жүзеге асыратын "Жасыл Даму" АҚ-мен ынтымақтастықты нығайту.
    Жергілікті атқарушы органдар электрондық қалдықтардың әсерінің қауіптілігі туралы және қалдықтарды жинау мен қайта өңдеудің қолданыстағы жүйесі туралы тұрғындармен ақпараттық жұмыстарды жүргізу қажет. ТҚҚ жалпы ағынымен полигондарға түскен электрондық және электрлік жабдық қалдықтарының маңызды салдарын тұрғындар әлі толық түсінбейді. Тұрғындарға пайдаланылған электрондық және электрлік жабдықтарды жинаудың қолданыстағы пункттері туралы ақпараттарды жеткізу керек.
    Заңды тұлғалардан қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау және қайта қалпына келтіру
    Қызметтің түріне қарамастан, заңды тұлғаларда пайда болатын қауіпті коммуналдық қалдықтарды бөлек жинап, мамандандырылған ұйымдарға (кәсіпорындарға) қалпына келтіруге беруі тиіс (ҚР ЭК 365 б).
    Жергілікті атқарушы билік органдары қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі қызметтерді көрсететін мамандандырылған кәсіпорындармен келісім-шартқа отыру қажеттілігі туралы аудандық заңды тұлғалармен (мемлекеттік мекеме, бюджеттік ұйымдар) түсіндірме жұмыс жүргізуі және осы үдерісті бақылауы қажет.
    Органикалық коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру және оларды қордаландыру арқылы қайта қалпына келтіру
    Органикалық қалдықтар – өсімдік және жануарлардың биоыдырайтын қалдықтары жатады.
    Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне 365-бабының талаптары: жергілікті атқарушы органдар органикалық қалдықтарды бөлек жинау және оларды пайдалану арқылы экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
    Биоыдырайтын қалдықтардан компост – органикалық тыңайтқыш алуға болады, оны энергия ретінде пайдалануға болады, ол қоршаған ортаны ластамайды және табиғи циклдің құрамдас бөлігі болып табылады.
    Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерінде (19т) аудандық, кенттік, ауылдық, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары тұрғындарға жеке тұрғын құрылысында (жеке сектор) органикалық қалдықтарды қордаландыру жөніндегі ақпараттық кампанияларды (хабарламаларды) жүргізуі қажет.
    Компосты алу технологиясының негізі компостау – қалдықтардың жедел бақыланып ыдырауы, нәтижесінлде биоорганикалық тыңайтқыш алынады. Сырт жағынан қарағанда, компост кәдімгі топыраққа ұқсас және әртүрлі салаларда пайдаланылуы мүмкін.
    Органикалық қалдықтарды қордаландыру үй жағдайында да, орталықтандырылған жүйеде де жүзеге асады. Үй шаруашылығында қордаландыруда қарапайым қордалау шұңқырын немесе арнайы қордаландырғыш аппараттарды пайдалануға болады. Түзілген компостты ауыл шаруашылық қажеттіліктеріне және егіс алаңдары үшін тыңайтқыш ретінде үй маңындағы учаскелерге және қалдықтарды уақытша көму орындарын рекультивациялауға пайдалануға болады.
    Мектептерде, асханаларда, ресторанда биоыдырайтын қалдықтардың үлкен бөлігі жинақталады және жанында қосалқы шаруашылығы бар болғандықтан, жекелей өз беттерінше қордаландыруды жүргізуге болады.
    Жергілікті атқарушы органдардың міндеттері заңды тұлғалар мен тұрғындар арасында компосты қолдану және органикалық тыңайтқыштарды пайдалану тәжірибесін насихаттау бойынша ақпараттық -түсіндірмелі жұмыстарды жүргізу болып табылады.
    4.4 Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту
    Шалқар ауданында коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу жүйесі жоқ.
    Ал Ақтөбе облысында ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату жақсы дамыған.
    Мысалы, Ақтөбе қаласында кәдеге жарату және қайта өңдеумен мына компаниялар айналысады: «Комби» ЖШС, « КазВторКонтракт» ЖШС, «ХХІ экологиялық технологиялар» ЖШС, Элит Холдинг, ЭкоВторТехРесурс, Таза Каргала, Актөбе Таза Қала ЖШС, Қайталама қағазды қайта өңдеу зауыты, Eko Sin company, "Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу бойынща Ақтөбе зауыты" ЖШС және т. б.
    Шалқар ауданының жергілікті атқарушы органдарының міндеті осындай облыстық қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл жасау, олармен қалдықтарды шығару, кәдеге жарату немесе қайта өңдеу бойынша келісімдер жасау болып табылады.
    Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және ұйымдастыру мүмкіндіктерін айқындау мақсатында аудан аумағында іс-әрекеттерін жүзеге асыратын барлық кәсіпорындармен және жергілікті бизнес-қауымдастық өкілдерімен өзара байланысуы керек.
    4.5 Қалдықтарды басқару бойынша, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинау саласындағы тұрғындардың қызығушылықтары мен мәдени деңгейін жоғарылату
    Қалдықтарды басқару үдерісі, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинауға деген қызығушылық тұрғындардың экологиялық ағартушылық деңгейіне байланысты.
    Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрі м.а., «Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерін бекіту туралы» (ары қарай – Ереже) 2021 жылғы 28 желтоқсанындағы №508 Бұйрығына сәйкес ауданның, облыстық және аудандық мәндегі қалалар, республикалық мәндегі қалалар, астана, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары жеке тұрғын құрылыстардағы (жеке сектор) органикалық қалдықтарды қордаландыруды ендіру және коммуналдық қалдық компоненттерін (қағаз, пластика, органикалық қалдықтар және басқалары) рұқсатсыз жағудың алдын-алу, қайталама ресурстарды (шикізатты) бөлек жинауды қоса алғанда коммуналдық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы тұрғындарға ақпараттық кампанияларды жүргізеді.
    Жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары БАҚ, теледидар тарапынан ақпараттық компанияларды, яғни, қалдықтардың теріс әсерінен қоршаған ортаны қорғау мәәселелеріне тұрғындардың қызығушылығын қалыптастыратын, қалдықтарды басқарудың экономикалық және экологиялық аспектілері туралы айтатын видеороликтерді құру, буклеттерді және басқа да ақпараттық материалдарды шығару және таратуды ұйымдастыру болып табылады. Оқу орындары арасында макулатураны жаппай жинау, конкурстарды, акцияларды жүргізу, мамандандырылған ұйымдармен тұрғындардан киімдерді, заттарды, тұрмыстық техниканы, батареяларды қабылдау тиімді болып табылады.
