«Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» мәслихаттың 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 155 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» мәслихаттың 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 155 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» мәслихаттың 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 155 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29878 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы

    О. Байгабулов

    Мәслихаттың

    2024 жылғы 13 желтоқсандағы

    № 137 шешіміне

    қосымша

    Мәслихаттың

    2022 жылғы 26 қыркүйектегі

    № 155 шешіміне

    қосымша

    Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

    Атауы
    Есептік бірлік
    Теңге
    (Қосылған құн салығысыз)
    Жайлы үйлер
    айына 1 тұрғыннан
    619,64
    Жайлы емес үйлер
    739,05
    Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф
    1 м3
    3872,75

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.