Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 92 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 желтоқсан 2024 ж.

    Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 92 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 92 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы

    Б.Шингисов

    Ұлытау облыстық мәслихатының

    XXIII сессиясының

    2024 жылғы 18 желтоқсандағы

    №216 шешіміне қосымша

    Ұлытау облыстық мәслихатының

    XIV сессиясының

    2024 жылғы 10 мамырдағы

    №131 шешіміне қосымша

    Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша тізбесі

    1. «Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы» - «Этеплирсен» препараты;

    2. «Муковисцидоз» - «Тобрамицин» препараты;

    3. «Өкпе артериялық гипертензиясы ересектер» - «Силденафил» препараты;

    4. «Өкпе артериялық гипертензиясы ересектер» - «Риоцигуат» препараты;

    5. «Кәмелетке толмаған идиопатиялық артрит» - «Голимумаб», «Адалимумаб» препараты;

    6. «Бехтерев ауруы» - Инфликсимаб препараты;

    7. «Созылмалы идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура» - «иммуноглобулин G (адамның қалыпты)» препараты;

    8. «Жүрекшелердің созылмалы фибрилляциясы (атриальды фибрилляция)» - «Ривароксабан» препараты;

    9. «Төменгі аяқ артерияларының атеросклерозын облитерациялау» - ривароксабан препараты;

    10. «Жүйелік склеродерма» - «Метилпреднизолон» препараты;

    11. «Ревматоидты артрит» - «Адалимумаб» препараты;

    12. «Басқа нақтыланған жүйелік зақымдану» - «Анакинра» препараты;

    13. «Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы» - «Олодотерол» препараты;

    14. «Ойық жаралы колит» - «Адалимумаб» препараты;

    15. «Артропиялық псориаз» - Гуселькумаб препараты;

    16. Кәмелетке толмаған балалардың идиопатиялық артриті- голимумаб; Тоцилизумаб тері астына енгізуге арналған ерітінді.

    17. Шашыраңқы склероз –Кладрибин, Сипонимод препараттары.

    18. Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну –С1- плазма негізіндегі ингибитор препараттары.

    19. Оптикомиелит (Девик ауруы) - Сатрализумаб тері астына енгізуге арналған ерітінді.

    20. Гипогликемияның басқа түрлері- Ланреотид бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінділер.

    21. Оптиконевромиелит (девик ауруы)- Ритуксимаб инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат.

    22. Тұқым құалайтын қуық нейрофибромасы – Селуметиниб таблеткалар.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.