    Одан басқа, Шалқар ауданының әкімдігі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» (ары қарай Заң) Заң шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, соның бір бөлігі қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды жүргізуі қажет (5 бап).
    Осы Заңға сәйкес, үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасына (6-1б) енгізілген үкіметтік емес ұйымдар (ары қарай – ҮЕҰ) конкурстық таңдау арқылы коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасау бойынша тұрғындармен ақпараттық жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік гранттарды ұсынады.
    Грант алған ҮЕҰ тұрғындардың коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасауы бойынша ақпараттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оған келесідей қоғам топтары жатқызылады:
    - білім беру мекемелері: педагогикалық құрам, техникалық мамандар, оқушылар;
    - балабақша: тәрбиешілер мен балалар;
    - заңды тұлға: медициналық мекеме, мәдениет үйі, сауда орталықтары, дүкендер;
    - еріктілер, белсенділер тобы және ҮЕҰ;
    - жергілікті атқарушы орган қызметкерлері;
    - жұмыс істейтіндер және жұмыс істемейтіндер (үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер, балалар).
    Ақпараттық жұмыс жоспары мыналардан тұрады:
    - бекітілген тарифке сәйкес ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша қызметтерге ақы төлеу, жариялық келісімдерге отыру туралы тұрғындарды ақпараттандыру;
    - Қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері туралы жергілікті БАҚ жариялау; Жергілікті газеттер мен журналдарға қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу талаптарымен қалдықтарды басқарумен байланысты мәселелермен жұртшылықты таныстыруға бағытталған мақалаларды жариялау ұсынылады;
    - үйлерде тағамдық қалдықтарды қордаландыру туралы брошюроларды тарату;
    - жеке тұлғаларда (тұрғындар) түзілетін ҚСБҚ, ЭЭЖҚ, медициналық, құрылыстық және ірі көлемді қалдықтарды жинау үшін құрылған арнайы орындар туралы хабарлау;
    - пластик, шыны және макулатура үшін, бөлек жинау және үйдегі қалдықтарды сұрыптау тәртібін түсіндіретін мектептегі экологиялық акциялар;
    - коммуналдық қалдықтарды рұқсатсыз жағудың алдын-алу бойынша ақпараттандыру;
    - тұрғындардың экологиялық сапалы өмір сүруін қанағаттандыру деңгейін жоғарылату мақсатында жыл сайынғы әлеуметтік сауалнаманы жүргізу;
    -мектеп оқушыларын Орал қаласындағы ТҚҚ полигонымен таныстыру;
    - қалдықтарды басқару бойынша іс-әрекеттерді қоғамдық бақылау және насихаттау мақсатында еріктілер клубын құру.
    Жергілікті атқарушы билік органдары аудан тұрғындарымен ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды үйлестіріп, қоғамдық мекемелермен, ҮЕҰ тығыз байланыста жұмыс жасауы керек.
    5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР
    Шалқар ауданының қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын қаржыландыру көздері мыналар болуы мүмкін:
    - мемлекеттік және жергілікті бюджет құралдары;
    - тікелей шетелдік және отандық инвестициялар;
    - ӨКЖ операторымен қалдықтарды жинау және тасымалдау жүйесін субсидиялау;
    - халықаралық қаржылық экономикалық ұйымдар мен донор мемлекеттердің гранттары;
    - екінші деңгейлі банк несиелері және Қазақстан Республикасының заңдылығында тиым салынбаған басқа да көздер.
    ҚР ЭК 29 бабына сәйкес ұсынылған бағдарламаны жүзеге асыруға және болжамды табиғатты қорғау шараларын орындауға кеткен қаржылық шығындар бюджеттік құрал есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Мұндай механизм Бағдарламаны әзірлеу және бекіту жылдарында үш жыл ішінде жергілікті бюджетке түскен қоршаған ортаға теріс әсер ету төлемдерінен пайдалануға мүмкіндік береді.
    Осы бағдарламаны жүзеге асыруға алдын-ала жоспарланған қаржылық шығындар 194 млн теңгені құрайды (11-кесте).
    11-кесте – Шалқар ауданындағы қалдықтарды басқару бағдарламасын жүзеге асыруға алдын-ала жоспарланған қаржылық шығындар
    № р/н
    Іс-ша­ра­лар ата­уы
    Қа­жет­ті шы­ғын­дар, тең­ге
    1
    Қал­дық­тар­дың тү­зі­лу­ін және жи­нақ­та­луын қай­та қа­рау
    1 500 000
    2
    ТҚҚ жи­на­у­ға, та­сы­мал­да­у­ға, сұ­рып­та­у­ға және кө­му­ге та­риф­тер­ді есеп­теу және бе­кі­ту. Осы та­риф­тер­ді эко­но­ми­ка­лық негіз­де уа­қы­ты­лы қай­та қа­рау.
    2 000 000
    3
    3 да­на ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды жи­нау мен шы­ға­ру­ға ар­нал­ған ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кө­лік­тер­ді са­тып алу.
    120 000 000
    5
    Шал­қар қа­ла­сын­да­ғы ТҚҚ «құр­ғақ» және «ылғал­ды» фрак­ци­я­ла­ры­на ар­нал­ған кон­тей­нер­лер­ді са­тып алу және ор­на­ту (139 бірл.)
    12 510 000
    6
    Шал­қар қа­ла­сын­да­ғы кон­тей­нер­лік алаң­дар­ды та­лап­тар­ға сәй­кестен­ді­ру (23 КА)
    4 600 000
    7
    Шал­қар қа­ла­сын­да жа­ңа кон­тей­нер­лік алаң­дар­ды ұй­ым­да­сты­ру (101 КА)
    20 200 000
    8
    ІКҚ мен құ­ры­лыс қал­дық­та­рын ұсат­қы­шты са­тып алу
    10 000 000
    9
    Шал­ғай ор­на­лас­қан ауыл­дық округ­тер үшін қо­қыс ти­ей­тін пункт­тер­ді құ­ру
    20 000 000
    10
    Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­мен эко­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз жұ­мыс іс­теу үшін тұр­ғын­дар­дың ха­бар­дар­лы­ғын жо­ға­ры­ла­ту бой­ын­ша ҮЕҰ ара­сын­да мем­ле­кет­тік әле­умет­тік тап­сы­рыс алу кон­кур­ста­рын жүр­гі­зу
    4 000 000
    БАР­ЛЫ­ҒЫ:
    194 810 000
    Шалқар ауданында қалдықтарды басқару бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шараларға облыстық әкімдікпен үшжылдық жобада қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың типтік тізбегін негізге ала отырып, заңнама талаптарына сай әзірленетін Ақтөбе облысының қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарын қосу керек (ҚР ЭК – 4-қосымша).
    Қалдықтармен жұмыс жасау бойынша іс-шараларға жататындар:
    - кез-келген қалдықтардың, соның ішінде иесіз қалдықтарды жинау, тасымалдау, зарарсыздандыру және қайта өңдеу бойынша технологияларды ендіру;
    - зауыттар, цехтар, өндірістердің құрылысы, қайта жөндеу, қондырғыларды алу және пайдалану;
    - қалдықтардың кез-келген түрлерін жинауға арналған полигондар;
    - қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, сұрыптау, кәдеге жарату және көму;
    - Екінші материалдық ресурстарын жинау және қайта өңдеу;
