Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 желтоқсан 2024 ж.

    Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.

    2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2021 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2021 жылғы 19 наурыздағы №3-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6861 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

    4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    М. Мукаев

    Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

    2024 жылғы 13 желтоқсандағы

    № 16-3

    шешіміне қосымша

    Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

    Арнаулы су пайдаланудың түрі
    Өлшем бірлігі
    Төлем мөлшерлемелері (теңге)
    1
    Тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтер
    1000 текше метр
    231,05
    2
    Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде
    1000 текше метр
    661,06
    3
    Ауыл шаруашылығы
    1000 текше метр
    186,12
    4
    Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
    1000 текше метр
    179,71
    5
    Су көлігі
    1000 тонна километр
    22,46

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.