Бурабай ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 31, 37-баптарына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Бурабай ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі
А.Садыков
Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы
М.Нурпанова
Бірлескен Бурабай ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 6 желтоқсандағы
№ a-12/493
қаулысына
және Бурабай аудандық мәслихатының
2024 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 8С-25/1
шешіміне
қосымша
Бурабай ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері
|
Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар
|
Оның ішінде
|
||
|
егістік
|
шабындықтар
|
жайылымдар
|
|
|
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін
|
|||
|
2705
|
1650
|
12
|
1043
|
|
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін
|
|||
|
18000
|
11000
|
50
|
6950
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.