    қалдықтардан пайдалы компоненттерді алумен байланысты шикізатты немесе дайын өнімді алу бойынша;
    - қалдықтарды орналастыру және түзілу көлемін төмендетуге бағытталған технологиялық үдерістерді және жабдықтарды қайта жөндеу, жаңғырту.
    6. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
    Осы бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін Шалқар ауданындағы қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылды (2-қосымша).
    Жоспарда қажетті іс-шаралар, оны жүзеге асыру және аяқтауға қажетті уақытша шектеулер, іс-шараны орындауға жауаптылар және талап етілетін ресурстар анықталған. Іс-шаралар міндеттері бойнша топтастырылған және қалдықтарды басқарудың ең тиімді үлгісін құруға бағытталған. Іс-шаралар жоспарында күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен Бағдарламадағы барлық жауапты орынадушылардың жұмыстарын үйлестіру және қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу мәселелері кешенді әдіспен қамтамасыз етілген.
    Мониторинг нәтижесінде қойылған мақсаттарға, мақсаттық көрсеткіштер мен міндеттерге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарына түзетулер енгізілуі мүмкін. Осы жағдайда, басқа іс-шаралар анықталады және мәселелік сұрақтарды шешу бойынша іс-шараларды қабылдайды.
    Жоспарды жүзеге асыруға жауапты мекеме және бағдарламаға тапсырыс беруші - «Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ және олар келесі қызметтерді жүзеге асырады:
    1) Бағдарламаның барлық орындаушыларын үйлестіре отырып, Шалқар ауданы аумағындағы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы міндеттерді шешуге бірыңғай орталықтандырылған кешенді әдісті қалыптастырып, қамтамасыз етеді;
    2) Бағдарламаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен субсидияны ұсыну бойынша Ақтөбе облысының атқарушы органдарымен өзара байланысады;
    3) Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ауданның ауылдық округтері әкімдіктерімен, жеке тұлғалармен, жеке кәсіпкерлермен өзара байланысады;
    4) Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыруға мониторинг жүргізеді, қоғамдық кеңес мәжілісінде талқылау үшін мониторинг нәтижелерін шығарады;
    5) Бағдарламаға сәйкес өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы негізделген ұсыныстар арқылы бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыруға қажетті қаржылық құралдарына, мақсаттық көрсеткіштеріне, іс-шараларына түзетулерді жүзеге асырады;
    6) Бағдарламаны жүзеге асыру шараларын тексеру барысына қатысады;
    7) Шалқар ауданы әкімдігінің ресми сайтына негізгі Бағдарламаны және бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру туралы ақпараттарды тіркейді.
    7. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МОНИТОРИНГІ
    Мониторинг коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаның (ҚББ) жүзеге асырылуын бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
    ҚББ жүзеге асуын бақылау коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты ЖАО бірінші басшысының орынбасарымен тұрақты түрде жүзеге асырылады.
    Мониторинг (бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау) ағымдық жағдайды жоспармен салыстыру үшін үздіксіз жүзеге асырылады. Мониторинг барысында жоспарланған іс-әрекетті және нақты мәліметтердің нәтижелері салыстырылады. Іс-шаралар мониторингі ресурстармен қаржыларды пайдалануды сонымен қатар аралық нәтижелерді қамтамасыз ету мен әрекетті жүзеге асыру қадағаланып отырады. Мониторинг нәтижелері бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
    Мониторинг нәтижелері бағдарламаны жүзеге асыру есебінде көрінеді. Есепте жүзеге асырылған шаралардың сипаттамасы, қол жеткізілген нәтижелер, жүзеге асыруға бағытталған қаржы құралдарының нақты көлемі, сонымен қатар, есепті кезеңдерде жоспарланған нәтижелердің болмауы және шаралардың орындалмау себептері көрінеді.
    Бағдарламаны жүзеге асыру мониторингі бойынша есептер барлық қызығушылық танытқан мүдделі тараптарға ұсынылады және Шалқар ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында жарияланады. Аралық есеп- жарты жылда бір рет, яғни ағымдық жылдың 15- маусымына дейін, жылдық есеп келесі жылдың 30-қаңтарына дейін. Жылдық есеп алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша жасалынады.
    8. КҮТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМ
    ҚББ көрсетілген іс-шаралар Шалқар ауданының тұрғындарының денсаулығына және қоршаған ортасына қалдықтардың теріс әсерін төмендетуге жағдайлар жасауға бағытталған.
    Бағдарламада алдын-ала қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыру аудандағы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мақсаттық көрсеткіштердің орындалуына мүмкіндік береді.
    Бағдарламаны жүзеге асыру үдерісінде келесі міндеттер орындалатын болады:
    - қалдықтарды басқару саласындағы қажетті инфрақұрылым құрылады: ТҚҚ жинау және шығару үшін арнайы көлік сатып алынады, контейнерлер сатып алынады және орнатылды, контейнерлік алаңдар салынады.
    - Қалдықтарды бөлек жинау енгізіледі: бөлек жинауға арналған контейнер орнатылады, қауіпті құрамдас қалдықтарды (ҚСБҚ, ЭЭЖҚ, медициналық) жинау үшін нүктелер анықталады.
    - ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша компаниялар анықталады.
    - коммуналдық қалдықтарды 100% жинау және шығаруға қол жеткізеді.
    - коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесі құрылады.
    - көмуге бағытталған қалдықтар көлемі азайтылады.
    - санитарлық, құрылыстық және экологиялық талаптарға жауап беретін ТҚҚ полигондары құрылады;
    - қалдықтарды уақытша сақтауға арналған алаңдар құрылады;
    - апатты үйінділер жойылады;
    - тұрғындардың қалдықтарды бөлек жинауға қызығушылықтары артады және қалдықтарды басқару мәселелері бойынша хабардарлығы жоғарылайды.
    Бағдарламаның негізгі экономикалық тиімі тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін төмендету мүмкіндігі және экологиялық қауіпті жағдайлардың алдын-алумен қорытындылады.
    Бағдарламаның әлеуметтік тиімі Шалқар аудандағы тұрғындардың экологиялық жағдайын сақтау және жақсарту болып табылады, бұл денсаулықты сақтауға, қоршаған ортаның ластағыш факторларының әсерінен туындайтын ауру қатерлерін төмендетуге мүмкіндік береді.

