Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 наурыз 2015 ж.

    Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы

    Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 40-бабының 1-тармағына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Алматы қаласы мәслихатының төмендегі шешімдерінің қолданылуы 2015 жылдың 1 қазанына дейін тоқтатылсын:

    1) ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 120 «Алматы қаласында сумен қамту және канализацияның инженерлік коммуникация жүйелерін күтіп ұстау ережесін бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 784 тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2008 жылғы 28 тамызда жарияланған);

    2) IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІІ сессиясының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 318 «ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі ХІ сессиясының Алматы қаласында сумен қамту және канализацияның инженерлік коммуникация жүйелерін күтіп ұстау ережесін бекіту туралы № 120 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 845 тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2010 жылғы 22 мамырда жарияланған).

    2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты:

    1) осы шешімді қабылдау туралы бір апталық мерзімде әділет органдарына хабарласын;

    2) интернет-ресурсты қоса алғанда, ресми баспа басылымдарда осы шешімді жариялау бойынша шаралар қабылдасын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.С. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Шормановқа (келісім бойынша) жүктелсін.

    V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXVІІ сессиясының төрағасы

    Ф. Константинов

    V сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы

    Қ. Қазанбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.