Целиноград ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № А-3/442 «Целиноград ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 желтоқсан 2024 ж.

    Целиноград ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № А-3/442 «Целиноград ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Целиноград ауданы әкімдігінің «Целиноград ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № А-3/442 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26474 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

    ««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Целиноград ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Д.Сабырғали

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.