    1-қосымша

    Шалқар ауданында коммуналдық қалдықтарды жинаумен және шығарумен қамтуды жоғарылату үшін контейнерлер мен контейнерлік алаңдардың қажетті санын алдын-ала есептеу

    Шалқар қаласы үшін қалдықтардың түзілуінің бекітілген нормасы – бір адамға 1,78 м3 (орташа шама 1,6 – жайлы жабдықталған үйлер үшін, 1,96 – жайлы жабдықталмаған үйлер үшін).

    Басқа тұрғын пункттер үшін - жылына бір адамға 1,96 м3 (жайлы жабдықталмаған үйлер үшін).

    Контейнер көлемі - 1.1 м3

    Қалдықтарды шығарудың ұсынылатын сызбасы:

    Шалқар қаласындағы полигонға шығарылады: Шалқар қаласы, Шалқар а/о, Шетырғыз а/о, Жаңақоныс а/о.

    Мөңке би полигонына шығарылады: Мөңке би а/о, Қауылжар а/о, Біршоғыр а/о, Ақтоғай а\о.

    Бегімбет ауылындағы полигонға шығарылады: Айшуақ а/о. Е. Көтібарұлы а/о

    Бозой ауылындағы полигонға шығарылады: Бозой а/о

    Тоғыз ауылына шығарылады: Тоғыз а/о, Кішіқұм а/о.

    1. Күн сайынғы шығару: Шалкар қаласы, Жылтыр, Бегімбет, Бозой, Мөңке би, Тоғыз ауылдары.

    2. Апта сайынғы шығару: Ұлпан, Есет ата, Қотыртас, Актан батыр атындағы, Біршоғыр, Байқадам, Аққайтым, Қарашоқат, Қауылжыр, Қайдауыл, Жылан, Көпмола, Кеңдала ауылдары.

    3. Шалғай және тұрғыны аз ауылдардағы қоқыс тиеу пункттерінен айына бір рет шығару: Қорғанжар, Қаңбақты, Алабас, Сарсай, Қопасор, Ақеспе, Шоқысу, Қаратоғай, Тұмалыкөл, Талдықұм, Тасбұлақ ауылдары.

