Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы «Ақтоғай ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» № 34/5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 желтоқсан 2024 ж.

    Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы «Ақтоғай ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» № 34/5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Ақтоғай аудандық мәслихаты «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 маусымдағы «Ақтоғай ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023 – 2024 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы» № 34/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183414 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы

    Ж. Ташенев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.