    Ауыл/қа­ла ата­уы
    Тұр­ғын­дар
    Ел­ді­ме­кен­де­гі тү­зі­лу, м3/жы­лы­на
    Ел­ді­ме­кен­де­гі тү­зі­лу, м3/кү­ніне
    Ел­ді­ме­кен­де­гі тү­зі­лу, м3/ап­та­сы­на
    Ап­та сай­ын шы­ғар­ған жағ­дай­да қа­жет­ті кон­тей­нер са­ны
    Кон­тей­нер­лік алаң­дар са­ны
    Күн сай­ын шы­ғар­ған жағ­дай­да­ғы қа­жет­ті кон­тей­нер са­ны
    Кон­тей­нер­лік алаң­дар са­ны
    Шы­ға­ра­тын по­ли­гон
    Күн сайын
    Шал­қар
    27979
    49802,6
    136,4
    955,1
    1736
    868
    248
    124
    Шал­қар
    Бе­гім­бет
    1439
    2820,4
    7,7
    54,1
    100
    50
    14
    7
    Бе­гім­бет
    Бо­зой
    2626
    5147,0
    14,1
    98,7
    180
    90
    26
    13
    Бо­зой
    Ші­лік­ті
    992
    1944,3
    5,33
    37,3
    68
    34
    10
    5
    То­ғыз
    То­ғыз
    427
    836,9
    2,29
    16,05
    30
    15
    4
    2
    То­ғыз
    Жы­л­тыр
    495
    970,2
    2,66
    18,6
    34
    17
    6
    3
    Шал­қар
    Апта сайын
    Есе­а­та
    137
    268,5
    0,74
    5,1
    10
    5
    2
    1
    Бе­гім­бет
    Қо­тыр­тас
    588
    1152,5
    3,16
    22,1
    40
    20
    6
    3
    Мөң­ке би
    Қаң­бақ­ты
    134
    262,6
    0,72
    5,04
    10
    5
    2
    1
    Бо­зой
    Бір­шо­ғыр
    1175
    2303,0
    6,3
    44,2
    80
    40
    12
    6
    Мөң­ке­би
    Бай­қа­дам
    636
    1246,6
    3,42
    23,9
    44
    22
    6
    3
    Шал­қар
    Ақ­қай­тым
    509
    997,6
    2,73
    19,1
    34
    17
    6
    3
    Шал­қар
    Қо­па­сор
    109
    213,6
    0,59
    4,1
    8
    4
    2
    1
    Шал­қар
    Қа­ра­шо­қат
    398
    780,1
    2,14
    15,0
    28
    14
    4
    2
    То­ғыз
    Қа­уы­л­жыр
    925
    1813,0
    4,97
    34,77
    64
    32
    10
    5
    Мөң­ке би
    Қай­да­уыл
    506
    991,8
    2,7
    19,0
    36
    18
    6
    3
    Мөң­ке би
    Ұл­пан
    53
    103,9
    0,28
    1,99
    4
    2
    2
    1
    Мөң­ке би
    Мөң­ке би
    1085
    2126,6
    5,83
    40,78
    74
    37
    12
    6
    Мөң­ке би
    Жы­лан
    149
    292,0
    0,8
    5,6
    10
    5
    2
    1
    То­ғыз
    Кө­п­мо­ла
    189
    370,4
    1,01
    7,1
    14
    7
    2
    1
    То­ғыз
    Кең­да­ла
    102
    199,9
    0,55
    3,83
    8
    4
    2
    1
    То­ғыз
    Айына бір рет
    Ақ­тан ба­тыр атын­да­ғы
    63
    121,6
    0,33
    2,33
    4
    2
    2
    1
    Мөң­ке би
    Қор­ған­жар
    92
    180,3
    0,49
    3,46
    6
    3
    2
    1
    Бо­зой
    Ала­бас
    155
    303,8
    0,83
    5,82
    10
    5
    2
    1
    Мөң­ке би
    Сар­сай
    248
    486,1
    1,33
    9,32
    18
    9
    2
    1
    Мөң­ке би
    Ақес­пе
    30
    58,8
    0,16
    1,13
    2
    1
    1
    0
    То­ғыз
    Шо­қы­су
    356
    697,8
    1,9
    13,38
    24
    12
    4
    2
    Мөң­ке би
    Та­сұ­лақ
    68
    133,3
    0,37
    2,56
    4
    2
    2
    1
    То­ғыз
    Тал­ды­құм
    46
    90,2
    0,25
    1,73
    4
    2
    2
    1
    Шал­қар
    Қа­ра­то­ғай
    462
    905,5
    2,48
    17,37
    32
    16
    6
    3
    Шал­қар
    Ту­ма­лы­көл
    186
    364,6
    1,0
    7.0
    8
    4
    2
    1
    Шал­қар

    2-қосымша

    Шалқар ауданының 2025-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыру шараларының жоспары

    № р\н
    Іс-ша­ра­лар ата­уы
    Аяқ­та­лу ны­са­ны
    Орын­дау мер­зі­мі
    Орын­да­у­ға жа­у­ап­ты­лар
    Қа­жет­ті шы­ғын, тең­ге
    Қар­жы­лан­ды­ру
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    Мақсаты – экологиялық заңнама талаптарына сәйкес, Шалқар ауданы аумағында коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру
    1-мақсат. Барлық тұрғын пункттерден коммуналдық қалдықтарды ұдайы шығаруды ұйымдастыру
    1.1
    Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды жи­нау және шы­ға­ру бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ту кесте­сі, шар­ты және тәр­ті­бі бе­кі­ті­л­ген ке­лі­сім-шар­тқа қол қоя оты­рып, бар­лық ауыл­дық округ­тер­де кон­курс (тен­дер) жүр­гі­зу тәр­ті­бі­мен ТҚҚ жи­най­тын және та­сы­мал­дай­тын ком­па­ни­я­ны анық­тау
    Ке­лі­сім-шарт
    2025-2026
    Аудан әкім­ді­гі
    -
    Та­лап ет­пей­ді
    1.2
    Қал­дық­тар­дың тү­зі­лу және жи­нақ­та­лу нор­ма­ла­рын қай­та қа­рау
    Аудан­дық мәс­ли­хат ше­ші­мі
    2027
    Аудан әкім­ді­гі
    1 500 000
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    1.3
    Тұр­ғын­дар­дың көз­қа­ра­сын ес­ке­ре оты­рып, бар­лық тұр­ғын пункт­тер­ден ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды шы­ға­ру кесте­сін әзір­леу және ке­лі­су
    Кесте
    2025-2026
    Аудан әкім­ді­гі, а/о әкім­дік­те­рі, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ком­па­ния
    -
    Та­лап ет­пей­ді
    1.4
    ТҚҚ жи­нау және та­сы­мал­дау қыз­мет­те­ріне бе­кі­ті­л­ген та­риф­тер бой­ын­ша ТҚҚ жи­на­удың ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­сін пай­да­ла­на­тын же­ке тұ­лға­лар­дан тө­лем жи­нау жүй­е­сін ұй­ым­да­сты­ру
    Аудан әкім­ді­гіне ақ­па­рат
    2025-2029
    ТҚҚ жи­на­уды және та­сы­мал­да­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ком­па­ния
    -
    Та­лап ет­пей­ді
    1.5
    ТҚҚ жи­на­у­ға, сұ­рып­та­у­ға, та­сы­мал­да­у­ға және кө­му­ге ар­нал­ған та­риф­тер­ді бе­кі­ту және есеп­теу. Эко­но­ми­ка­лық тұр­ғы­дан жүй­е­лі қай­та қа­рау
    Аудан­дық мәс­ли­хат ше­ші­мі
    2025, 2028
    Аудан әкім­ді­гі
    2 000 000
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    1.6
    Аудан әкім­ді­гі­нің сай­ты­на, ин­тер­нет-ре­сур­стар­ға бе­кі­ті­л­ген бағ­дар­ла­ма­ны жүк­теу
    Сайт­қа ҚББ ор­на­ла­сты­ру
    2025
    Аудан әкім­ді­гі
    -
    Та­лап ет­пей­ді
    1.7
    ҚББ жү­зе­ге асы­ру мо­ни­то­рин­гі
    Мо­ни­то­ринг нәти­же­ле­рі бой­ын­ша есеп­ті­лік
    Жы­лы­на 2 рет
    Аудан әкім­ді­гі
    -
    Та­лап ет­пей­ді
    2-міндет. Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету. ТҚҚ апатты үйінділерді жою.
    2.1
    Қал­дық­тар­ды кө­му орын­да­ры/ТҚҚ қол­да­ны­с­та­ғы по­ли­гон­да­ры­на бір­рет­тік/бі­ру­а­қы­ты­лы же­ңіл­де­ту ме­ха­низ­мі бой­ын­ша Шал­кар қ., Мон­ке Би, Ай­шу­ак, То­гыз, Бо­зой ауыл­да­рын­да қал­дық­тар­ды кө­му орын­да­рын рә­сім­деу
    Мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық экс­пер­ти­за­ның қор­тындысы
    2025-2026
    а/о әкім­дік­те­рі
    -
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    2.2
    Шал­ғай­да­ғы ауыл­дық округ­тер үшін қо­қыс ти­еу пункт­те­рін құ­ру
    Жер учас­ке­ле­рін бө­лу
    2027-2028
    а/о әкім­дік­те­рі
    20 000 000
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    2.3
    Ауыл­дық үй­ін­ді­лер­ді ке­зең­дік ре­куль­ти­ва­ци­я­лау және қал­пы­на кел­ті­ру
    Қа­был­дау ко­мис­си­я­сы­ның ак­ті­сі
    2027-2029
    а/о әкім­дік­те­рі
    Ре­куль­ти­ва­ция жос­па­ры әзір­лен­ген­нен кей­ін со­ма­сы есеп­те­ле­тін бо­ла­ды.
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    3-міндет. Қалдықтарды бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және қалыптастыру
    3.1
    Ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды жи­нау және шы­ға­ру­ға ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кө­лік­ті са­тып алу – 3 бір­лік
    Қа­был­дау және өт­кі­зу ак­ті­сі
    2025-2029
    Аудан әкім­ді­гі
    120 000 000
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    Об­лы­стық бюд­жет
    ӨКМ опе­ра­то­ры
    3.2
    Шал­қар қа­ла­сын­да­ғы «құр­ғақ» және «ыстық» ТҚҚ бө­лек жи­на­у­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер­ді са­тып алу және ор­на­ту (139 бірл)
    Қа­был­дау және өт­кі­зу ак­ті­сі
    2026
    2028
    Аудан әкім­ді­гі, а/о әкім­ді­гі
    12 510 000
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    3.3
    Құ­ра­мын­да қа­уіп­ті затта­ры бар қал­дық­тар­ды бө­лек жи­на­уды және қал­пы­на кел­ті­ру­ді ұй­ым­да­сты­ру
    Ке­лі­сім-шарт
    2025-2029
    Аудан әкім­ді­гі, а/о әкім­дік­те­рі
    -
    Же­ке ин­ве­сти­ци­я­лар
    3.4
    Ор­га­ни­ка­лық ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды бө­лек жи­на­уды ұй­ым­да­сты­ру және ком­по­стау ар­қы­лы қай­та қал­пы­на кел­ті­ру
    Есеп­ті­лік
    2025-2026
    Аудан әкім­ді­гі, а/о әкім­дік­те­рі ҮЕҰ
    -
    Биз­нес
    3.5
    Шал­қар қа­ла­сын­да­ғы кон­тей­нер­лік алаң­дар­ды та­лап­тар­ға сәй­кестен­ді­ру (23 КА)
    Қа­был­дау және өт­кі­зу ак­ті­сі
    2025
    Аудан әкім­ді­гі, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ком­па­ния
    4 600 000
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    3.6
    Шал­қар қа­ла­сын­да­ғы жа­ңа кон­тей­нер­лік алаң­дар­ды ұй­ым­да­сты­ру (101 КА)
    Қа­был­дау және өт­кі­зу ак­ті­сі
    2027
    Аудан әкім­ді­гі, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ком­па­ния
    20 200 000
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    3.7
    Ірі кө­лем­ді және құ­ры­лыс қал­дық­та­ры­на ар­нал­ған алаң­дар­ды анық­тау
    Әкім­дік­ке ақ­па­рат
    2025-2026
    Аудан әкім­ді­гі
    -
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    4-міндет. Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін жетілдіру
    4.1
    ЖАО жер­гі­лік­ті биз­нес-қа­уым­да­стық­пен аудан­да­ғы ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды қай­та өң­деу ны­сан­да­рын құ­ру­ға қызығ­у­шы­лық­та­ры мен мүм­кін­дік­те­рін анық­тау бой­ын­ша әре­кет­те­су
    Аудан әкім­ді­гіне ақ­па­рат
    2025-2026
    Аудан әкім­ді­гі, а/о әкім­дік­те­рі
    -
    Та­лап ет­пей­ді
    4.2
    Ақ­тө­бе об­лы­сын­да­ғы қал­дық­тар­ды қал­пы­на кел­ті­ру бой­ын­ша ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кә­сі­по­рын­дар­мен өза­ра бай­ла­ны­су, қал­дық­тар­ды қай­та өң­деу және кә­де­ге жа­ра­ту бой­ын­ша ке­лі­сім-шар­тқа оты­ру.
    Аудан әкім­ді­гіне ақ­па­рат
    2025-2026
    Аудан әкім­ді­гі, а/о әкім­дік­те­рі
    -
    Та­лап ет­пей­ді
    4.3
    ІКҚ мен құ­ры­лыс қал­дық­та­рын май­да­лай­тын ұсат­қыш са­тып алу
    Қа­был­дау-өт­кі­зу ак­ті­сі
    2028
    Аудан әкім­ді­гі
    10 000 000
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    5-міндет. Коммуналдық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинау саласындағы тұрғындардың мәдени деңгейін және қызығушылығын жоғарылату
    5.1
    Тұр­ғын­дар­дың ком­му­нал­дық қал­дық­тар­мен эко­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз жұ­мыс іс­теу ту­ра­лы ха­бар­дар­лы­ғын жо­ға­ры­ла­ту бой­ын­ша ҮЕҰ ара­сы­нан мем­ле­кет­тік әле­умет­тік тап­сы­рыс алу­ға кон­курс жүр­гі­зу
    ҮЕҰ мем­ле­кет­тік әле­умет­тік тап­сы­рыс ту­ра­лы ке­лі­сім-шарт
    2025
    2027
    Аудан әкім­ді­гі
    2 000 000
    2 000 000
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    5.2
    ТҚҚ бас­қа­ру бой­ын­ша тұр­ғын­дар­дың ха­бар­дар­лы­ғын және эко­ло­ги­я­лық мә­де­ни­е­тін жо­ға­ры­ла­ту: ақ­па­рат­тық кам­па­ни­я­лар, ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар мен ви­део­ро­лик­тер әзір­леу, тұр­ғын­дар­мен кез­де­су жүр­гі­зу, сен­бі­лік­тер, мек­теп оқу­шы­ла­ры ара­сын­да­ғы ерік­ті­лік клуб­тар­ды құ­ру, жер­гі­лік­ті БАҚ жа­ри­я­ла­ным­дар және т.б.
    Орын­дал­ған жұ­мыстар­дың ак­ті­сі
    2025-2029
    Аудан әкім­ді­гі, а\о әкім­дік­те­рі ҮЕҰ
    Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік тап­сы­рыс шең­бе­рін­де ҮЕҰ бө­лін­ген бюд­жет
    5.3
    Тұр­ғын­дар­да­ғы ки­ім, зат, тұр­мыстық тех­ни­ка, ба­та­ре­я­ны ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кә­сі­по­рын­дар­дың қа­был­да­уы, оқу бө­лім­де­рі ара­сын­да ма­ку­ла­ту­ра­ны жап­пай жи­нау үшін кон­кур­стар, ак­ци­я­лар жүр­гі­зу
    Есеп­ті­лік
    Тоқ­сан­да 1 рет
    Аудан әкім­ді­гі, а\о әкім­дік­те­рі
    Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік тап­сы­рыс шең­бе­рін­де ҮЕҰ бө­лін­ген бюд­жет
    *Қаржыландыру көздері бойынша қажетті шығындар мен шығыстар сомалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілуі мен нақтылануы ескеріле отырып түзетілетін болады.

    3-қосымша

    Шалқар қаласының қалдықтарға арналған контейнерлік алаңдар мен контейнерлердің, ТҚҚ үйінділердің жай-күйі

    Кон­тей­нер­лік алаң­да қат­ты жа­бын­ды тө­сел­ме­ген, екін­ші ши­кі­за­тқа ар­нал­ған кон­тей­нер­лер жоқ.
    Ұсы­ны­стар: Шал­қар қа­ла­сы­ның кон­тей­нер­лік алаң­да­рын «Өн­ді­ріс және тұ­ты­ну қал­дық­та­рын жи­на­у­ға, пай­да­ла­ну­ға, қол­да­ну­ға, за­лал­сыздан­ды­ру­ға, та­сы­мал­да­у­ға, сақ­та­у­ға және кө­му­ге қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар» бел­гі­лен­ген са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­лар­ға сәй­кес кел­ті­рі­луі ти­іс: - пе­ри­мет­рі бой­ын­ша, үш жа­ғы­нан алаң қат­ты кли­мат­тық өзге­рі­стер­ге және кор­ро­зи­я­ға тө­зім­ді қат­ты ма­те­ри­ал­мен қор­ша­ла­ды;
    - алаң­ның төр­тін­ші жа­ғы кон­тей­нер­лер­ге қыз­мет көр­се­ту­ге, бас­қа­ру­шы, қыз­мет көр­се­ту­ші ұй­ым мен ха­лық үшін ер­кін қал­дық­тар­ды жи­на­у­ға, кө­лік үшін кі­ре­тін жол­дар­дың бо­луы­на қыз­мет ете­ді;
    -ша­тыр - қат­ты кли­мат­тық өзге­рі­стер­ге және кор­ро­зи­я­ға тө­зім­ді қат­ты ма­те­ри­ал­дан жа­са­луы ке­рек.
    Кон­тей­нер­лік алаң­да­ғы тор­лы кон­тей­нер­лер.
    Ұсы­ны­стар: қал­дық­тар­ды бө­лек жи­на­у­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер әр­бір кон­тей­нер­лік алаң­да ор­на­ты­луы ке­рек.
    Кон­тей­нер алаң­да­ры­ның жа­нын­да­ғы құ­ры­лыс қал­дық­та­ры. Құ­ры­лыс және ірі кө­лем­ді қал­дық­тар­ды уа­қыт­ша жи­нақ­та­у­ға ар­нал­ған орын­дар­дың бол­мауы.
    Ұсы­ны­стар: Шал­қар қа­ла­сын­да ірі кө­лем­ді және құ­ры­лыс қал­дық­та­рын жи­най­тын орын­да­рын ұй­ым­да­сты­ру.
    Ескі, тат­тан­ған, май­ы­с­қан, тех­ни­ка­лық бұ­зы­л­ған, аз кө­лем­ді кон­тей­нер­лер пай­да­ла­ны­ла­ды. Кон­тей­нер алаң­да­рын­да ша­тыр жоқ.
    Ұсы­ны­стар: СТ 3780-2022 Қал­дық­тар. Алаң­дар­да қал­дық­тар­ды бө­лек жи­нау үшін кон­тей­нер құ­ра­мын, ком­му­нал­дық қал­дық­тар­ды бө­лек жи­на­уды ұй­ым­да­сты­ру үшін кон­тей­нер­лер­ді ор­на­ту алаң­да­ры­на жал­пы та­лап­тар­ға сәй­кес, «құр­ғақ» және «ылғал­ды» фрак­ци­я­лар­ға ар­нал­ған 1,1 м3 кө­лем­де­гі кон­тей­нер­лер­ді са­тып алу және ор­на­ту ке­рек:
    -Элек­трон­дық қал­дық­тар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер;
    -ҚСБ қал­дық­тар­ды жи­на­у­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер;
    -Қа­ғаз және кар­тон қал­дық­та­ры­на ар­нал­ған кон­тей­нер­лер;
    -Ба­та­рея қал­дық­та­ры­на ар­нал­ған кон­тей­нер­лер;
    -Та­ғам қал­дық­та­ры­на ар­нал­ған кон­тей­нер­лер;
    -Шы­ны­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер;
    -Пла­стик қал­дық­та­ры­на ар­нал­ған кон­тей­нер­лер.
    Де­ген­мен, бар­лық түр­лер­ге ар­нал­ған кон­тей­нер­лер­ді ор­на­ту мүм­кін­ді­гі бол­ма­ған жағ­дай­да, қа­уіп­ті қал­дық­тар­ға со­ның ішін­де ҚСБҚ ар­нал­ған кон­тей­нер­лер­ді алып та­с­та­ған­да­ғы, «құр­ғақ» және «ылғал­ды» фрак­ци­я­лар үшін кон­тей­нер­лер ор­на­ту­ға рұқ­сат бе­рі­ле­ді.
    Шал­қар ауда­нын­да қал­дық­тар­ды бө­лек жи­на­уды ұй­ым­да­сты­ру үшін әр­бір кон­тей­нер­лік алаң­дар­ға қал­дық­тар­ды (құр­ғақ және ыстық фра­ки­ця­лар) бө­лек жи­на­у­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер­ді 2-ден (кем де­ген­де) ор­на­ту ке­рек.
    Шал­қар қа­ла­сын­да­ғы по­ли­гон­ға кі­рер жол.
    По­ли­гон ау­ма­ғы қор­шал­ған, жа­рық­тан­ды­ру бар.
    Ұсы­ныс: по­ли­гон­ды заң­на­ма та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ті­ру: ҚР ЭК (25 б) «Өн­ді­ріс және тұ­ты­ну қал­дық­та­рын жи­на­у­ға, пай­да­ла­ну­ға, қол­да­ну­ға, за­рар­сыздан­ды­ру­ға, та­сы­мал­да­у­ға, сақ­та­у­ға және кө­му­ге са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар» са­ни­тар­лық қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы (ҚР ден­са­улық сақ­тау Ми­ни­стрі­нің м.а., 2020 жы­л­ғы 25 жел­тоқ­сан­да­ғы №
    № ҚР ДСМ-331/2020 Бұй­ры­ғы); ҚР СТ 3696-2020. Аз қу­ат­ты тұр­мыстық қат­ты қал­дық­тар­ға ар­нал­ған по­ли­гон. Та­лап­тар. ҚР СН 1.04-15-2013 Тұр­мыстық қат­ты қал­дық­тар­ға ар­нал­ған по­ли­гон.
    Шал­қар ауда­нын­да­ғы по­ли­гон­да­ғы та­ра­зы. Та­ра­зы жұ­мыс жа­са­май­ды.
    Ұсы­ныс: по­ли­гон­ды заң­на­ма та­лап­та­ры­на сәй­кес жаб­дық­тау ке­рек.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.